Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет72/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   126
Діндер тарихы

Бөлім сұрақтары:
1. Даоцизм ең көп қай мемлекетте тараған?
2. Даоцизм түсінігінде Дао кім?
3. Даоцизмнен қайсы мектептер пайда болды?
4. Даоцизм неліктен соғысқа қарсы?
5. Даоцизм бойынша мемлекет қалай басқарылуы тиіс?

8. БӨЛІМ

СИНТОИЗМ ҰЛТТЫҚ ДІНІ


«Синто» – құдайлар жолы деген сөз. Қытай тіліндегі «син» немесе «сен» түрінде айтылған синто жапондықтардың жергілікті діни сенімдері ретінде белгілі. Жапондар VI ғасырда буддизм Жапонияға тарағаннан кейін ежелгі діни сенімдерін буддизмнен ажырата білу үшін «синто» сөзін қолданды. Синтоизм осы сөзден өрбіді.
Синтоизм – ұлттық, алғашқы, политейстік және өзге діндерді жатсынбайтын әрі ресми дін мәртебесіне ие болмаған дін. Оның құрушысы жоқ. Қандай да бір тарихи оқиғаға байланысты шықпаған. Синтоизмде табиғат күштеріне, әруақтарға табыну ерекше назар аудартады, рухты әрбір нәрсенің бойынан іздеп табуға болады делінеді. Бұл діннің екі ерекшелігі бар: 1. Ерекше бір ұлттық дін. 2. Табиғатқа табыну бұл дінде маңызды рөл атқарады.
Жапониядағы конфуцизмге аталарға табыну, моральдық-этика, бал ашу, сәуегейлік, сиқыр, зуһд (сопылыққа негізделген) секілді нәрселер даоцизмнің және буддизмнің ықпалымен енді. Б.э.д.VІ ғасырда астанасын құрып Жапонияда Ямото ақсүйегі, Аматерасу нәсілі ретінде билік жүргізе бастады және осы императорға табыну, бір культ құрды. 1968 жылдарда ұлттық серпіліс кезеңі басталды. Синтоизм де мұны үрлей түсті, император культі, бір мемлекет саясатына айналды және мемлекетті Синтоның көмегіне бағындырды. Екінші дүние соғысы кезеңінде синтоизм көп уақыт өтпей жойылды. Жапония 1945 жылғы жеңілісінен кейін Синтоның мемлекеті қадағалау жағдайы күшін жойды. Император, өзінің тәңір болмағандығын және тәңірлердің ұрпағы ретінде өзіне табынылмайтындығын жариялауға мәжбүр болды.

1. Тәңір туралы түсінігі


Синтоизмде әруақ пен тәңірді және қасиетті, таңғажайып, құпия сырға толы, қорқынышты, адам табиғатынан тыс тылысым күштерді сипаттау үшін «ками» (үстем, жоғары деген мағынада) сөзі қолданылады. Онда әруақ өлгеннен кейін де өмір сүре береді, ата-бабалар рухы ұрпақтарын желеп-жебеп жүреді деген сенім бар. Өлген адам «камиге» айналады. Бірақ әр ками тәңір болмауы мүмкін. Жапондар көзге көрінбейтін камидің тәңір үйінде болатындығына сенеді. Синтоизмдегі әруақтар мен тәңірлердің саны жөнінде берілген цифрлар мейілінше көп. Сегіз миллион шамасында тәңір бар делінеді. Олардың ең үлкені Күн тәңірі – әйел құдай Аматерасу. Аматерасудың тәңірлік символы – айна. Ал орталық құлшылық орны – Исе. От тәңірі «Амаго» маңызды тәңірлердің бірі, әрі ең қауіптісі. Көк жүзін көк тәңірі – әйел құдай Аматерасу басқарады. Синтоистер Аматерсу тұрған ең үлкен құлшылық орны саналатын Исені зиярат етіп, Аматерасудың (Күннің) шыққанын бақылайды, сөйтіп қажы атанады.
Синтоистер Аматерасудан басқа ай, теңіз, дауыл және от тәңірлері, сонымен бірге азық-түлік, үй, ошақ, асхана, белгілі жерлер, жолдар және әр түрлі кәсіптің тәңірлеріне дейінгі көп мөлшердегі құдайлары бар пантеондарға (ғибадатхана) ие. Бұл пантеонға Аматерасудың ұрпақтары деп есептелетін императорлар да жатады. Ұлы мемлекет адамдарынан, қолбасшыларынан тәңірге айналдырылғандар бар. Қадірменді адамдардың өмірден өткендерін және осымен бірге аталарының әруақтары «ками» деп қабыл етіледі.
Синтоизмде тәңірлер пантеонының ең биік шыңында орналасқан Күн тәңірі Аматерасу тек көк жүзін ғана басқарады. Ал мына әлемді басқару тәңірлер мәжілісінің қолында. Ай тәңірі Цикиомидің атқарар қызметінің бір бөлігін дауыл мен теңіз тәңірі Сусаноа қолына алған. От тәңірі – Атадо. Ежелгі заманның азық-түлік тәңірі Инари бүгінде «Күріш адам» болды. Оның қасиетті жануары – түлкі. Сондықтан пантеондарда түлкі асырайды немесе түлкінің мүсіні қойылады.
Синтоисттер дүниенің аспан, жер және жер асты болып үш қабаттан құралғандығына, әрбір үш қабаттың тәңірлері бар екендігіне, жер астында болса өлілердің және дәулердің (жын) бар екендігіне сенеді. Тәңірлер әр түрлі суреттермен бейнеленген. Бірақ олардың бұл бейнелерден де аса құнды бірқатар символдары бар. Бұл символдар бұқара халыққа көрсетілмейді, ғибадатхананың жасырын бөлмелерінде сақталады. Екі қобдишаның ішінде сақталған символдар: бір айна, бір семсер немесе басқа да символикалық заттар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет