Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет81/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   126
Діндер тарихы

2. Касталық жүйе


Үнді қоғамы әр түрлі діни-әлеуметтік топтарға бөлінген. Мұны каста деп атайды. Каста дегеніміз – бір ғана кәсіппен айналысқан, атадан балаға мирас болып қалған құқықтары міндеттері, әрекеттері бір-бірімен өзара тығыз байланысты болған тұлғалар тобы. Кастаны таңдап алуға болмайды. Адам тек соның ішінде дүниеге келеді. Касталық жүйе төрт топқа бөлінеді:
Брахмандар (монахтар, дін адамдары).
Кшатриялар (әскерилер, үстем тап өкілдері).
Ваишийлер (саудагерлер, жер иеленушілер).
Шударалар (жұмысшалар, құлдар).
Сондай-ақ касталық топқа кірмейтін ерекше топтар бар. Оларды «соқтығысуға болмайтындар» дейді. Касталық жүйе үнді сеніміне сүйенеді. Сенім бойынша касталар жаратушы тәңір Брахманың адам кейпінде көрінген денесінің әр түрлі мүшелерінен жаратылыпты. Сондықтан қоғамдық өмірде байқалған түрлі айырмашылықтар, әлеуметік теңсіздіктер осы касталық жүйемен байланыстырылады. Ол бойынша брахмандар, Брахманың аузынан, кшатриялар қолдарынан, вайшийлер асқазанынан, шудралар аяқтарынан жаратылған.
Брахмандар каста жүйесінде маңызды орынға ие және билік солардың қолдарында. Брахман сөзі санскритше Брахмаға ие болған деген мағынаға келеді. Брахмандардың міндеті қасиетті құрбан рәсімдерін жүргізеді. Брахмандар қасиетті мәліметтердің (ведалардың) қорғаушылары. Діни рәсімдерді жүргізу олардың тұқым қуалап келе жатқан құқы.
Бір кастадағылар бір-бірімен үйлене алады, бір дастарханда тамақ жейді. Мамандықтар да касталарға қарай бөлінеді. Алғашқы үш кастадағылардың абыройы жоғары болады. Шудра кастасындағылар басқа кастадағыларға қызмет етеді. Әр кастаның өзіне тән атастыру және той рәсімдері, жеп-ішу, киім кию және кәсіби құралдары бар. Каста жүйесіне қарсы шығуға болмайды. Каста жүйесіне қарсы шыққан адамның каста жүйесінен шығуына тура келеді. Бұл болса оның болмысының тоқтауы дегенге келеді.

3. Діни түсініктері


Индуизм діні тәңір ұғымын білдіретін түрлі сөздерге қарсы емес. Әрбір адам немесе қоғам өзіне және салт-дәстүріне сай құлшылық ете береді. Индуизмде түрлі діни дәстүрлер тәңірді өз түсініктеріне қарай сипаттайды. Біреулері оны жазалаушы құдірет деп түсінсе, екіншілері қасиетті махаббаттың қайнар бұлағы ретінде көреді. Бірақ айналып келгенде барлығы бір мақсатта тоғысады. Индуизм пайғамбар келген діндердің уахи-аяндарына да, тәңір өзін көрсеткен өзге діни сенімдерге де қарсы емес. Үндістанда сансыз еркек құдайлар мен әйел құдайлардың мүсіндері көзге бірден шалынады Үндістандықтар мұны тәңірдің әр түрлі формаларда көрініс табуы деп санайды.
Үнді құдайлары орналасқан ғибадатханалардағы үштік (таслис, троица) назар аудартады. Осы үштіктің ішінде Брахма – жаратушы, Вишну – қорғаушы, Шива – жоқ етуші тәңір. Кейбір кезеңдерде және кейбір өңірлерде Вишну немесе Шива алдыңғы қатарға шығып отырды. Мәселен Шиваны жоғары деп санаған жерлерде халық оны, барлық қате кемшіліктерден пәк, әлемдердің Раббысы ретінде көреді. Әлемді ол қиратады және оны қайта жаңалайтын да сол.
Индуизмде көптәңірлік, үштеу, тәңір-әлем (пантеизм) болуымен қатар біртәңірлі сенім де бар. Бір Ригведа сөйлемінде, Тәңір бір, билеушілер оны түрлі бейнеде атайды. Бір Үнді мақалында «Әлемдегі барлық жаратылыстарды бір тәңір толтырады». Бейнелеулердің тек қана құлшылық үшін жәрдемші символ ретінде қаралғандығын алға тартады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет