Қадірлі талапкер!



бет13/14
Дата27.11.2019
өлшемі1.67 Mb.
#447567
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
KAZAK TILI KATEV SON

ЖАҚША




Қойылатын орны

Мысалы

1

Сөйлемде бір сөзге қосымша түсінік беру үшін алынған қыстырма сөз жақшаға алынады.

Ол кезде Жарқын (әкемнің кіші інісі) ауыл әкімі еді.

2

Цитатаның авторы жақшаға алынады.

Болмасаң да ұқсап бақ

Бір ғалымды көрсеңіз.

(Абай).

3

Драмалық шығармада автор түсіндірмелері жақшаға алынады.

Нұрхан (көзінің жасын сілкіп). Қой, шырағым, сескеніп қаларсың.

ТЫРНАҚША





Қойылатын орны

Мысалы

1

Дәйексөз тырнақшаға алынады.

"Абай – қазақтың бас ақыны" деген Ахметтер де өмірден өтті.

2

Төл сөз тырнақшаға алынады.

Шешесі қызынан сұрады: "Ақшаны қайда қойдың?"

3

Мақал-мәтел, афоризм сөйлемде қолданылғанда тырнақшаға алынады.

“Ақыл - жастан” демекші, Арманның бұл айтқаны табылған ақыл екен.

4

Дәйексөз ретінде келтірілген сөздер тырнақшаға алынады.

Қазақта "құлақтан кіріп бойды алар" қаншама әдемі әндер бар.

5

Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер тырнақшаға алынады.

Әжемнің маған айтқан "алтыным", "қошақаным" деген сөздері әлі күнге дейін есімнен кетпейді.

6

“Де” дәнекерінсіз айтылып, заттанып тұрған төл сөздер тырнақшаға алынады.

“Сабаққа бармаймын”-ды қой.

7

Қалжыңмен айтылған астарлы мәндегі сөздер тырнақшаға алынады.

“Жаны тәттілердің” жағдайын жасап жүре береміз бе?

8

Объект етіп алынған сөйлем (сөз тіркесі, сөз, буын, әріп) тырнақшаға алынады.

«А» - жуан дауысты дыбыс.

9

ұйым, ұжым, газет, журнал, кітап т.б. атаулары тырнақшаға алынып жазылады.

“Шың-кітап” баспасы. “Ана тілі” газеті. “Абай жолы” романы.

ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІНІҢ ҚАБАТТАСА ҚОЛДАНЫЛУЫ




Қойылатын орны

Мысалы

1

Егер сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылса, сұрау мен леп белгілері қабат қойылады.

Айналайын Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда?!

Еңсесі биік боз орда

Еңкейе кірер күн қайда?!




2

Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдері арасына үтір, сызықша қойылады.

Ол өтініп сұрады, – бермедім.

3

Төл сөз бен автор сөзі арасына сызықша үтірмен, леп белгісімен; тырнақша мен үтір, нүкте, сұрау, леп белгілері, көп нүкте қабаттаса қойыла береді.

– Онда... – не дерін біле алмады.

– Солай, солай, шырағым, – деді.



Неге? – деді Сағит тұрған үйінен кемдік көрді ме деген оймен.

4

Сұраулы және лепті сөйлемнен кейін ой аяқталмаса, сұрау мен леп белгілерінен кейін көп нүкте қойылады.

Алған сыйлығың құтты болсын!.. Болсын!.. Біз қашан алады екенбіз, ә?..

СТИЛЬ


  • Стильдердің қолданылу аясы:

    1. Ғылыми стиль ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда қолданылады.

    2. Ресми іс-қағаздар стилі іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе құжаттарында қолданылады.

    3. Публицистикалық стиль газет-журналда, жиналыстар мен митингілердегі сөздерде қолданылады.

    4. Көркем әдебиет стилі көркем әдеби шығармаларда қолданылады.

    5. Ауызекі сөйлеу стилі адамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылады.

  • Стильдердің мақсаты:

    1. Ғылыми стильдің мақсаты – заттар ман құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру;

    2. Ресми іс-қағаздар стилінің мақсаты – хабарлау, анық мәліметтер беру;

    3. Публицистикалық стильдің мақсаты – көпшілікке әсер ету, құбылыстардың, оқиғаның мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аудару;

    4. Көркем әдебиет стилінің мақсаты – құбылыстар мен заттарды суреттеу, жанды суретін көрсету, бейнелеу арқылы оқырманның сезіміне әсер ету;

    5. Ауызекі сөйлеу стилінің мақсаты – қатынас жасау;

  • Стильдердің ерекшелігі:

    1. Ғылыми стиль: дәлелді, зерттелген, сөзді тура мағынада алу;

    2. Ресми іс-қағаздар стилі: ресми, анық, дәл;

    3. Публицистикалық стиль: шақыру, үндеу, нақтылық;

    4. Көркем әдебиет стилі: образды, эмоционалды, экспресивті;

    5. Ауызекі сөйлеу стилі: сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдану, даярлықсыз өткізілу;

  • Стильдердің тілдік құралдары:

    1. Ғылыми стильде ғылыми терминдер жиі қолданылады; көбіне хабарлы сөйлем болып келеді; өткен шақ пен осы шақта жиі қолданылады;

    2. Ресми іс-қағаздар стилінде кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер қолданылады.

    3. Публицистикалық стильде риторикалық сұрақтар, стильдік қайталау, антитеза пайдалану сияқты құралдар қолданылады.

    4. Көркем әдебиет стилінде ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары (теңеу, метафора т.б.) жиі қолданылады.

    5. Ауызекі сөйлеу стилінде қарапайым сөздер және сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылады; көбіне диалог түрінде келеді.

  • Стиль түрлеріне қатысты мысалдар:

Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Ол 150-200 жылға дейін созылады. Жалпы емен жылусүйгіш ағаштар қатарына жатады.

Ғылыми стиль

Жолдың шетінде жалғыз емен өсіп тұрған... Бұл-екі құшаққа сыймайтын жуан, ескіден келе жатқан ауру бездерінен қартайып тұрған емен.Өзінің иілмейтін менмендігімен, аяқ-қолы салбыраған қалыпта, күлімсіреген екі қайыңның ортасында тұрды.

Көркем әдебиет стилі

-Мереке құтты болсын!

-Рахмет, саған да ұлыс құтты болсын!

-Саған табыс, сәттілік тілемін!

-Тілегің үшін көп рахмет!



Ауызекі сөйлеу стилі

Ауруханаға бару үшін мені сабақтан босатуыңызды сұраймын.

Ресми іс-қағаздар стилі

Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен кейбір жер атауларына өзгерістер енгізілді.

Публицистика-лық стиль

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Елбасымыздың Жарлығымен халқымыздың аяулы ұлы Рахымжан Қошқарбаевқа «Халық хаһарманы» атағы берілді.

Публицистика-лық стиль

Ақ қасқыр айналып жіберіп, ағызып келіп алдына түсті.

Көркем әдебиет стилі

Жәкіш қып-қызыл болып кетті. Алғашқыдағыдай тұмсығы тершіп, қыбыжықтай берді, төмен қарап, тырнақтарын шұқылады.

Көркем әдебиет стилі

-Кеше сабаққа бардың ба? Үйге қандай тапсырма барді?

- Ережелерді жаттауға берді.



Ауызекі сөйлеу стилі

Жауындату – ауыл шаруашылық дақылда-рын суарудың бір әдісі. Жауындатудан ылғал топыраққа біркелкі жайылады.

Ғылыми стиль

Түсінік

Мен, Асанов Үсен, бұдан былай сабақтан кешікпеуге сөз беремін.

20.05.2004


Ресми іс-қағаздар стилі

Екі ел арасындағы кездесуде Еуразия саудасындағы тауар тасымалына қызмет көрсетуде Ресей мен Қазақстан көлік жүйелерінің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Публицистика-лық стиль

Заттың атауын білдіретін сөзді зат есім дейді.

Ғылыми стиль

ТАҚЫРЫПТЫҚ ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

«Қазақ тіл білімі» бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Қазақ тіл білімінің неше саласы бар?

A) 2 B) 3 C) 4 D) 5 E) 6

  1. Жалғаудың неше түрі бар?

A) 2 B) 3 C) 5 D) 1 E) 4

  1. Үндестік заңының неше түрі бар?

A) 2 B) 3 C) 5 D) 6 E) 4

  1. Тіл дыбыстарын не зерттейді?

A) лексика B) морфология C) фонетика

D) синтаксис E) стилистика



  1. Термин сөзді тіл білімінің қай саласы қарастырады?

A) морфология B) лексика C) синтаксис

D) фонетика E) фразеология



  1. Қайсысы синтаксисте қарастырылады?

A) екпін B) сөз табы C) мағына

D) сөйлем мүшесі E) қосымша



  1. Қайсысы сөз табына жатпайды?

A) шылау B) жіктік C) үстеу

D) одағай E) есімдік



  1. Қайсысының күрделі сөздің түріне қатысы жоқ?

A) туынды сөз B) біріккен сөз C) қос сөз

D) тіркескен сөз E) қысқарған сөз



  1. Сөз табын табыңыз.

A) еліктеу сөз B) кірме сөз C) қос сөз

D) табу сөз E) кәсіби сөз



  1. Пунктуация қай тіл білімі саласының зерттейтін тақырыбы?

A) морфология B) лексика C) синтаксис

D) фонетика E) фразеология



«Қазақ тіл білімі» тақырыбы бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – B (Қазақ тіл білімінің 3 саласы бар: фонетика, лексика және грамматика.)

2 – E (Жалғаудың 4 түрі бар: жіктік жалғауы, септік жалғауы, көптік жалғауы және тәуелдік жалғауы)

3 – A (Үндестік заңының 2 түрі бар: буын үндестігі және дыбыс үндестігі.)

4 – C


5 – B (Терминдер қолданылу аясы шектеулі сөздер тобына жатады. Оны лексика зерттейді.)

6 – D


7 – B (Себебі, жіктік – жалғаудың түрі. Жіктік деген сөз табы жоқ.)

8 – A (Туынды сөз күрделі сөздің түріне жатпайды. Себебі, туынды сөз 1 түбірден тұрады. Ал күрделі сөз болу үшін кемінде 2 түбірден тұратын және бір мағынаны білдіретін сөз керек. Мысалы, шек+ара )

9 – A

10 – C (Пунктуация тыныс белгілерін зерттейді. Ал пунктуация – синтаксистің зерттейтін тақырыбы.)



«Қазақ тіл біліміне шет тілдерінен енген термин сөздер» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Грек тілінен енген терминді табыңыз.

A) неологизм B) стилистика C) мағына

D) табу E) тасымал



  1. Қай сөздің мағынасы «құрастыру» дегенді білдіреді?

A) фразеология B) семасиология C) синтаксис

D) грамматика E) морфология



  1. «Лингвистика» қай тілден енген?

A) араб тілі B) латын тілі C) грек тілі

D) қазақ тілі E) орыс тілі



  1. Қай жұп бір-бірінің баламасы бола алмайды?

A) табу-тыйым салу

B) фонема-дыбыс

C) эвфемизм-сыпайы сөйлеу

D) термин-атын өзгертіп айту

E) лексика-сөздік қор


  1. Қазақ тіліне шет тілінен енген терминді табыңыз.

A) үстеу B) әріп C) буын

D) қосымша E) шылау



  1. Термин сөзді табыңыз.

A) дауыс B) сөйлеу C) мағына

D) жазбаша E) үлгі



  1. Қай тіл білімінің саласы «нүкте» деген мағына береді?

A) синтаксис B) семасиология C) лексикология

D) стилистика E) пунктуация



  1. Сөздік жасайтын және оны зерттейтін тіл білімі саласы қайсы?

A) метонимия B) фонология C) морфология

D) лексикография E) фразеология



  1. Полисемия нені зерттейді?

A) сөз түбірін D) сөз түрлерін

B) сөз таптарын E) сөз құрамын

C) сөздің көп мағыналығын


  1. Дифтонг деген не?

A) дауысты дыбыс B) қосарлы дыбыс C) түбір сөз

D) дауыссыз дыбыс E) қосымша

«Қазақ тіл біліміне шет тілдерінен енген термин сөздер» тақырыбы бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1A (Неологизм - грек сөзі. «нео» - жаңа, «лог» - сөз)

2C, 3B

4D (Термин мен атын өзгертіп айту бір-бірінің баламасы бола алмайды. Себебі, терминнің баламасы «бір нәрсенің шегі, шекаралық белгісі» деген болады, өйткені екеуі – бір ұғымның латын және қазақ тілдеріндегі атауы. Ал «атын өзгертіп айту» сөздері метонимияның баламасы болып табылады.)

5B («Әріп» сөзі қазақ тіліне араб тілінен енген.)

6C (Сөздің мағынасын лексика зерттейді.)

7C (Пунктуация қазақ тілінде «нүкте» деген мағына береді.)

8C

9B (Қосарлы дыбыс – я (йа), ю (йу) сияқты екі дыбыстан тұратын әріптер.)

10D

«Дыбыс және әріп» бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


  1. Айтылатын және естілетін тілдік құбылыс қалай аталады?

A) үн B) дауыс C) өкпеден шыққан ауа

D) әріп E) дыбыс



  1. Тілдің ең кіші бөлігі не?

A) дыбыс B) буын C) үн

D) кіші тіл E) әріп



  1. Дыбысты немен таңбалайды?

A) сызық B) фонема C) символ

D) әріп E) әліпби



  1. Қай әріп ф әрпінен кейін тұрады?

A) ұ B) т C) һ D) й E) д

  1. Дыбыс жасалу үшін не керек?

A) өкпеден шыққан ауа D) мұрын қуысы

B) дауыс шымылдығы E) дыбыстау мүшелері

C) ауыз қуысы


  1. Қайсысы дыбыстау мүшесіне жатпайды?

A) көмей B) мұрын C) тіс

D) тіл E) езу



  1. Қазақтың төл сөздерінде кездеспейтін дыбысты табыңыз.

A) я B) ц C) у D) щ E) ю

  1. Әріптердің қай қатары белгілі бір жүйеде емес?

A) з, й, қ, м B) у, т, с, р C) ү, ф, х, һ

D) а, е, о, ұ E) і, ь, ш, ц



  1. Қосарлы дыбысты табыңыз.

A) ш B) ө C) ю D) у E) й

  1. Кірме сөзде ғана болатын әріп қайсы?

A) ф B) п C) ы D) й E) б

«Дыбыс және әріп» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – E (Дыбыс айтылады және естіледі.)

2 – A, 3 – D

4 – C (Әліпбиде һ әрпі ф әрпінен кейін келеді. Яғни, ф, х, һ, ц)

5 – A (Дыбыс өкпеден шыққан ауаға байланысты шығады.)

6 – E


7 – B

8 – D (Жауабы: а, е, о, ұ. Себебі, қалғандары әліпбидегі қатармен берілген:



  • «з, й, қ, м» араларында бір әріп түсіп қалған. Сонда з, и, й, к, қ, л, м болады.

  • «у, т, с, р» әліпбидегі қатармен теріс берілген. Яғни әліпбидегі қатары мынадай: р, с, т, у .

  • «ү, ф, х, һ» әліпбидегі қатармен берілген.

  • «і, ь, ш, ц» әліпбидегі қатармен теріс берілген және араларында бір әріп түсіп қалған. Сонда ц, ч, ш, щ, ь, ы, і болады.)

9 – C (ю әрпі – қосарлы дыбыс, өйткені бұл әріп й және у (йу) деген екі дыбысты таңбалайды.)

10 – A (ф дыбысы қазақ тіліндегі кірме сөздерде ғана кездеседі.

Мысалы, орыс тілі: футбол;

араб тілі: Фәтима;)



«Дауысты дыбыс» бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Қай дыбыстар қатары өкпеден шыққан ауаның кедергісіз шығуынан жасалады?

A) р, й, с B) л, о, ө C) с, ш, щ

D) а, ә, е E) к, қ, ғ



  1. Қайсысы дауысты дыбысқа негізделеді?

A) буын B) тасымал C) әріп

D) екпін E) дауыссыз дыбыс



  1. Екпін түсетін дыбысты табыңыз.

A) ш B) қ C) т D) а E) п

  1. Әліпбидегі 12-ші дыбыс қандай дыбыс?

A) езулік дауысты дыбыс D) еріндік дауысты дыбыс

B) ашық дауысты дыбыс E) жуан дауысты дыбыс

C) дауыссыз дыбыс


  1. Қай дыбыс жуан әрі еріндік дыбыс?

A) ө B) ы C) а D) ү E) ұ

  1. Ашық дауыстының саны қанша?

A) 6 B) 7 C) 5 D) 8 E) 4

  1. Бірыңғай қысаң дауыстыдан тұратын сөзді табыңыз.

A) бұрылу B) кемсіту C) әшкерелеу

D) құдалық E) өшіру



  1. Еріндік дауыстыларды табыңыз.

A) а, ә, е, и B) ы, і, и, э C) а, о, ы, ұ

D) е, и, у, ө E) ұ, ү, ө, о



  1. Қай дыбыс жақтың кең ашылуы арқылы жасалады?

A) ү B) ы C) у D) і E) ә

  1. Жуан дауыстылар қалай жасалады?

A) Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалады.

B) Тілдің ұшы ілгері созылып жатуы арқылы жасалады.

C) Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады.

D) Езудің кейін тартылуы арқылы жасалады.

E) Жақтың кең ашылуы арқылы жасалады.
«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – D (а, ә, е – дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстар өкпеден шыққан ауаның кедергісіз шығуынан жасалады.)

2 – A (Буын дауысты дыбысқа негізделеді. Себебі, сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.)

3 – D (Екпін сөздегі дауысты дыбысқа түседі.)

4 – A (Әліпбидегі 12-ші дыбыс – и дыбысы. И–езулік дауысты дыбыс.)

5 – E (Ұ – жуан әрі еріндік дауысты дыбыс.)

6 – A (Ашық дауыстының саны алты: а, ә, о, ө, е, э.)

7 – A («Бұрылу» сөзіндегі ұ, ы, у дыбыстары–қысаң дауысты дыбыстар.)

8 – E

9 – E (Ә дыбысы жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Өйткені ол – ашық дауысты дыбыс. Ал ашық дауысты дыбыс жақтың кең ашылуы арқылы жасалады.)



10 – A (Жуан дауыстылар тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалады.)

«Дауысты дыбыстардың емлесі» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Буын талғайтын дыбысты табыңыз.

A) у B) е C) а D) ә E) ы

  1. Қай сөзде «ы» дыбысы түсіп қалған?

A) жина B) айна C) арна

D) сұра E) шайна



  1. Қай сөзде қате бар?

A) жүзігі B) қорқу C) қина

D) халқы E) орыны



  1. «Ы» дыбысы қай сөзде қате жазылған?

A) шоқу B) жымыю C) шошу

D) сыйымдылық E) қиылыс



  1. Қай сөзде «і» дыбысы жазылмайды?

A) ілезде B) ілес C) ілми

D) іле-шала E) ілгері



  1. Қай сөзге «-а» жұрнағы жалғанбайды?

A) орын B) ойын C) жиын

D) қиын E) тиын



  1. Кірме сөздерде ғана 2-ші және 3-ші буындарда кездесетін дыбыс қайсы?

A) ю B) ы C) ұ D) я E) й

  1. Қай сөзде «у» жуан дауысты дыбыс болып тұр?

A) қуыс B) тауық C) уақ-түйек

D) ауа E) төлеу




  1. Қай сөзде дыбыс пен әріпте айырмашылық бар?

A) қоюлау B) шытырман C) айтыскер

D) қауырсын E) кісен



  1. Қай сөзде «а» дыбысы қате жазылған?

A) жай B) шай C) рәсуә

D) Фәтима E) күмән



«Дауысты дыбыстардың емлесі» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – D (Ә әрпі қазақтың байырғы сөздерінде бірінші буында ғана жазылады. Мысалы: сәкі, әңгіме т.б.)

2 – A («Жиын» сөзіне жұрнағын жалғап туынды етістік жасағанда, дыбысы түсіп қалады. Жиын + -а = жина)

3 – E («Орын» сөзіне жалғауы жалғанғанда, сөздегі ы дыбысы түсіп қалады. Орын + -ы = орны.)

4 – B (Я, ю әріптерінен бұрын ы, і дыбыстары естілгенмен, олардың орнына и әрпі жазылады.)

5 – A («Лезде» сөзінің алдында і дыбысы жазылмайды)

6 – E , 7 – C (Кірме сөздерде 2-ші және 3-ші буындарда кездесетін дыбыс – ұ дыбысы. Мысалы, бұлбұл, мазмұн, мақұл т.б.)

8 – A («Қу-ыс» сөзінде у – жуан дауысты дыбыс болып тұр. Себебі бұл сөздегі «ы» – жуан дауысты дыбыс.)

9 – A («Қоюлану» сөзінде 7 әріп, 8 дыбыс бар. Өйткені «ю» дыбысы 1 әріп болғанмен, «йу» деген екі дыбысты білдіреді.)

10 – C («Рәсуа» сөзінің соңындағы а дыбысы ә болып оқылғанмен, а болып жазылады.)



«Дауыссыз дыбыс» тақырыбы бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Тек салдырдан тұратын дыбыс қайсы?

A) а B) п C) й D) ғ E) ж

  1. Үнді дыбыстардың қатарын табыңыз.

A) у, й, н, р B) г, ж, д, в C) к, ш, т, ф

D) м, ң, ғ, з E) й, к, л, м



  1. Тек ұяң дыбыстан тұрған сөзді табыңыз.

A) айналмалы B) тасқын C) жазғытұрым

D) ұзағырақ E) жұғады



  1. Қай дыбыстар жұп бола алмайды?

A) п-б B) ғ-қ C) к-г D) с-ш E) ф-в

  1. Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз қалай аталады?

A) ұяң B) үнді C) жуан

D) жіңішке E) қатаң



  1. Дауыссыздар ненің қатысына қарай 3-ке бөлінеді?

A) тіл B) ерін C) жақ

D) дауыс E) салдыр



  1. Көбіне қай дыбыстар қазақтың төл сөздерінде сөздің соңында келмейді?

A) қатаң B) үнді C) ұяң

D) жуан E) жіңішке



  1. Алфавиттегі 13-ші дыбыс қандай дыбыс?

A) үнді B) қатаң C) жуан

D) еріндік E) ұяң



  1. Дауыссызды айтқанда, өкпеден шыққан ауа қайда кедергіге ұшырайды?

A) мұрын қуысы B) ауыз қуысы C) өкпеде

D) кеңірдекте E) жақта



  1. Қосымшасы үндіден басталған сөзді табыңыз.

A) Жазда көлге шомылуға бардық.

B) Кешке құстар ұясына қонады.

C) Қазақ тілі кітабым сөмкеде екен.

D) Мұраттың ағасы машинамен келді.

E) Ауылда гүл теруге бардым.

«Дауыссыз дыбыс» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – B (П – қатаң дауыссыз дыбыс. Ал қатаң дауыссыздар тек салдырдан тұрады.) (3 – бөлімді қараңыз)

2 – A

3 – E («Жұғады» сөзіндегі ж, ғ, д – ұяң дауыссыз дыбыстар.)



4 – D («с-ш» дыбыстары жұп бола алмайды. Себебі с мен ж дыбыстарының жасалу орындары әр түрлі. Сонда с-з, ш-ж жұп болады.) (4 – бөлімді қараңыз)

5 – A (Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз мыналар: б, в, г, ғ, д, ж, з. Ал бұлар – ұяң дауыссыздар.)

6 – E

7 – C (Ұяң дауыссыздардан б, в, г, ғ, д дыбыстары қазақтың төл сөздерінде сөздің соңында келмейді.)



8 – A (Әліпбидегі 13-ші дыбыс – й дыбысы. Ол – үнді дауыссыз дыбыс.)

9 – B


10 – D («Машинамен» сөзіндегі –мен қосымшасы м деген үнді дауыссыздан басталып тұр.)

«Дауыссыз дыбыстардың емлесі» тақырыбы бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Тек кірме сөздерде келетін дыбыстарды табыңыз.

A) щ, х, һ, й B) в, ф, ч, ц C) б, д, г, ы

D) о, э, ю, я E) ъ, ь, я, ю



  1. Сөзге дұрыс жалғанған қосымшаны табыңыз.

A) киоскіге B) Омсктен C) актқа

D) шрифтті E) ромбта



  1. Сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз.

A) ватқа B) граммдап C) металдың

D) Кузбасстан E) Кириллге



  1. Қай сөзде «т» дыбыс түсіп қалған?

A) жұмыстар B) облысқа C) синустар

D) поездар E) журналистер



  1. Қай сөздің бір дыбысы түсіп қалған?

A) Түнде подъездің жарығы сөніп қалыпты.

B) Асшылар тамақты кеш дайындады.

C) Қызылордада жаңа ескерткіш ашылды.

D) Олар банктен ақша алды.

E) Жайлауда демалған өте керемет.


  1. Сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз.

A) парктан B) треске C) съезі

D) ансамбльге E) рөлі



  1. Сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз.

A) Мен жер қазған геологтармен таныстым.

B) Мен таңертең киоскіден газет алдым.

C) Базардан 3 килограмдап жеміс-жидек алдым.

D) Біз туристік сапарға шықтық.

E) Ол машинаның рульіне отырды.


  1. Үш дауыссызы қатар келген сөздің дұрысын табыңыз.

A) Оның ағасы киоскке келді.

B) Класста ешкім жоқ екен.

C) Бұларды штамптау керк.

D) Құмырсқа тынбай еңбек етеді.

E) «Гүлдер ансамбльінің концерті болды.


  1. Үнді мен қатаң дауыссыздар қатар келген сөзді табыңыз.

A) Биыл қыста ауа райы суық болды.

B) Астана көркейіп келеді.

C) Елімізде жетімдер үйі көбейіп барады.

D) Жиналыста көп мәселе қаралды.

E) Алыстан қарауытып біреу көрінді.


  1. Қазақтың төл сөздерінде сөздің соңында келмейтін дыбысты табыңыз.

A) й B) ш C) б D) з E) п

«Дауыссыз дыбыстардың емлесі» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – B (в, ф, ч, ц – дыбыстары шет тілінен енген сөздерде кездеседі.)

2 – A Қалған сөздерге қосымша былай жалғану керек еді: Омскіден, актіге, шрифтіні, ромбыда.)

3 – B («Грам-дап». Себебі қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына біткен сөзге қосымша жалғанғанда, олардың соңғысы түсіп қалады.)

4 – E (журналистер» Себебі қосарлы ст, сть, зд дыбыстарына біткен сөзге қосымша жалғанғанда, соңғы т, ть, д дыбыстары түсіп қалады.)

5 – A «Подъезд + -дің = подъездің» болады.) (9 – бөлімді қараңыз)

6 – A (рк дыбыстарына біткен сөздерге қосымша әрдайым жіңішке жалғанады. Сонда «парк-тен» болу керек)

7 – E («Геолог-тер» болу керек)

8 – D (Жауабы: Құмырсқа. Қалғандары: киоскіге (киоскке емес), штампылау (штамптау емес), ансамблінің (ансамбльінің емес), класта (класста емес)

9 – B («Көркейіп» сөзіндегі р – үнді дауыссыз дыбыс, к – қатаң дауыссыз дыбыс)

10 – C

«Буын», «Тасымал», «Екпін» тақырыптары бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


  1. Бос орынға қай сөз сәйкес келеді?

Сөзде қанша ..... болса, сонша буын болады.

A) дауыссыз дыбыс D) қосарлы дыбыс

B) дауысты дыбыс E) үнді дауыссыз

C) әріп


  1. Қай сөздің 4-ші буыны тұйық буын?

A) Тарихи жерлерді аралау өте керемет.

B) Ата-бабаларымыз өте мәдениетті халық болған.

C) Таудан төменге қарай құлдилады.

D) Ақырын басып үйге жақындады.

E) Оның туысқаны жау тылында қаза тапты.


  1. Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз.

A) құ-мырс-қа B) дау-ыл-паз C) би-ік-тік

D) ке-мең-гер E) бо-яу-шы



  1. Бірыңғай жуан буынды сөзді көрсетіңіз.

A) Асылбек кітабын сөмкеден таппады.

B) Қыстыгүні үйге көмір әкелдік.

C) Әскерлер күні-түні жүгірді.

D) Кәсіпорындар бірлестігінің мәжілісі ертеңге өзгертілді.

E) Біз қазірге дейін міндетімізді түсінген емеспіз.


  1. Қай сөзде тасымалданбайтын буын бар?

A) тәрбие B) жәрмеңке C) бәтеңке

D) шемішке E) күртеше



  1. Тасымалданбайтын сөзді табыңыз.

A) аспан B) жақсы C) тату

D) ақын E) шешен



  1. Қазақ тілінде қай буынға екпін түседі?

A) ортаңғы буын D) ортаңғы ашық буын

B) бірінші буын E) ешбір буын

C) соңғы буын


  1. Екпін түспейтін қосымшаны табыңыз.

A) септік жалғауы D) көптік жалғауы

B) жіктік жалғауы E) жұрнақ

C) тәуелдік жалғауы


  1. Қай сөзге екпін түспейді?

A) күрделі сөз D) туынды сөз

B) көмекші сөз E) біріккен сөз

C) туынды сөз


  1. Сөзді айтқандағы дауыс толқынын не дейді?

A) тасымал B) әріп C) дыбыс

D) буын E) екпін



«Буын», «Тасымал», «Екпін» тақырыптары бойынша

тест сұрақтарының жауаптары

1 – B


2 – B (Жауабы: «мә-де-ни-ет-ті» сөзіндегі «ет» буыны – тұйық буын.)

3 – B (Жауабы: «дауылпаз» сөзі. Дұрысы: да-уыл-паз.)

4 – А (Жауабы: «таппады»)

5 – A (Жауабы: тәрби-е)

6 – D (Жауабы: а-қын.)

7 – C , 8 – B, 9 – B, 10 – D



«Үндестік заңы» және «Ілгерінді ықпал» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Буын үндестігіне бағынбай жалғанған қосымшаны табыңыз.

A) Омар қалам мен қарындаш алды.

B) Ертең емханаға баруым керек.

C) Ол оқырмандардың сұрағына жауап берді.

D) Менің туысқаным қалада тұрады.

E) Балалар жұмыс істеп жүр.


  1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қатарын табыңыз.

A) -лар, -лер B) -кер, -гер C) -дан, -ден

D) -тың, -тің E) -лас, -лес



  1. Қай қосымша буын үндестігіне бағынбай тұр?

A) мансапқор B) кәсіпкер C) төрежан

D) аурухана E) күлекеш



  1. Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбайды?

A) барыс септік B) жатыс септік C) шығыс септік

D) табыс септік E) көмектес септік



  1. Қай әріпке аяқталған жіңішке буынды сөзге қосымша жуан жалғанады?

A) т B) с C) х D) ц E) л

  1. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздер қатарын табыңыз.

A) шекара, баспасөз, баспана

B) аман-есен, асты-үсті, әрі-бері

C) Екібастұз, Алакөл, Бәйгеқұм

D) отағасы, тасбақа, біршама

E) ешқашан, кейбір, әлдеқайда


  1. Сөз ішіндегі ілгерінді ықпалды табыңыз.

A) қара ала B) Бозжан C) көзқарас

D) саққұлақ E) ала қаз



  1. Дыбыс үндестігі деген не?

A) соңғы буынның жуан болуына қарай қосымшаның жуан жалғануы

B) сөзде жуан-жіңішке дауыстылардың араласып келуі

C) соңғы буынның жуан болса да, қосымшаның жіңішке жалғануы

D) қатар келген екі дыбыстың бір-біріне әсер етуі

E) соңғы буынның жіңішке болуына қарай қосымшаның жіңішке жалғануы


  1. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды табыңыз.

A) Мен жастық шағымды сағындым.

B) Ол есіктен сыртқа шықты.

C) Мен тапсырманы түсіндіріп болдым.

D) Пышақтың ұшы майысып қалыпты.

E) Дауыл басылды.


  1. Сөз бен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпалды табыңыз.

A) Кешкісін есікті ашсын.

B) Болат әскерде аспазшы болған.

C) Оның әкесі соғыстан аман келді.

D) Жомарт жайбарақат отыр.

E) Биылғы қыс қатал болды.
«Үндестік заңы» және «Ілгерінді ықпал» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – B, 2 – B, 3 – C (Жауабы: төре-жан)

4 – E (Көмектес септіктің -мен, -мен, -пен жалғаулары буын үндестігіне бағынбай жалғанады.)

5 – C (Х әрпіне біткен сөзге қосымша жуан түрде жалғанады.)

6 – C, 7 – C (көзқарас / көзғарас), 8 – D

9 – C (түсіндіріп болдым / түсіндіріп полдым)

10 – A (ашсын / ашшын)

«Кейінді ықпал», «Орфография және орфоэпия» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


  1. Жазылуда ескерілетін кейінді ықпалды табыңыз.

A) Үйдің ауласы тап-таза.

B) Асан суды төгіп тастады.

C) Таңғы сағат бесте жолға шықтық.

D) Бұл айтыста Сакен жеңіп кетті.

E) Ол сөзден жеңіліп масқара болды.


  1. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.

A) Біріне-бірі алшақ салынған он шақты үй тұр.

B) Жерұйықты іздеп жөнелді.

C) Олжабек табиғатында момын, қақ-соқпен ісі жоқ кісі.

D) Аманғалидың мазасы болмай отыр.

E) Ғабиденнің «Өмір мен өлім» романы жарық көрді.


  1. Сөз аралығындағы кейінді ықпалды табыңыз.

A) Он жылдың ішінде талай шығармалар дүниеге келді.

B) Олардың отау құрғанына биыл отыз жыл болады.

C) Бір кездерде ақынның қасына еріп жүрген еді.

D) Батыраш тым-тырыс болып, жерге кіргендей күйге түседі.

E) Соғыс кезінде жаудың қорғанысын бұзып кетті.


  1. Кейінді ықпалды табыңыз.

A) Мен бұл өлеңді газеттен жазып алдым.

B) Жиылып тұрған халық шулап қоя берді.

C) Далаға шықсаң, көк пен жерді көресің.

D) Ит – адамға шын дос жануар.

E) Екі әскер жолдың шетіне отырып тынықты.


  1. Орфоэпиялық заңдылықпен жазылған сөзді табыңыз.

A) жұлын B) құман C) құмұрсқа

D) бұрыс E) Гүлнұр



  1. Сөз бен қосымша арасындағы кейінді ықпалды табыңыз.

A) Менің сұрағаным бола қоймады.

B) Сөйлесіп тұрған бала кенеттен тоқтай қалды.

C) Өлі риза болмай, тірі байымас.

D) Менің қазақ тілін үйренгім келеді.

E) Су айнадай тап-таза екен.


  1. Орфоэпия бойынша жазылған сөзді табыңыз.

A) Сарыағаш B) дейінгі C) кемеңгер

D) бейбітшілік E) күндүз



  1. Естілуі бойынша жазылған сөзді табыңыз.

A) сыйымдылық B) тайаныш C) қиыншылық

D) жиналыс E) хайуан



  1. Қай сөз орфографиялық нормаға сәйкес жазылған?

A) біріңғай B) Бегарыс C) Жаңғожа

D) бұлұттұ E) Жанпейіс



  1. Дәстүрлі принцип бойынша жазылған сөзді табыңыз.

A) бастаңғы B) диуана C) жаңбыр

D) қоңыз E) мақсат


«Кейінді ықпал», «Орфография және орфоэпия» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – B (Жауабы: төгіп / төк+іп)

2 – D (Жауабы: Аманғалидың / Амаңғалидың)

3 – B (Жауабы: отыз жыл / отыж жыл)

4 – A (Жауабы: жазып алдым / жазыб алдым)

5 – C, 6 – D (Жауабы: үйренгім / үйреңгім)

7 – E, 8 – B, 9 – E, 10 – B
«Көнерген сөз», «Жаңа сөз», «Диалект сөз» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


  1. Неологизмге айналған көнерген сөзді табыңыз.

A) машайық B) сопы C) жамағат

D) діни басқарма E) муфтият



  1. Архаизмнен болған тіркесті табыңыз.

A) үлкен планета D) валюта бағамы

B) Абай даңғылы E) физикалық карта

C) нарықтық экономика


  1. Бұрын көнерген сөз болып қазір неологизмге айналған сөзді табыңыз.

A) апрель B) ай C) ғасыр

D) апта E) байрақ



  1. Синоним болатын диалектілерді табыңыз.

A) түбек, шүмек D) кебеже, сандық

B) ауқат, тамақ E) қоржын, қалта

C) былғары, тері


  1. Көнерген сөздердің қатарын табыңыз.

A) дуанбасы, пролетарият, қаған

B) әсемпаз, өнерпаз, қыдырымпаз

C) бизнес, карьера, орден

D) акция, чек, бағалы қағаз

E) тәуелсіздік, егемендік, азаматтық


  1. Қай қатар неологизм сөздерге жатады?

A) анализ, скидка D) градус, температура

B) класс, лампа E) хандық, барымта

C) сәулет, пайыз


  1. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздерді не дейді?

A) көнерген сөз D) термин сөз

B) диалект сөз E) кәсіби сөз

C) кірме сөз


  1. “Тырық”, “көтерем” диалектілерінің әдеби тілдегі баламасын табыңыз.

A) зәулім B) шалғай C) арық

D) ескі-құсқы E) кішкентай



  1. Сөйлемдегі диалект сөзді табыңыз.

A) Табалдырықта отырма.

B) Бидайға орақ түскелі тұр.

C) Бау-бақшадан жеміс тердік.

D) Бүгін азанда ерте ояндым.

E) Оның нағашысы әскерден келді.


  1. Историзмді табыңыз.

A) мешіт B) имам C) жамағат

D) қылует E) муфти



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет