1. Лао-Цзының өмірі (туғ.ж. б.з.д. 604-570)
Қытай философы әрі даоцизмнің негізін салған Лао-Цзының өмірі туралы жеткілікті мәлімет жоқ. Оның өмір тарихын б.з.д. 100 жылдары Сеу-Ма циен жазып қалдырды. Ол бізге қытайдың бір тарихы болып есептелетін «Че Ки» арқылы таныс. Лао-Цзы Хонанда туылған дейді. Шын есімі Ли Тан. Лао-Цзы оның лақап аты, «қарт, ғұлама» деген мағынаны білдіреді екен. Оның өмірі ұзақ болған көрінеді. Чу сарайында мұрағат қызметкері болып жұмыс істеген ол Конфуциймен замандас болыпты. Екеуінің белгілі кездесуі өте маңызды оқиға болған көрінеді. Кездесу кезінде Лао-Цзы әбден кәрілік жеңген қарт ғұлама болса, Конфуций қылшылдаған жас данышпан екен.
Чу әулетінің билігі әлсіреген тұста Лао-Цзы үкімет орталығын тастап шығып, батысқа бет алады. Хонан (өткеліне) асуына табан тірейді. Сол жердің күзетшісі әрі шәкірт Ци одан кәсібі жайлы бір нәрсе жазуын талап етеді. Лао-Цзы «Дао те Кинг» деп жазып береді. «Дао» – жаратушы негіз, «те» – адам адамгершілігі, «Кинг» – кітап деген мағынаға саяды. Аталмыш кітап күні бүгінге дейін тоацистік идеологияның қайнар көзі болып табылады және даоцизмнің мәнін түсіндіреді. Түсінілуі өте қиын бұл кітап қытайдың маңызы зор классикалық еңбектерінің қатарына қосылды. Көптеген ғылым адамдары Дао те Кингті батыс тілдеріне аударуға тырысқанымен анау айтқандай табысты нәтижелерге қол жеткізе алмады. Кітаптың аты да толық аударылмаған. Әр аудармашы кітаптың атына түрлі мағыналар берген. Бұл кішкентай кітаптың сырының ең ежелгі мистицизмнің үлгісі болғандығы қабыл етіледі. Лао-Цзы бұл еңбегінде мистикалық пайымдаулар мен ой-пікірлерге өз ана тілінде тұңғыш рет сипат беруге тырысты. Сондықтан толғаған пайымдаулары, көрсеткен символдары айқын да анық емес. Лао-Цзының сексенге келгендігі айтылса да, өлген жылы нақты белгілі емес.
Лао-Цзының 80 жастан асқандығы белгілі болса да, өмірден өткен уақыты нақты емес. Лао-Цзыдан кейінгі даоцизмнің да уақыты бұлыңғыр. Даоцизмнің кейінгі дамуы, Лао-Цзыдан кейін келген даоцизм жайындағы мәліметтер берген жазушылардың көмегімен біршама бөлімдеріне қол жеткізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |