Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде


Конфуцизмде моральдық-этикалық принциптер



бет67/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   126
Діндер тарихы

4.Конфуцизмде моральдық-этикалық принциптер


Конфуцизмді діннен гөрі, моральдық-этикалық, философиялық хикметтерге толы жол деуге болады. Конфуцизмнің моральдық жүйесі жалпы қоғам мен ұлт игілігіне арналды. Мақсаты – ұлттың саяси санасын оятып, әрі тәрбиелеп, мәңгілік бақытқа жеткізу болды.
Конфуцийдің діни әрекеттері Қытайдың көне діни ой-пікірлерін, дүниетанымдарын қалпына келтірумен басталды. Қаншама дау тудыратындығына қарамастан, ол «о дүниенің» бар екенін жоққа шығармады. Ол істелген күнәлардың жазасыз қалмайтынын, ондай күнәлардың есесі о дүниеге қарағанда бұл дүниеде-ақ қайтатынын, жамандық істеген адамның өз қателігін мойындап, кешірім өтіну керектігін баса айтты. Дұға мен құлшылық – ол міндет, борышың. Бірақ үнемі жасалуға тиісті емес. Бұл діни тұрғыдан алғанда ораза тұтып, күнәдан арылғаннан кейін шалынған құрбандықтан тұрады.
Конфуций моральдық-этикасының негізгі принциптері «Үлкен деректе» өзіңді, үй-ішіңді, ұлтыңды басқару, бейбітшілікті сақтаудың жолын табу деп тізбектеліп келе береді. Конфуций «Сұхбаттар» атты кітабында дүниеде бес нәрсені бес нәрсемен жүзеге асыру қабілеттілігін – «кемелді адамгершілік қасиеттері» деп түсіндіреді. Бұл адамгершілік қасиеттер: байсалдылық, жомарттық, ақ пейілділік, туралық және инабаттылық. Осыларды былайша тарқатып түсіндіре кетеді: «байсалды болсаң, құрмет атаулыға ие боласың. Жомарт болсаң, қалағаныңа қол жеткізесің. Ақпейілді шыншыл болсаң, халқың саған сенім артады. Турашыл болсаң, көптеген жетістікке жетесің. Инабатты болсаң, өзгелерді өзіңе қызмет еттіре аласың». Ол абыройы биік адамды «қиналғандарға қол ұшын беретін, байлардың дүниесін арттырмайтын адам» деп түсіндіреді. Жоғары дәрежелі адам мен төмен адамның арасындағы айырмашылық мынада, – деп түсіндіреді: «Ұлы мәртебелі адам ізгілікті, адамгершілікті іздейді, ал рухы төмен адам өз рахатын ойлайды. Мәртебесі жоғары адам заңға бағынып іс атқарса, төмен адам өз пайдасын күйіттеп кетеді. Ұлық адам тек туралықты ойласа, рухы төмен адам тек пайданы ойлап тұрады». Сенімділік пен ақ пейілділікті алға қоюды және байсалды болмаған бір ғұламаға құрмет көрсетпеуден қайтарады. Өзі үшін былай дейді: «Қартайғандардың жағдайын жасау, достарға ақ пейілмен, жастарға ізеттілікпен қарым-қатынаста болғым келеді».
Одан үгіт-насихат сұраған бір басқарушыға «туралықтан айрылма, қателіктеріңді түзе», - деген. Тура болған бір нәрсені көру және мұны істемеу қайраттылықтың жоқтығының белгісі. Адамдар туралық үшін дүниеге келген. Бір адам тура жолдан айнып жақсы өмір сүрсе, өлімнен тек қана жолы болған адам ғана құтыла алады.
Конфуцийдің пайымдауынша, адам сыртқы сұлулықтан гөрі ізгілікке, адамгершілікке баулитын моральдық-этикалық приниптерге көңіл бөлсе, жанұясына қызмет етуде күш-жігерін аямаса, қожайындарына өмір бойы бас исе, достарымен арасындағы қарым-қатынастары шынайы болса, егер жұрт оны «түк білмейтін надан» деп есептесе де, ол өте данышпан, білгір адам болып қала береді. Өзін білімге атағандар, ардақты әрі ұлы адам. Ардақты да ұлы адамдар іс-әрекеттерін ойланып әрі мұқият болуға, жүздерінде шынайылық, сөздерінде биязылық болады және абыройын жоғары ұстайды. Олар туыстары және ата-аналарымен жақсы қарым-қатынаста болады, халқының абыройын асқақтатады. «Егер ардақты әрі ұлы адам рәсімдерді жақсы көрсе, халыққа құрметсіздік жасауға батылы бармайды. Егер ол туралықты жақсы көрсе халық оның соңынан жүруге аянып қалмайды. Егер ол шынайылықты жақсы көрсе, халық адал болады. Міне осыларға қол жеткізгенде мемлекеттің әрбір жерінен халық балаларын арқалап оған келеді».
Конфуцизмде жақсылық, турашылдық, әдептілік, ақылдылық және сенімділік – бес негізгі адамгершілік қасиет болып табылады. Бұл бойынша табысқа, жетістікке жету шарт емес. Өйткені Конфуций: «Табыс, жетістік әрдайым адамгершіліктің бар екендігіне дәлел бола алмайды. Даналық пен адамгершілік дегеніміз – табысқа жетсең де, жетпесең де, ештеңеге қарамастан, жақсы, ізгі амалдарды қатаң жалғастыру», – дейді.
Конфуцийдің адамды өзіне төрт нәрсе арқылы иландырады:
Мәдениет.
Ел басқару. Жұмыс атқару.
Жоғары дәрежелі адамдардың алдында өзін дұрыс ұстау.
Сөзінде тұру
Конфуцизмде бес негізгі адамдық қарым-қатынас бар:
Бастық пен қызметкер арасындағы.
Әке-шеше мен бала арасындағы.
Ері мен әйелі арасындағы.
Бауырлар арасындағы.
Достар мен құрдастар арасындағы қарым-қатынас пен ізгі-құрмет.
Осы негізгі бес тұғырда адам өміріндегі қарым-қатынастардың барлығы қамтылды. Адамзат бейбіт өмір сүруі үшін өмірдің әр кезеңінде орта жолды ұстануға, шектен шығып кетпеуге, жақсылыққа – жақсылық, жамандыққа – әділеттілігін танытуы тиіс. Конфуций ысырапшылдыққа қарсы, ол үнемшілдікті дәріптейді. Көзге түсу үшін жасалған әрекеттерді құптамайды, қайырымдылықты және әділеттілікті ең маңызды екі ерекше қасиет деп біледі. Оның «Ий» деген әділет, белгілі бір жағдайда жасалуы міндетті болған әрекет. Бұл өзгермес бұйрық. Тұлғалар, көпшілік ортасында кейбір нәрселерді тек қана сол нәрселер үшін орындауы міндетті. Өйткені, ол нәрселер ахлақ қайтарымы үшін жасалуы тиіс, ахлақтан басқа нәрселер үшін жасалған болса бұл әділеттілік болмайды. Әділеттіліктің орнауына пайда кедергі болады. Конфуций әділет пен пайда мәселесі жайлы былай дейді: «Ұлы адам әділетті, төмен адамдар пайдасын ойлайды».
Басшының назарда ұстауы тиіс алғашқы негіздер, қарамағындағылардың сенімі мен сүйіспеншілігіне қол жеткізуі. Егер адамдар қорқыныш пен үрей арқылы мойынсұнуға мәжбүрленсе, басшы мен қарамағындағылар арасындағы байланыс үзіледі, жағдай қиындай түседі, әдепсіздік орнайды, адамдарда жөнсіздік пайда болады.
Конфуцизмде адам, әке-шешесіне турашыл, басқа үлкендерге құрмет көрсетуі керек. Оларға сүйіспеншілік пен бағыныштылық, қарсы шықпау арқылы болады. Адамның әкесінің жолын қууы, тек қана оған берілгендік болғанда ғана мүмкін. Ежелгі Қытай аталар культінде ұлының данышпандығы қаншалықты болса да әкесінен бұрын ұсынылғанды жей алмайды, дастарханға отыра алмайды.
Жұбайлар, бауырлар, жолдас және достар арасындағы байланыс белгілі ережелерге тәуелді. Үйдің отағасы, жанұясы бар болса оларды тастап ұзақ жерлерге кетпеуі керек. Жанұясына қызмет барысында оларға ескертуі сыпайы болуы, оларға тәрбие тиісінше берілуі керек, жанұя қиыншылыққа тап болған жағдайда жас балалары жәрдемші болулары тиіс. Ұлы және жоғары адам өзін тиісті нәрселерге атайды, бұл негіз пайда болғанда принциптер дамиды, ата-анаға деген турашылдық және ағайын сүйіспеншілігі өзін көрсетеді. «Өзіне сай келмейтіндермен жолдас болмау» Конфуцийдің өсиеттерінің бірі. Бұл жолдастықты пайдалы және зиянды деп екі топқа бөлуде. «Әділ, адал және ұғымтал бір жолдас пайдалы. Екі жүзді, айлакер және көп сөйлейтін жолдас зиянды».
Мемлекетті басқаруда Конфуцийдің моральдық-этикалық идеясын қолдануға әбден болады. Оның пайымдауынша, мемлекетті ізгілікпен басқарған адам Темірқазыққа ұқсайды. Мемлекетті басқару – халқын болашағы жарқын жолға жетелеу деген сөз. Егер халқы туралықпен, әділеттілікпен басқарылып жатса, онда кім-кімнің де қателікке ұрынып, қарсы шығуға батылы бармас еді. Отанына қызмет етуден бас тартқан адамды ақылды деп әсте айтуға болмайды. Бір елді басқаруға шақырыла қалсаңыз, істі ең әуелі неден бастар едіңіз? – деген сұраққа, Конфуций былай деп жауап берген болатын: «Әуелі тілді түзетер едім. Тіл түзелмесе, айтылған сөздер ойды дұрыс жеткізе алмайды. Ал егер ой дұрыс жеткізілмесе, атқарылуға тиісті істер оң нәтиже бермейді. Істер жөнді атқарылмаса, этика мен мәдениет тоқырай бастайды. Этика мен мәдениет тоқырауға ұшыраса, әділетсіздік үстемдік құрады. Ал егер әділет тура жолынан тайса, халық күш-қайратынан айырылып, әлсіздікке бет алады, ессіздікке ұрынады, халық не істерін және қайда бет алып бара жатқанын білмей дал болады. Міне сол себепті адам айтатын сөзін тура сөйлеуге тиіс. Сондықтан да ешбір нәрсе тілден артық маңызды бола алмайды» (198).
Конфуцийдің пікірінше, үкіметті дұрыс басқару үшін ел билеген тұлға бес ұлы қасиетке аса мән беріп, төрт жаман қасиеттерден аулақ болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет