Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет3/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
Діндер тарихы

б. Діннің анықтамасы


Төменде діндер тарихын зерттеушілерінің діннің анықтамасы жайында көзқарастары кейін Исламдағы дін анықтамасына тоқталамыз.

б.а. Діндер тарихын зерттеушілердің көзқарасы бойынша дін


Діннің жүздеген анықтамасы бар. Діннің анықтамасы бір кітап боларлықтай көп. Түрлі ғылым тармақтарының ғалымдары өзінің түсінігіне сай дінге анықтама берген. Бұл анықтамалардың ешқайсысы бір байламға келмеген. Дін жан-жақты білім саласы. Сондықтан әрбір ғалым діннің бір жағына баса назар аудара отырып анықтама берген. «Дін адамның мәңгілікті түсінуін нығайтатын, ақыл-ойға жол бермейтін бір қабілет» Макс Мюллер.
«Дін, абсолюттік мойынсұну сезімінен құралады» Шлаейермахер.
«Дін, дағдыланған іс-әректтерімізді еркін орындауға кедергі келтіретін тыйымдардың жинағы» Салмон Рейна (S.Reinach).
«Дін бір сенімдер, жүріс-тұрыстар және әлеуметтік өмірдің белгілі шарттарына сәйкес жинақталған қоғамдардың жүйесі» Тиллих.
«Дін әрдайым өмір иесі бір тәңірге, яғни бір иләһи түсінік пен қалаудың әлемді билейтініне және адамзатқа байланысты этикалық қарым-қатынастардың құдіретінде екендігіне сену» Жеймс Мартино (J. Martipeau)
«Дін бір жамағаттың ортаға шығуын қамтамасыз ететін діни салт және сенімдер жүйесі» Э. Дюркгейм. Бұл анықтамаларда дін: қастерлі ұғымды, сенім, ақыл мен құндылықтар ұғымы және Тәңір секілді мәселелерге баса назар аударған. Бұл анықтамалар діннің бір жағына ғана баса назар аудара отырып жасалынғандықтан, барлығы да құптаған бір анықтама жоқ. Бұл анықтамалардағы үйлеспеушілік, бір жағынан дін мәселесінің шиеленісуінен, тағы бір жағы бұл анықтамаларды берген кісілердің субьективтік көзқарасы түйсік және өмірлік пікірлер, сонымен қатар өмір сүрген орталарының жалпы жағдайына қарай туындаған. Діннің нақты түсіндірілуі яғни барлық діндерді қамтитын анықтамасы тек қана дін терминінің шекарасы белгілі болғанда ғана жасалады. Сондықтан да дін ғылымдары тұрғысынан «дін» болуы үшін мына нәрселер қажетті: 1. Адамзаттан жоғары бір күштерге сенім (тәңірлер, періштелер, жындар т.б.) 2. Қасиетті болып, болмағандығын белгілейтін мәселелер. 3. Ғибадат, діни құлшылық және рәсімдер. 4. Иләһи бір қайнары бар қасиетті кітаптар-мәтіндер, ауызекі келген салт-дәстүрлер, мінез-құлыққа қатысты (ахлақи) заңнамалар. 5. Табиғаттан, адамнан жоғары бір күштерге қатысты діни сезімдер (қорқу, сыр, сенім, күнәһарлық, сыйыну, тәуелділік, тәубе т.б. 6. Адамзаттан тыс күштермен байланыс (уахи, илхам, пайғамбар, дұға, жалбарыну т.б.) 7. Бір әлем мен адам көзқарасы, өмір мен өлімнен кейінгі сенімі. 8. Өмір жүйесі. 9. Жамағат. 10. Түп нұсқасының болуы, жасанды болмауы. 11. Саяси мақсатпен немесе пайда табу мақсатында құрылмаған болуы, кіршіксіз таза бір жаратылысқа ие болуы тиіс.
Жоғарыдағы мәселелерді қортындылар болсақ, жалпы бір дінде мына нәрселер болады. Тәңір түсінігі, сенім, ғибадат, ахлақ, қасиетті кітап, уахи-ихлам, пайғамбар, құрушы және жамағат. Бұл нәрселерге қарай отырып діндер тарихы тұрғысынан дінге мынадай анықтама беріледі. «Дін бір жамағаттың болуы, қасиетті кітап, пайғамбар немесе құрушы, Тәңір ұғымы бар сенім жүйесі және бұл жүйеге қатысты жасалатын құлшылық, орындауға талпынатын этикалық құралдар жиынтығы»
Қысқаша айтар болсақ діннің анықтамасы. Сенім мен іс-әрекет түрлері және адамдар арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіретін, сонымен адамдардың ізгі істер жасауын, бейбітшілік пен тыныштық ішінде, бір жерде өмір сүруін қамтамасыз ететін құралдар жиынтығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет