Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет37/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   126
Діндер тарихы

Құран Кәрім бойынша Забур


Забур Хз. Дәуіт (а.с.)-ға Аллаһ тарапынан берілген төрт үлкен кітаптың бірі. Таурат одан кейін жіберілген (111). Құран Кәрімде Забур сөзі үш жерде кездеседі. Құранда «зубур» сөзі де бар. Бұл сөз сухуфтарды да қамтитын жалпы кітап мағынасына келетін «зәбур» сөзінің көпше түрі.
Забур берілген Дәуіт (а.с.) Құран Кәрімде 16 жерде түрлі себептермен мадақталады. Хз. Дәуіт, Хз. Мұхаммед (с.а.у.) жағынан үмметіне үлгі ретінде көрсетілген. Ол Аллаһқа бет бұрған бірі еді. Дәуіт (а.с.)-ға пайғамбарлық, білім, шешендік, әдемі дауыс, даналық, сыр, темірден сауыт жасау, дүние-мүлік берілді және жер жүзіне халифа қылды. Аллаһты тәсбих ету үшін тау-тас пен құстар оның билігіне берілді (112).
Забур жайында Құранда Таурат пен Інжілдегідей мәлімет кездеспейді, тек қана Хз. Дәуітке (а.с.)-ға берілгендігіне тоқталады. Хз. Дәуіт (а.с.) жайында яхуди киелі кітаптарында кездесетін әйел оқиғасы Құранда жоқ. Жалпы яхуди салт-дәстүрінде өте маңызды болса да Дәуіт (а.с.) бір патша, Исламда патша әрі пайғамбар. Пайғамбарлар күнә істемейді.

в. Талмұт


Алдын айтып өткеніміздей яхудилердің киелі кітап жинақтарының Танах және Талмұт түрінде екіге бөлінетінен сөз қозғағанбыз. Бұл жинақтың жазылмаған екінші бөліміне, яғни ауызша дәстүр Талмұт деп аталады. Талмұт «үйрету» мағынасына келеді әрі Таураттың жорамалы. Алдыңғы уақытта бұл жорамалдар ауызша жасалған. Уақыт өте келе есте сақтай алмайтындай дәрежеде тақырыптардың көбейуі және Таурат пен тәпсіріне тиым салынуы яхуди дінінің келешегіне қауіп төндірді. Бұл жайларға көңіл аударған яхуди ғалымдары (раввиндер) ауызша Тауратты қағаз бетіне түсірді. Бұл жазылған мәтін Талмұт деп аталады.
Талмұт еврейлерде Таурат сияқты маңызды. Оның да илхам мен уахидан бастау алғандығы қабыл етіледі. Жалпы еврейлерде Талмұтты қабыл етпеген адам еврейлер бойынша шынайы еврей болып есептелмейді.
Талмұт екі бөлімнен тұрады. Мишна және Гемара. Мишна (қайталайды, үйрету мағынасына келеді), иудаизмнің діни, этикалық қағидаларын түсіндіруден тұрады. Ол ивритше. Б.э. 190-200 жылдар арасында яхуди попы (135-220) тарапынан жинақталған. Гемара (соңғы рет қаралған, дәстүр халіне келген «үйрету» (үйренілген мағынасында) болса Мишнаның түсіндірілуі және бұлардың бір негізге байланыстырылуы үшін Раввиндердің пікірталастарын қамтиды. Гемара яхуди дін ғалымдарының ахлақ үйретуін мысалдармен жандандырады, ахлақи, құқықтық, философиялық және социологиялық тақырыптарды кең көлемде тілге тиек етеді. Гемараның екі бөлек болжамы бар. Вавилон мен Құдыс Гемарасы. Вавилонда жасалғаны Вавилон Талмұты, Құдыстағысы Құдыс Талмұты деп аталады. Әдебиеттерде Вавилон және Құдыс Гемарасы түрінде болғаны сияқты (Вавилон Гемарасының тілі шығыс арамей, екіншісі батыс арамей тілінде) Вавилон мен Құдыс Талмұт түрінде кездеседі. Құдыс Талмұтының жиналуы б.э. ІV. Вавилон Талмұты VІІ ғасырға дейін жалғасқан. Вавилон Талмұты, Құдыс Талмұтына қарағанда өте ұзақ, нақты пікірлерді қамтиды. Басқа-басқа уақыттарда, түрлі жағдайларда Талмұт тәпсір етілген және түсіндірілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет