Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде


б.б. Ислам ғалымдарының көзқарасы бойынша Дін



бет6/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
Діндер тарихы

б.б. Ислам ғалымдарының көзқарасы бойынша Дін


Ислам ғалымдары дінге әртүрлі анықтама берсе де бұл анықтамалардың бір-біріне өте жақындығы көңіл аудартарлық. Бұлардың бірнешеуіне мысал келтірейік.
Сайд Шәріп Жұрханидың (816/1413 ж.ө.) «Тағрифат» атты еңбегінде дінге былайша анықтама берілген: «Дін дегеніміз – ақыл иелерін пайғамбардың әкелген нәрселерін қабыл етуге шақыратын тәңірлік заң». (5)
Бұл анықтаманың мағынасын одан әрі нақтылай түсетін тағы бір анықтама бар: «Дін дегеніміз – ақыл иесі – адамға ерікті түрде қайырлы нәрселерге жөн сілтейтін тәңірлік заң. Яғни ол – Ұлы Аллаһтың қайырлы нәрселерге, мәңгілік бақытқа жету жолындағы құлдарына уағыздаған заңдары». (6)
Тағы бір анықтама: «Дін, ақыл иелерін өз қалауларымен осы өмірде туралыққа, ақыретте азаптан құтылуға шақырады» (7) (Таха-Нәби)
Бұл соңғы анықтама діндар бірінің дүниеде және ақыретте бақытты болатындығын түсіндіру. Жоғарыда аталып өткен бұл үш анықтама бір-біріне өте жақын мағынаны қамтиды. Бұл анықтамаларға үңілер болсақ Ислам бойынша дін; ақыл иесі саналы адамдарды, өз қалауларымен қайырлы болған нәрселерге жетелейтін Тәңірлік заң. Дін пайғамбарлардың уахи және илхамға сүйене отырып халыққа жеткізген нәрселерінің топтамасы. Дін адамзаттың кемеліне толысып жету үшін ұстана алатын ең тура жол. Дінді тек қана Аллаһ жібереді. Ешқандай адам, тіпті пайғамбарлар да иләһи дінді ортаға қоя алмайды. Пайғамбарлардың міндеті тек қана жеткізу (8). Дін адамзат үшін. Дін арқылы олар табысқа жетеді. Өйткені дін, ақылды, саналы адамдарға жақсылық пен жамандықты үйретеді; оларды өз қалауларымен жақсы істер жасауға, жамандықтардан ұзақ жүруге шақырады.

2. Тарих


Тарих, араб тілінің сөзі болумен қатар, ортақ семит тілдері «у-р-х» түбірінен шыққан. Бұған қарағанымызда тарих «ай» -дың анықтамасы. Бұл термин бір жағынан болып өткен істің, тарихи оқиғаның мерзімін анықтап белгілеу, екінші жағынан бұл оқиғаның болған сәтін, уақыт кезеңін, хронологиясын баян етеді. Тұспалдап бір оқиғаның күнін, айын және жылын білдіру үшінде тарих сөзі қолданылуда.
Сөздік мағынасынан бөлек «тарих» бір ғылым саласының аты. Сондықтан тарих, қоғамдарға, халықтарға ықпал еткен оқиғаларды уақыт пен жерді көрсете отырып түсіндіретін, бұл оқиғалардың себеп-салдарының байланысын үйрететін ілім саласы. Өткенімізді болғанындай етіп баяндайтын бұл білім саласы адамдардың өмір сүруі мен мәдениет саласын да қамтыған. Мұнымен қатар тарих, ұлттық сана-сезімнің, ұлттық бірліктің түп негізі болып есептеледі.
Бір білім саласы ретінде тарихты сипаттайтын түрлі анықтамалар бар. Г. Монод, тарихты «Адамзат әрекеті мен түсініктерінің бір-бірінің ізімен жүруі, дамуы және шежіреге айналуы тұрғысынан пайда болған оқиғалар жиынтығы» деп анықтама берген.
Өз басына дамыған ешқандай білім саласы жоқ. Әрбір білім саласының басқа білім салаларымен жан-жақты байланысы бар. Тарихтың археология, жағрафия, әлеуметтану, философия, құқық, экономика секілді білім салаларымен өзара байланысы бар. Тарихтың философиямен байланысынан тарих философиясы пайда болғанындай, философияның да тарихы бар (Философия тарихы). Құқық, медицина, экономиканың тарихы болғаны секілді (құқық тарихы, медицина тарихы, экономика тарихы) діннің, діндердің де тарихы бар. Бір білім саласы ретінде бұл сала діндер тарихы деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет