Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет4/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
Діндер тарихы

б.ә. Ислами түсінікте дін ұғымы


Араб тіліндегі «дін» сөзінің түбіріне қатысты әртүрлі көзқарастар айтылған. Бұл сөздің арамей-иврит тіліндегі бір түбірден шыққандығы, Орта Ираннан алынғандығы, негізі арабша екендігі талқылануда, бірақ нақты бір тоқтамға келген жоқ. Көпше түрі «Әдиан» ретінде келетін бұл сөз мына мағыналарға келеді: жаза, сый, үкім, есеп, итағат, мойынсыну, ғибадат, шариғат, әдет-ғұрып, хал-ахуал, заң, жол, мәзһәб.
Мұнымен қатар қарыздану, қарыз алу мағынасындағы «дәйн» сөзі де «дәнә-иәдиину» түбірінен шыққан.
Араб тіліндегі «дін» түбірінен шыққан сөздердің қандай мағыналарға келетіндігіне төмендегідей өрнектер берілді.
1. Жаза, сый, үкім, есеп. Бір араб мақалында «кәмә тәдину тудану» (іздегеніңді табарсың, не ексең соны орасың) делінеді. Бұл жерде дін сөзі жаза, сыйлық, ақысы мағынасында қолданылуда. Фатиха сүресіндегі «Мәәлики иаумиддиин» (дін күннің иесі) аятында да «дін» сөзі жаза, есеп мағынасында.
2. Бағыну, мойынсыну, берілу, қызмет, ғибадат. Арабтар арасында итағат, мойынсыну мағынасында «Динтәһум фәдәәну» (олардан басым түстің, олар саған мойынсынуда) қызмет мағынасында «Динтә-р рәжулә» (Адамға қызмет еттің) деп айтылады. Бақара сүресінің 132 аятындағы «Инналлаһастафа ләку-муддина» (Аллаһ сіздер үшін дін таңдады деп қолданылуында) «дін» сөзі «шариғат, бағыну, мойынсыну, ғибадат мағынасында берілген.
3. Басым түсу, билік жүргізу, мәжбүрлеу: Араб тілінде «Дәәнән нәәс» (Адамдарды мойынсынуға мәжбүрледі) «Динтәл қаума» (қауымға басым түстің, құлдыққа салдың) секілді мысалдарда «дін» мойынсынуға мәжбүрлеу, мағыналарында қолданылған. Нахл сүресінің 52 аятында «Уә ләһу мәә фиссәмәәуәти уә арди уә ләһу-д дину уәсибәә» «Көктерде және жерде болған нәрселер Оның иелігінде. Ұдайы құлшылық Аллаһқа тән», деген сөзде «дін» билік, мойынсыну мағынасында.
Айрықша арабшада әкім, қаһарлы, билік жүргізуші, есепке алған, жазаландырылған мағынасында «дәййән» сөзі де қолданылуда. (сөздіктерде бұл сөздің Аллаһтың есімі екндігі де жазылған.) Хз. Мұхаммед (с.а.у.) ға бірде «Иәә сәйидун нәәси уә дәййәнул Араб» (Уа! адамдардың мырзасы, арабтардың билеушісі) деп айтылғандығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет