Джайнизм атейстік дін ретінде сипатталады. Дегенмен бұл «атейзм» тәңірдің барлығын, рухтың мәңгілігін, құрбандықтың пайдасын, құтылу жолының мүмкіншілігін жоққа шығару деген сөз емес. Махавира Будда сияқты тәңірі идеясына тоқталмаса да, кейбір джайнистік ағымдарда оның наным-сенімі бар екендігі байқалады. Ғибадатханаларда тәңірдің мүсіндері туралы XV ғасырда құрылған стханакаваси ағымы алғашқы джайнизмнің тәңірді мойындамайтын бір ерекшелікке ие екенін жақтап, ғибадатханалардағы мүсіндерді, суреттерді қабылдамауға дейін барды.
Б.з.д. ІІІ ғасырдан бастап монахтар арасындағы киіну үлгілеріне байланысты шыққан талас-тартыстардың ақыры джайнизмнің екіге бөлінуіне әкеп соқты:
1.Дигамбра (жалаңаштар). Бұлар Махавираға бағынып, толығымен анадан жаңа туғандай тыржалаңаш жүретін болған. Кейініректе мұсылмандар оларға шағын болса да, киім киюді үйретеді.
2. Светамбра (ақ киімділер). Бұл атау үстеріне киген ақ киімдерімен байланысты.
Аталмыш екі ағым арасында доктрина тұрғысынан айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Екеуі де йогамен айналысады. Олар джинаға, тиртанкаға және өте кемелді қасиеттілердің барлығына сенеді. Тиртанкалардың әр кезеңде 24 шақты болғанын, Махавираның осылардың соңғысы екендігін қабылдайды.
Махавираның уағыздары алдымен ауызша риуаят етілген. Кейін жиналған консиль бұл уағыздардың бір бөлігін жинақтай алған, бірақ риуаяттардың басым бөлігінің жоғалуының алдын ала алмаған. Ауызша риуаяттардан қалғандар Махавираның өлімінен кейін он ғасырдан кейін жинақталған «ақ киінгендер» консилі тарапынан «Агамалар» немесе «Сиддханта» атты кітапта топтастырылған. Бұл кітап «Ганипидака» деп те аталады. Бұл кітапта монахтардың атқаруы керек қағидалар, джаинизмнің доктриналары және аңыздары орын алған. Жалаңаштар ағымы, ақ киінгендердің бұл кітабын апокриф (дұрыс емес) деп оны қабыл етпейді. Олар джаинистердің барлық кітаптарының Үнді философы Шанкара тарапынан жойылғандығын айтады. Жоғалған кітаптардың орнына, үлкен ұстаздарынан төрт адамдық бір топтың ортаға қойған бір еңбегі оқылады. Бұл кітап джаинистердің әлемді суреттеулерін, философиясын, моральдық-этика және құлшылық жайындағы көзқарастарын қамтиды. Бұл кітаптардың есепсіз түсіндірмелері болған. Бұл екі ағымның дұрыс деп қабыл еткен кітаптарынан басқа өте көп діни, әңгіме және моральдық-этикалық кітаптары да бар.
Достарыңызбен бөлісу: |