Қадірлі талапкер!



бет14/14
Дата27.11.2019
өлшемі1.67 Mb.
#447567
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
KAZAK TILI KATEV SON


«Көнерген сөз», «Жаңа сөз», «Диалект сөз» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары

1 – E («Муфтият» қазір «діни басқарма» ұғымымен қатар қолданылады.)

2 – A ("планета" сөзі қазір ғаламшар деп аталады.)

3 – E, 4 – B («Ауқат, тамақ» сөздері - «тағам» сөзінің диалектісі.)

5 – A, 6 – C («Сәулет, пайыз» бұрын «архитектура, процент» деп аталатын.)

6 – B, 8 – C, 9 – D («Азанда» сөзі «таңертең» сөзінің диалектісі болып табылады.)

10 – D ("Қылует" жер асты мешіт деген мағына береді. Қазір бұл мешіт түрі қолданылмайды.)
«Термин сөз», «Кірме сөз», «Кәсіби сөз» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


  1. Қай сөйлемде термин сөз бар?

A) Апам ұршық иіріп отыр.

B) Жазда қауын-қарбыз жеуге бардық.

C) Еуразия – ең үлкен құрлық.

D) Кеше қатты бұрқасын болды.

E) Балалар балық аулауға кетті.


  1. Терминдерге тән ең басты белгі не?

A) дара мағыналы.

B) көп мағыналы.

C) жалпы халыққа түсінікті.

D) белгілі аймақта ғана қолданылады.

E) халық арасында жиі қолданылады.


  1. Екі сыңары да кірме сөзден болған қос сөзді табыңыз.

A) адам жаны B) азды-көпті C) тарс-тұрс

D) оқу-білім E) хат-хабар



  1. Әрі термин сөз, әрі кірме сөз болатын сөзді табыңыз.

A) бағам B) ұжым C) қор

D) нарық E) нотариус



  1. Кірме сөзде қандай заңдылық сақталмайды?

A) орфографиялық заңдылық D) стильдік ерекшелік

B) орфопиялық заңдылық E) пунктуация

C) үндестік заңы


  1. Тілдің сөздік құрамын байытатын сөзді табыңыз.

A) диалект сөз B) көнерген сөз C) кәсіби сөз

D) термин сөз E) кірме сөз



  1. Қай кәсіби сөз су шаруашылығына жатады?

A) диірмен B) мұрап C) масақ

D) көсеу E) келі



  1. Кәсіби сөздер қатарын белгілеңіз.

A) ықпал, буын, екпін D) тұсау, тоқым, үзеңгі

B) синус, параллель, ромб E) ұзын, биік, алыс

C) білім, тұрмыс, тіршілік


  1. Синонимдес сөздерді табыңыз.

A) жуа, сарымсақ D) сым, леген

B) қаңылтыр, сым E) бал, әсел

C) қызамық, кекіре


  1. Диалект сөзден болған кәсіби сөзді табыңыз.

A) шемішке B) полюс C) глобус

D) кернеу E) тарих


«Термин сөз», «Кірме сөз», «Кәсіби сөз» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары

1 – C (Құрлық – география ғылымында қолданылады.)

2 – A, 3 – E («Хат, хабар» сөздері араб тілінен енген.)

4 – E, 5 – C (Кірме сөздерде үндестік заңы сақ-талмайды, яни көптеген кірме сөз-дерде жуан-жіңішке дауыстылары ара-ласып келе береді. Мысалы, кітап, киоск.)

6 – E, 7 – B (Мұрап – суды қадағалап отыратын адам)

8 – D (Тұсау, тоқым, үзеңгі – мал шаруашылығында қолданылатын сөздер)

9 – E («Бал» сөзінің Оңт.Қазақстандағы диалектісі «әсел»)

10 – A (Шемішке – кәсіби сөз әрі диалект сөз. Әдеби баламасы – күнбағыс.)



«Табу сөз», «Эвфемизм мен дисфемизм» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. “Мырза жігіт”, “кенже бала” сөздері қай сөзге қатысты?

A) дисфемизм B) эвфемизм C) табу

D) көнерген сөз E) тұрақты тіркес



  1. Табиғат құбылысына қатысты табу сөзді табыңыз.

A) ұлыма B) жасыл түсу C) соқырішек

D) жаман ауру E) дауыл



  1. Табу сөздер неден туындаған?

A) салт-дәстүр B) сыпайылық C) ем

D) ырым E) аты белгісіз болу



  1. Дөрекі сөзді сыпайылап жеткізу қалай аталады?

A) дисфемизм B) табу C) тура мағына

D) метонимия E) эвфемизм



  1. Эвфемизмге жататын сөзді белгілеңіз.

A) найзағай B) қасқыр C) бақиға аттану

D) ұлыма E) жын



  1. Эвфемизмге жататын тұрақты тіркесті табыңыз.

A) қолды болыпты B) ашық мінез C) жүрек жұтқан

D) тілі күрмелді E) қарны ашты



  1. Эвфемизм бойынша “ сөзуарлау ” сөзі қай сөзді алмастырады?

A) салақ B) шешен C) мылжың

D) бәдік E) олақ



  1. Қай сөз грек тілінде “сыпайы сөйлеймін” деген мағына береді?

A) эвфемизм B) дисфемизм C) табу

D) идиома E) архаизм



  1. Сөйлемдегі дисфемизмді табыңыз.

A) Оның бір көзінің мүкістігі бар еді.

B) Асанның қартайған шағында бір құлағы естімей қалды.

C) Ақанның бойы ұзын болғандықтан, балалар оны «Ұзынтұра» деп мазақтайтын.

D) Ұлы Отан соғысынан оралғандардың көбі бір мүшесін соғыс даласында қалдырып кеткен еді.

E) Болат әрдайым кемтар адамдарға көмектесетін еді.


  1. Табу сөзді табыңыз.

A) Келін қайынын өз атымен атамайды.

B) Сарқыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен.

C) Келіншек болған оқиғаны қайын енесіне жеткізеді.

D) Естіген жұрт келіншектің тапқырлығына тәнті болады.

E) Қазақтар кейбір табиғат құбылыстарын өз атымен айтпаған.

Табу сөз», «Эвфемизм мен дисфемизм» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары

1 – C (“Мырза жігіт”, “кенже бала” сөздері – табу әдісі бойынша келіннің қайныларына қойған аттары.)

2 – B (Жасыл түсу – жай түсудің орнына қолданылады.)

3 – D, 4 – E, 5 – C («Бақиға аттану» сөзі «өлу» деген сөздің орнына қолданылады.)

6 – A (Қолды болу» сөзі «ұрлану» деген сөздің орнына қолданылады.)

7 – C, 8 – А, 9 – C («Ұзынтұра» сөзі «ұзын бойлы» деген сөздің орнына қолданылады.)

10 – B

«Тұрақты тіркес», «Идиома(лық тіркес)» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


  1. Қай тұрақты тіркес “әділ” деген мағынаны береді?

A) Тонның ішкі бауындай D) Қара қылды қақ жарған

B) Ала жіпті аттамау E) Мұрнынан шаншылу

C) Он саусағынан бал тамған


  1. Антонимдес фразеологизмдерді табыңыз.

A) Су жүрек – жүрек жұтқан

B) Мойнына су кету – ит өлген жер

C) Көз жұмды – жүріп кетті

D) Көзге түртсе көргісіз – тайға таңба басқандай

E) Шашбауын көтеру – тақиясына тар келу


  1. Қай тұрақты тіркестің мағынасы дұрыс көрсетілген?

A) мұрнын шүйіру – дәмелену D) сілесі қату - әбден шаршау

B) сөз беру – таң қалу E) сүттей ұйыды – келіспеді

C) зығыры қайнау - өлу


  1. Мағынасы синонимдес тұрақты тіркестерді табыңыз.

A) бауыр басу – ақ саусақ

B) таяқ тастам жер – сүт қайнатым уақыт

C) екі езуі құлағында – төбесі көкке жету

D) ит арқасы қиянда – маңдайының соры бар

E) көз ілмеу – көз шырымын алу


  1. Идиомалық тіркесті табыңыз.

A) Жазда Асанбай аулы осы төңіректің сай-саласын мекендейді.

B) Бұл өңірдің ауылдары алты бақан ала ауыз боп біріккен емес.

C) Күз келісімен, бұлар қыстауға көшудің амалына кірісті.

D) Данагүл саумалы малдарды сатуға қарсы шықты.

E) Шаруаның ісі бітпейтінін ол енді түсінгендей болды.


  1. Мақал-мәтелден тұрақты тіркесті табыңыз.

A) Денсаулық - зор байлық. D) Оқу инемен құдық қазғандай.

B) Ештен кеш жақсы. E) Көп түкірсе, көл болады.

C) Сабыр түбі – сары алтын.


  1. "Алыс" мағынасындағы идиомалық тіркесті табыңыз.

A) ит жеккен B) ер қашты C) асқар тау

D) көз аларту E) ат арытып, тон тоздырып



  1. Бастауыш қызметіндегі тұрақты тіркесті табыңыз.

A) Олар көптен бері қырғи қабақ болып, бір-бірін аңдысып жүр.

B) Аузы күйген үрлеп ішер.

C) Олар суықта қалып, тісі тісіне тимей жаурады.

D) Істің насырға шапқанын сезген Оспан сыртқа шығып кетті.

E) Ұяттан кірерге тесік таппаған бала қып-қызыл болып кетті.


  1. Тұрақты тіркесті тіл білімінің қай саласы зерттейді?

A) фонетика B) семасиология C) синтаксис

D) морфология E) фразеология



  1. Идиомалық тіркестер қатарын табыңыз.

A) ағама жеңгем сай, апама жездем сай, азуы алты қарыс

B) кең балақ, жалпы етек,кең дүние тар болу, көлденең сөз

C) алақанына түкірді, араны ашылды, ас аш өзегіне түсті

D) жер болу, жер жұту, жер қабу

E) аузымен орақ ору, жел аяқ, өгіз аяң, әпер бақан

«Тұрақты тіркес», «Идиома(лық тіркес)» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары

1 – D, 2 – A (Су жүрек – қорқақ, жүрек жұтқан – батыр)

3 – D, 4 – C (Екі тұрақты тіркестің де мағыналары «қуану» дегенді білдіреді.)

5 – B (алты бақан ала ауыз – бірлігі жоқ)

6 – D (инемен құдық қазғандай – қиын)

7 – A (ит жеккен – алыс)

8 – B (Аузы күйген (кім?) үрлеп ішер.)

9 – E, 10 – E (аузымен орақ ору – бір нәрсені тек сөз жүзінде орындау, жел аяқ – жылдам жүргіш, өгіз аяң – жай, әпер бақан – есі дұрыс емес.)



«Мақал мен мәтел», «Нақыл сөз» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Кейін пайда болған мақалды табыңыз.

A) Ерінбесең - емерсің

B) Ұрлық түбі - қорлық

C) Айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жарады.

D) Сабыр түбі – сары алтын.

E) Отан оттан да ыстық.


  1. Мақалға тән ерекшелікті табыңыз.

A) Бір ғана сөзден тұрады

B) Құрамындағы сөздер ауыстыруға келеді.

C) Ой тұжырымдалып, түйінді пікір түрінде айтылады.

D) Көпшілікке үндеу мақсатында айтылады.

E) Авторы белгілі болады.


  1. Мақалдың мағынасын анықтаңыз.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі түседі.

A) білім туралы D) үлкенді құрметтеу туралы

B) ақыл-парасат туралы E) ынтымақ, бірлік туралы

C) тәлім-тәрбие туралы



  1. Уәдеде тұрудың маңызы туралы мақалды табыңыз.

A) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

B) Ақылды қария – ағын дария.

C) Әзіл айтсаң да, әділ айт.

D) Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.

E) Еменнің иілгені - сынғаны,

Жігіттің екі сөйлегені - өлгені.




  1. Мақалды табыңыз.

A) Әкесінің баласы – адамның дұспаны, Адамның баласы – бауырың.

B) Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргенінен емес.

C) Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың.

D) Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.

E) Ақыл азбайды, әділдік тозбайды, арамдық озбайды.


  1. Мәтелді табыңыз.

A) Балалы үй – базар.

B) Отан оттан да ыстық.

C) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

D) Жері байдың – елі бай.

E) Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.


  1. Мәтелдің белгісін табыңыз.

A) Эмоциялық мағына басым болады.

B) Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады.

C) Ой нақты айтылады.

D) Үлгі-өнеге түрінде айтылады.

E) Біріншісі екінші сөйлемінің шарты болып келеді.


  1. Афоризмді табыңыз.

A) Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

B) Оқу-білімсіз өнер де жоқ, өнерпаз болу үшін де, ең алдымен, білім керек.

C) Оқу - білім бұлағы, білім-өмір шырағы.

D) Оқу инемен құдық қазғандай.

E) Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.


  1. Нақыл сөзді табыңыз.

A) Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір.

B) Асыл - тастан, ақыл - жастан.

C) Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.

D) Қына тасқа бітеді, білім жасқа бітеді.

E) Жемісті ағаш жерге иіліп тәжім етеді.


  1. Қайсысының көбінесе авторы белгілі болады?

A) мақал B) мәтел C) тұрақты тіркес

D) нақыл сөз E) идиома



«Мақал мен мәтел», «Нақыл сөз» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары

1 – E (Отан оттан да ыстық – нақыл сөз. Авторы – Б.Момышұлы. Қазір оны мақал жатқызып жүр.)

2 – C

3 – E


4 – E

5 – D (Қалғандары – А.Құнанбайұлының 37-қарасөзіндегі нақыл сөздер)

6 – E

7 – A (Мәтелде көбіне эмоциялық мағына басым болады. Кекету, мұқату, сынау, мазақтау сияқты ойды көруге болады.)



8 –B

9 – C


10 – D
«Сөздің тура және ауыспалы мағынасы», «Сөздің көп мағынасы» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

A) қара тас B) жуас кісі C) тас жүрек

D) терең ойлы E) ыстық ықылас



  1. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

A) Ат арылту B) Ат сату C) Ат ойнату

D) Ат салысу E) Ат ізін суытпау



  1. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

A) Ол әйеліне алтын алқа сатып алды.

B) Айман оған жылы лебізін білдірді.

C) Түнгі ауа салқындай бастады.

D) Күзгі дала сары жапырақтан көрінбейді.

E) Бұл мәселе туралы басшылармен ақылдасты.


  1. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз.

Аспанда қалықтаған құстың қанаты анық көрінеді.

A) аспан B) қанат C) құс

D) қалықтау E) анық


  1. «Полисемия» деген не?

A) дара мағыналы B) мағынасы жоқ C) тура мағына

D) көп мағыналы E) ауыспалы мағына



  1. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.

A) Қалада өзбек ұлттық мәдени орталығы бар.

B) Олар ертелі-кеш еңбек етіп жүр.

C) Адамның ықылас-ниеті жақсы болсын.

D) Оны көрмегелі біршама жылдар өтті.

E) Көктемде отырғызылған жас шыбықтардың жапырағы шыға бастапты.


  1. «Суық хабар» - Асты сызылған сөз қандай мағына беріп тұр?

A) көптен күткен B) сүйініш C) қайғылы

D) қуанышты E) күтпеген



  1. Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз.

A) шалғай ауыл B) ақ қар C) кең сынып

D) жазық дала E) құрғақ сөз



  1. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

A) Қолындағы малын ермек етіп отыр.

B) Кіші інісі мектепті бітіргелі жатыр.

C) Оның әжесі көп ертегі білетін.

D) Мұсаның атасы жалпақ жұртқа танымал болған.

E) Алыстағы ауылдардың көптеген қиындықтары бар.


  1. Қай сөйлемде "қара" сөзі ауыспалы мағынада қолданылған?

A) Олар қара тастан үй тұрғызды.

B) Біз үйдің іргетасын қара бояумен боядық.

C) Хат қара сиямен жазылыпты.

D) Қодар жырда қара күштің иесі ретінде суреттеледі.

E) Ол бүгін қара костюмін киіпті.

«Сөздің тура және ауыспалы мағынасы», «Сөздің көп мағынасы» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары

1 – A (жуас кісі – момын кісі, тас жүрек – қатігез, терең ойлы – ақылды, ыстық ықылас – шын ниет)

2 – B (Ат арылту – әуре болу, ат ойнатты – басынды, ат салысу – көмектесу, ат ізін суытпау – жиі келіп тұру)

3 – B (жылы лебіз білдірді – ілтипат көрсетті)

4 – B, 5 – D, 6 – E (жас шыбық), 7 – C, 8 – E (құрғақ сөз – бос сөз) 9 – D (жалпақ жұрт – барлық адамдар), 10 – D (қара күш - қатігездік)
«Омоним», «Антоним» тақырыптары бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


  1. Омоним бола алмайтын бір ғана мағынада қолданылатын қосымшаны табыңыз.

A) -дай, -дей B) -ды, -ді C) -ма, -ме

D) -дық, -дік E) -тау, -теу



  1. Омоним бола алатын сөзді табыңыз.

A) қағаз B) кітап C) бет

D) мұқаба E) оқулық



  1. Асты сызылған сөздердің мағыналық түрін көрсетіңіз.

Айналайын қарағым, Бетіңе келмес қарағым.

A) синоним B) антоним C) омоним

D) тура мағына E) көп мағына


  1. Омонимді табыңыз.

A) Тал түсте далаға шықты.

B) Бала бал арасын тамашалады.

C) Жас шақта уақыттың қадірін біл.

D) Ол тартпаның тұтқасын тартты.

E) Ол менің бір аптадан бері нан жемегеніме нанбады.


  1. Мақалдардан антоним сөздерді табыңыз.

A) Ер мойнында қыл арқан шірімес.

B) Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.

C) Ананың көзі балада, баланың көзі далада

D) Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле.

E) Көз – қорқақ, қол – батыр.


  1. Антонимді табыңыз.

A) ит арқасы қиянда – таяқ тастам жер

B) іші жылу – көз жұму

C) аяқ алысы – қолы жүру

D) табанын жалтырату – қарасын батыру

E) ат қою – айдар тағу


  1. Антонимдес сөз тіркесін табыңыз.

A) асқар тау, телегей теңіз D) тал түсте, күз мезгілде

B) кең дала, айдын көл E) ала жаздай, қыс бойы

C) денсаулығы жоқ, ақшасы бар


  1. Антонимді табыңыз.

A) уақ-түйек, майда-шүйде D) азын-аулақ, қым-қиғаш

B) құт-береке, мәз-мейрам E) бұрын-соңды, ертелі-кеш

C) бүге-шіге, егжей-тегжей


  1. Антоним сөзді табыңыз.

A) Халық үшін қалтқысыз еңбек ет.

B) Бүгінде халық құл, қожа болып бөлінбейді.

C) Әскер беті қызарып сөйлей алмай қалды.

D) Олар бүгін - ертең келіп қалар.

E) Олар жол-жөнекей көп тоқтады.


  1. Мағыналары қарама-қарсы сөздерді табыңыз.

A) Ол мейрамдарда көрші-қолаңды аралап кетеді.

B) Ол баладан бәрін бүге-шінесіне дейін сұрап алды.

C) Соғыстан кейін бұл жердің астан-кестені шықты.

D) Кең зал ығы-жығы.

E) Ол судың ыстық-суығына қарамай қотарып салды.
«Омоним», «Антоним» тақырыптары тақырыбы бойынша

тест сұрақтарының жауаптары

1 – E (-тау, -теу - салыстырмалы шырай жұрнағы. Қалғандары ең аз екі түрлі жерде кездеседі. Мысалы, -ды, -ді: 1) табыс септік жалғауы (суды (нені?) ішті); 2) Жедел өткен шақ жұрнағы (оқыды (не істеді?));

2 – C (бет: 1) адамның беті; 2) кітаптың беті)

3 – С, 4 – Е (нан: 1) бидайдан жасалған тағам түрі, 2) сену)

5 – E (қорқақ – батыр), 6 – E, 7 – E (жаз бойы – қыс бойы)

8 – E, 9 – B (құл – қожа), 10 –E (ыстық – суық)



«Синоним», «Сөздің ауыспалы мағынасының көркем әдебиетте қолданылатын түрлері» тақырыптары бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Синоним емес қатарды көрсетіңіз.

A) байсалды, байыпты D) ағайын, туыс

B) шалғай, қашық E) көмескі, ескі

C) сәт, мезет


  1. “Ауру” сөзінің синонимдік қатарын табыңыз.

A) дауа, шипа, ем D) соқырішек, аққан, қышыма

B) айна, әйнек, терезе E) медбике, дәрігер, дәріхана

C) мерез, сырқат, кесел


  1. Төмендегі тіркестер қай топқа жатады? Қырық пышақ, қырғи қабақ

A) синоним D) тура мағына

B) омоним E) ешбіріне жатпайды

C) антоним


  1. Қай қатар синонимдік қатар бола алмайды?

A) ауыл-аймақ, көрші-қолаң

B) бірен-саран, бірлі-жарым

C) анда-санда, оқта-текте

D) аман-есен, сау-саламат

E) құрбы-құрдас, жора-жолдас


  1. Синонимді табыңыз.

A) Таңертең қорадағы екі-үш тұяқты өріске айдап шықты.

B) Ол жазушылық өнерге өте жас кезінен бастады.

C) Күләштің әншілік өнері әлемге әйгілі.

D) Қауіп бар жерде қатер бар.

E) Дауылдан кейін тыныштық орнаған.


  1. Синоним сөйлемде қай сөйлем мүшесі болып тұр?

Исекең Бекболаттың ер жүректігін, қайтпас қайсарлығын көрсететін мысалдар келтіреді.

A) бастауыш D) пысықтауыш

B) анықтауыш E) баяндауыш

C) толықтауыш



  1. Метафораны табыңыз.

A) Өмірде мақсатсыз ешбір әрекет жоқ.

B) Бұл - әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет тәсіл.

C) Осы оқиғаға Қуандық мынадай әдемі өлең жазды.

D) Гималай – көктің кіндігі, Гималай – жердің түндігі.

E) Қазақстан – республикам менің.


  1. Метонимияны табыңыз.

A) Ей, қораз, шақырасың ерте-кеш!

B) Үйі мәз боп қой сойды, сүйіншіге шапқанға.

C) Қап-қара, мөп-мөлдір, тұп-тұнық көзіңді-ай!

D) Қыңыр болды не керек,- болайын деп болды ма?

E) Торғын төсін тосады таңға жайып...


  1. Синекдоханы табыңыз.

A) Әй, сақал! Бұл арадан Плюшкинге қалай баруға болады?

B) Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға, жігіттер, бәріңіз де сұқтанарсыз.

C) Мен – тауда ойнаған қарт марал.

D) Хан емессің, қасқырсың.

E) Қайран батырым-ай! Арыстандай ерім едің-ау!


  1. Асты сызылған сөздер қандай сөздің орнына жұмсалып тұр?

Оның қорасында бес-алты тұяғы ғана бар.

A) байлық D) аң-құс

B) аяқ E) тауық

C) мал
«Синоним», «Сөздің ауыспалы мағынасының көркем әдебиетте қолданылатын түрлері» тақырыптары бойынша



тест сұрақтарының жауаптары

1 – E («көмескі» сөзі «бұлыңғыр» деген мағына береді)

2 – C

3 – A («Қырық пышақ, қырғи қабақ» – тұрақты тіркестернің мағынасы бірдей, «ұрысу»)



4 – A

5 – D (қауіп, қатер)

6 – C (ер жүректігін, қайтпас қайсарлығын(нені?))

7 – D (Гималайды біресе көктің кіндігіне, біресе жердің түндігіне балап тұр.)

8 – B (Абай болыстың жанұясын, туған-туыстарын түгел тізіп жатқан жоқ, бәрін үйі деген бір сөзбен ғана жеткізген.)

9 – A (Адамның орнына сақалы ғана алынған.)

10 – C

«Сөз құрамы» тақырыбы бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


  1. Біріккен сөзді табыңыз.

A) Талдықорған В) Ашық ауыз адам С) Бес дәптер

D) Қоңыр ала Е) Тісін қайрады



  1. Дара сөзді табыңыз.

A) Тізесін бүкті В) Әкімшілік С) Бес жүз

D) Отыз бестерге Е) Жақсы көру



  1. Күрделі сөзді табыңыз.

A) Қолын жуды D) Жығылып қала жаздады

В) Миллионның жартысы Е) Ол отырды

С) Жарақаттану


  1. Кіріккен сөзді табыңыз.

A) Мөлдір су D) Қазақстан Республикасы

В) Ақыр заман орнату Е) Қабағынан қар жауды

С) Күздігүні


  1. Қысқарған сөзді табыңыз.

A) Көз шырымын алды D) Оқуды үздік оқиды

В) Әлек салды Е) педколледжді бітірді

С) Кетіп бара жатыр


  1. Қысқарған сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз.

A) АҚШ-қа В) медбикеге С) ТМД-на

D) БҰҰ-ны Е) см-ден



  1. Екі сыңары да мағынасыз қос сөзді табыңыз.

A) ағалы-інілі В) басқа-басқа С) жекпе-жек

D) оқта-текте Е) жап-жасыл



  1. Туынды сөзді табыңыз.

A) Жазып отыр D) Қуыс мойын

В) От ала келу Е) Сіздің ойыңыз

С) Жиналысқа қатысу


  1. Қайталама қос сөзді табыңыз.

A) балапандар В) бала-шаға С) анда-санда

D) бетпе-бет Е) киім-кешек



  1. Жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыңыз.

A) балалар В) қалалық С) жауырын

D) қауырсын Е) дауыл


«Сөз құрамы» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – A (Талды+қорған)

2 – B


3 – D ("Жығылып қала жаздады" – күрделі етістік)

4 – C ("Күздің күні" деген сөздің әріптік өзгеріске ұшырап бірігуі арқылы жасалған, сондықтан ол кіріккен сөз деп аталады.)

5 – E (педагогикалық колледж (бірінші сөздің бірінші буынының қысқаруы мен келесі сөздің толық алынуынан жасалған))

6 – C (дұрысы: ТМД-ға)

7 – D

8 – C (Жина – л – ыс (– л – ыс – жұрнақ))



9 – D ("бетпе-бет" қос сөзі "бет" сөзінің қайталануы арқылы жасалған)

10 – B ("-лық" – жұрнақ)



«Қосымша» тақырыбы бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. кергеКөптік жалғауынсыз көптік ұғым беретін сөзді белгілеңіз.

A) құм, қымыз В) дәптер, біз С) әркім, өзен

D) келу, бөкен Е) қазақ, ақын



  1. Жай септеу үлгісіндегі сөзді белгілеңіз.

A) Әділдігі В) Кітабымды С) Сәніңізге

D) Баламның Е) Адасқанның



  1. Табыс септік жалғауындағы сөзді табыңыз.

A) барады В) құлды С) асыранды

D) ағызды Е) оқыған-ды



  1. Сөз түрлендіруші жұрнақты табыңыз.

A) кең маңдайлы В) екеуле С) тыңайтқыш

D) үйшік Е) бірге



  1. Қай тіркесте септік жалғауы жасырын тұрған жоқ?

A) тіл ұстарту В) өнер шашпақ С) сөзді ұғу

D) ой байлығы Е) алма ағаш



  1. Тәуелдік мағына тудыратын жұрнақты табыңыз.

A) -лар,-лер,-тар В) -ның,-нің-дың С) -ым, -ім, -м

D) -нікі,-дікі,-тікі Е) -мын,-сыңдар,-мыз



  1. Жіктік жалғауының көпше түрінің I жағын көрсетіңіз.

A) Онда кеше барғанбыз.

В) Орманға еніп бір-ақ тынықты.

С) Неткен жақсы едің!

D) Таратып ап кетіңдер анау үйлеріңді.

Е) Сен Асанның кіші баласысың ба?


  1. Ортақ тәуелдеу үлгісіндегі сөзді табыңыз.

A) Өлеңім – менің бөбегім.

В) Байлықтың атасы – еңбек.

С) Баламызға доп алдық.

D) Ердің көркі – ел.

Е) Аталарымның өнегесі


  1. Оңаша тәуелдеуді көрсетіңіз.

A) Дәптер біздікі D) Оларға тапсырылған

В) Сендердің жұмыстарың Е) Мен жазыппын

С) Оның өзі


  1. Сөз тудырушы жұрнақты табыңыз.

A) айтқалы, жаза D) әкей, еркежан

В) балгер, тарсыл Е) көрпеше, түйіршік

С) көрсе, естір
«Қосымша» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – A, 2 – E

3 – B (бара-ды – жіктік жалғауы, ағыз-ды – жедел өткен шақ жұрнағы, асыра-нды – жұрнақ, оқыған-ды – нақтылау мәнді демеулік)

4 – D ("-шік" жұрнағы жаңа сөз тудырып тұрған жоқ, сөздің мағынасын аздап түрлендіріп тұр.)

5 – C (тіл-ді ұстарту, өнер-ді шашпақ, ой-дың байлығы, алма-

ның ағаш-ы

6 – D, 7 – A (біз барған-быз)

8 – C (Біздің баламыз)

9 – C, 10 – B (бал-гер, тарс-ыл)



«Зат есім» тақырыбы бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Дара зат есімді көрсетіңіз.

A) тұрған B) оқу C) тасбақа

D ) қиял E) ата-ана



  1. Күрделі зат есімді табыңыз.

A) Зейін B) Білгіш C) әдеп-ғұрып

D) Самғау E) Бос



  1. Жалпы есімді белгілеңіз.

A) “Абай жолы” B) Құлагер C) Балқаш

D) “Жас Алаш” E) Тау



  1. Негізгі зат есімді белгілеңіз.

A) күнделік B) көркем C) ұлық

D) қол E) ұғу



  1. Сөйлемдегі зат есім қай сөз табынан жасалып тұр?

Мен кеше күрегімді жоғалтып алдым.

A) сын есім B) зат есім C) үстеу

D) етістік E) еліктеу


  1. Деректі зат есімді анықтаңыз.

A) тас B) шабуыл C) дәулет

D) азап E) ар-ұят



  1. Дерексіз зат есімді белгілеңіз.

A) алтыбақан B) жер C) даңқ

D) дария E) жусан



  1. Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтары табыңыз.

A) -лық, -дық B) -жан, -еке C) -ғы, -гі

D) -ым, -ім E) -к, -ік




  1. Жанама толықтауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз.

A) Олар найманды шүйелемей қоймас.

B) Су ағуын, жел соғуын тоқтатып, даланың қайғылы мұңын талай тыңдағаны рас.

C) Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің бастауы – желтоқсан оқиғасы.

D) Ол өзінің ағасына хат жазды.

E) Ана тілі ғасырлар бойында жасала да, жасара да береді.


  1. Жалқы есімі бар сөйлемді табыңыз.

A) Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым.

B) Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын.

C) Адам ұлы адамша өмір сүрсін.

D) Үстінде шетін кестелегн ақ көйлек, қызыл пүліш камзол.

E) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол.
«Зат есім» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – D


2 – C

3 – E


4 – D

5 – D (күре-к: күре – етістік)

6 – A

7 – C


8 – B (бала-жан, бас-еке)

9 – D (ағасына – кімге?)

10 – B (Алатау)
«Сын есім» тақырыбы бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


  1. Заттанған сын есімнен жасалған толықтауышты табыңыз.

А) Ілім-дария көл, надандық-сусыз шөл.

B) Жаманға сөз айтсаң, ақыл таппас жауап айтады.

С) Ақымақ бұзуға бар, түзеуге жоқ.

D) Ердің атын еңбек шығарады.

Е) Жаман өз үйінде өзі қонақ.


  1. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған қатыстық сын есімді табыңыз.

А) Сәтжанның қабағы қатулы.

B) Омар сабақты жақсы оқиды.

С) Қоңыр шашының арасынан бас құйқасы көрінеді.

D) Бірі – сұлу, бірі – мықты, бірі – жүйрік.

Е) Адам – тастай берік, гүлдей нәзік жаратылыс.


  1. Күрделі сын есімнен жасалған анықтауышты табыңыз.

А) Керегетастың азу-азу, ирек-ирек тас биіктеріне күн сәулесі ілінді.

B) Күздің әдемі күні туып келеді.

С) Ақшыл бұлттан аспан ашылды.

D) Зейнеп-көргенді, тәрбиелі қыз.

Е) Жан-жақтан көк шалғынның, жусанның иісі аңқиды.


  1. Негізгі сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз.

А) Арман-адам қанаты.

B) Көрмес-түйені көрмес.

С) Айла-алтау, ақыл-жетеу.

D) Көне сөз-жаңа сөздің қазығы.

Е) Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.


  1. Салыстырмалы шырай қатысқан сөйлемді анықтаңыз.

А) Әуе тұп-тұнық, жібектей жұмсақ.

B) Көкшенің қыр арқасы көкшіл гауһар тас сияқтанып тұр.

С) Күнге шағылысқан аппақ қар көзіңді аштырмайды.

D) Жуас торы ат үріккен жоқ.

Е) Ақкөңіл, өте қарапайым адамдар екен.


  1. “Көкпеңбек, аппақ” сөздері қай шырайда қолданылып тұр?

А) жай шырай D) шырайы жоқ

B) асырмалы шырай Е) салыстырмалы шырай

С) күшейтпелі шырай


  1. Сапалық сын есімнен жасалған баяндауышты табыңыз.

А) Өнерлі бала сүйкімді. D) Халық сөзі – қаһарлы.

B) Көп сөз – күміс. Е) Отан – оттан да ыстық.

С) Ел жасымен көрікті.


  1. Туынды сын есімді табыңыз.

A) жылтыр B) биік C) момын

D) кенді E) жұмсақ



  1. Дара сын есімді тіркесті табыңыз.

A) хош иісті зат B) аппақ қар C) киім тазаланды

D) көгілдір аспан E) теп-тегіс жол



  1. Негізгі сын есімді табыңыз.

A) түртіншек B) батыл C) шыдамды

D) адам E) рухани


«Сын есім» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – B, 2 – E, 3 – A, 4 – E, 5 – B,

6 – C, 7 – B, 8 – D, 9 – D, 10 – B

«Сан есім» тақырыбы бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


  1. Күрделі сан есімді табыңыз.

А) мыңдап В) елулерде С) жүз

D) екеу Е) екі бүтін оннан үш



  1. Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылмайды?

А) он оннан В) отыз қырықтарда С) екеу үшеу

D) төрт мың Е) үш төрт



  1. Сан есімнің сөйлемде атқаратын негізгі қызметі не?

А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш

D) анықтауыш Е) пысықтауыш



  1. Шығыс септігінде тұрып, пысықтауыш болатын сан есім түрі қайсы?

А) есептік В) реттік С) жинақтық

D) бөлшектік Е) топтау



  1. «-ншы» жұрнағы жалғанатын сан есімді көрсетіңіз.

A) екі B) он сегіз C) жиырма алты

D) он E) мың



  1. Реттік сан есім қай қатарда дұрыс жазылған?

A) X-сынып B) 2004-жылы C) 24-қараша

D) 1-інші үй E) 3-алма алды



  1. Баяндауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.

А) Той өтті үшеуімізді күрсіндіріп.

В) Екі жастың қуанышы тойланды.

С) Сіз бірінші орынға адамзаттың қара күшін қойдыңыз.

D) Екеуіне сүйсінумен өтермін.

Е) Ән айтатын өнерпаздар – осы үшеуіміз.


  1. Қай сөйлемде сан есім емлеге сай жазылған?

  1. 1845-жылы ұлы Абай дүниеге келген.

  2. Жолдастарымның кеткеніне екі үш күн болды.

  3. Сағат 6 ға 10 минут қалғанда Азамат пәтерінен шықты.

  4. 30-40-тай адам жиналған екен.

  5. Біз 2-еу едік.

  1. Есептік сан есім қатысқан сөйлемді табыңыз.

  1. Күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын төрт нәрсе бар.

  2. Құдасының аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген.

  3. Арада жыл жарым өтті.

  4. Бір үйден он бес – жиырмадан мал өреді.

  5. Мен 11-сыныпта оқимын.

  1. Сан есім қандай жағдайда пысықтауыш қызметін атқарады.

А) Барыс, табыс, жатыс, шығыс септіктері тұлғасында

В) Заттанып, ілік септік жалғауы тұлғасында

С) Заттанып, атау септік тұлғасында

D) Жіктеліп не көмекші етістікпен тіркесіп

Е) Етістіктің алдында келіп
«Сан есім» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – E, 2 – D, 3 – D, 4 – E, 5 – C

6 – D, 7 – E, 8 – D, 9 – A, 10 – E


«Есімдік» тақырыбы бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Күрделі есімдіктер қатарын табыңыз.

A) Күллі, барша, тегіc

B) Өзім, өзді-өзі, өздеріңіз

C) Қашаннан? қайсысы? неңіз?

D) Әркім, қайсыбір, ешқашан

E) Мынау, осыңыз, соным


  1. Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.

А) Олар жиналысқа түгел қатысты.

В) Мұны ертеңге қалдыруға болмайды.

С) Оның ағасы ешкімге тиіспейді.

D) Бұлардың ойы іске аспады.

Е) Барлық есті кісілер ертеңін ойлауға тиіс.


  1. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Ешкімге тіл қатушы болма.

B) Саған тай сатып әперемін.

C) Өзің үлкен, қылығың – бала-шаға.

D) Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.

E) Әрбір жинақылықтың түбі – кеніш.


  1. Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін табыңыз.

A) Кіміңіз? несі? D) Өздерің, өзіңіз

B) Бұнысы, мынауымыз E) Барлығынан, бәрінің

C) Соның, анаған


  1. Қай қатар есімдіктің бір мағыналық түріне жатпайды?

А) әркім, кейбіреу, әлденеше D) біреу, ешбір, қайсыбір

В) олар, мен, біз Е) бәрі, түгел, барша

С) кім, қашан, неше


  1. Емлеге сай жазылған есімдіктер қатарын табыңыз.

A) Еш уақытта, еш қашан D) Кей ағаң, кей біреу

B) Әлде кім, әр адам E) Бүтін, еш теңе

C) Әркім, ешқайда


  1. Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?

Батырлар есімі ешқашан ұмытылмайды.

A) толықтауыш B) баяндауыш C) пысықтауыш

D) бастауыш E) анықтауыш


  1. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.

A) Бірнеше B) Саған C) Дәнеңе

D) Әлдекім E) Түгел



  1. Тұлғасы өзгеріліп септелген есімдікті көрсетіңіз.

A) Осынау B) Оған C) Әрне

D) Кейбіреулер E) Ештеңе



  1. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз.

А) менге В) сенмен С) сода

D) бұдан Е) сеннің


«Есімдік» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – D (Әр+кім, қайсы+бір, еш+қашан)

2 – A (түгел – қалай?)

3 – D (күллі)

4 – B, 5 – D (біреу,қайсыбір–белгісіздік, ешбір – болымсыздық)

6 – C, 7 – C, 8 – C, 9 – B

10 – D (маған, сенімен, сонда, сенің)


«Етістіктің түрлері» тақырыбы бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Құранды етістікті табыңыз.

А) уәде бер В) айта бар С) келе сал

D) айтып сал Е) барып қал



  1. Туынды түбір етістікті табыңыз.

А) қараған В) байымайды С) кеспейді

D) қадалды Е) батырыпты



  1. Негізгі түбір етістікті табыңыз.

A) ойлан B) сана C) шақыр

D) тазала E) басқар



  1. Қай етістік табыс септігіндегі сөз арқылы анықталады?

А) салт В) сабақты С) құранды

D) көмекші Е) болымсыз



  1. Жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын етістіктің түрін көрсетіңіз.

А) салт В) сабақты С) болымсыз

D) көмекші Е) құранды



  1. Болымсыз етістікті табыңыз.

А) Қалам бар(ма). D) Қызық жарна(ма).

В) Бұл - шығар(ма). Е) Атым Ал(ма)

С) Сабақтан қал(ма).


  1. Етістіктің қай түрі іс-әрекеттің жүзеге аспағанын білдіреді?

A) болымды етістік D) негізгі етістік

B) күрделі етістік Е) туынды етістік

C) болымсыз етістік


  1. Болымды етістікті табыңыз.

A) Бет қаратар емес.

B) Жалған айтып суыспа.

C) Енді топтың ішін көрмек емес.

D) Жүйрік алысқа шабады.

E) Енді бұлай істемегейсің.


  1. Күрделі етістіктің қатарын белгілеңіз.

A) балтала, ойлан, ақылдас

B) жұлқылады, тарсылдады, ойбайлады

C) жүре бер, әуре-сарсаңға түсті, әперді

D) көңілден, ағар, үшеуле

E) жаздыртты, оқытты, сөйлесті


  1. Сабақты етістікті табыңыз.

A) Келгеніне қатты қуанып еді.

B) Дала тіршілігі басталғалы тұр.

C) Қаңтардың қақаған қарлы бораны да келіп жетті.

D) Ғарышкер болғысы келеді.

E) Тәжірибесін үйретумен келеді.
«Етістіктің түрлері» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – A, 2 – B (бай-ы)

3 – C (ой-лан, сан-а, таза-ла, бас-қар)

4 – B, 5 – D

6 – C, 7 – C

8 – D


9 – C (алып берді / әперді.)

10 – E


«Есімше», «Көсемше» тақырыптары бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Бұрынғы өткен шақ көсемшенің жұрнағын табыңыз.

А) -қан В) -атын С) -ып

D) -ды Е) -а



  1. Қай қосымша жіктелмейді?

А) -атын В) -ғалы С) -ған

D) -ар Е) -мақ



  1. Ауыспалы өткен шақ жасайтын есімшенің жұрнағы қайсы?

A) -атын B) -ған C) -ар

D) -мақ E) -с



  1. Көсемшелі сөз тіркесін табыңыз.

A) айтқалы келді D) айта салды

B) жазбақ екен E) жаза тұр

C) айтып берді


  1. Көсемше жұрнақтарының қатарын табыңыз.

A) -ған, -ген, -қан, -кен D) -е, -іп, -ар, -ер

B) -а, -ып, -ғалы, -й E) -с, -атын, -гелі, -п

C) -атын, -етін, -р


  1. Көсемше тұлғалы етістіктің жіктеліп тұрған түрін табыңыз.

A) Келгелі, үйренгелі D) Табатын, үндемес

B) Айттым, қалдым. E) Барған емеспін, келер еді

C) Бітіпті, тозады


  1. Есімшенің тәуелденген түрін көрсетіңіз.

A) Аяқта, ұқ D) Көргенің, айтарым

B) Бұзар, шабар E) Жазым, басылым

C) Егер, ендеше


  1. Есімшенің қысқарған түрін табыңыз.

A) Көрмес – түйені де көрмес.

B) Мен отырман билерше бос мақалдап.

C) Мен келем тау ішінде түнделетіп.

D) Алаған қолым береген.

E) Қазіргі уақытта көреген кісілер аз.


  1. Бастауыш қызметін атқарып тұрған есімшені табыңыз.

A) Көп күн өтіп кетті ғой сен кеткелі.

B) Туған жердей жер болмас.

C) Ел аралаған сыншы болар.

D) Ат айналып қазығын табар.

E) Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар.


  1. Пысықтауыш қызметіндегі көсемшені табыңыз.

A) Абай өзін де, айнала жұртты да тегіс ұмытыпты.

B) Адам сөйлей-сөйлей шешен болады.

С) Тарантас зырлап келеді.

D) Жанар орнынан тұрып, қонақтарды қарсы алды.

Е) Жел басылып қалған екен.
«Есімше», «Көсемше» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – C, 2 – B

3 – A, 4 – A (қалғандары сөз тіркесі емес)

5 – B, 6 – C

7 – D, 8 – B (отырмаспын – отырман)

9 – C, 10 – B (сөйлей-сөйлей – қалай?)



«Етістіктің шақтары» тақырыбы бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Қай сөйлем сөйлеп тұрған уақытқа дейін әрдайым болып тұрған іс-әрекетті білдіріп тұр?

A) Біз жазда өзенге шомылуға баратынбыз.

B) Мен сабаққа дайындалдым.

C) Олар ертең балық аулауға бармақшы.

D) Ол үйде жалғыз отыр.

Е) Ол ертең келеді.


  1. Баяндауышы мақсатты келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек.

  2. Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз.

  3. Кешке алтыбақан құрамыз.

  4. Олардың ақылдылығына, білімділігіне піріндей сенеді.

  5. Көрмес – түйені де көрмес.

  1. Сөйлеп тұрған кезде болып жатқан іс-әрекетті табыңыз.

А) Марат маған айтып тұрды.

В) Олар сенің кітабыңды кеше сыныпта алып жүрген.

С) Ол екі бұрын қалаға бара жатқан.

D) Салтанат сабақ түсіндіріп тұр.

Е) Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ.


  1. Баяндауышы ауыспалы келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек.

B) Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз.

C) Кешке алтыбақан құрамыз.

D) Олардың ақылдығына, білімділігіне піріндей сенеді.

E) Атасы бәрін түсінетін.


  1. Күрделі нақ осы шақты табыңыз.

А) айтып тұрды D) оқымай жүр

В) алып жүрген Е) сурет салып отырмақшы

С) бара жатыр еді


  1. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.

А) сөйледі В) сөйлеген С) сөйлер

D) сөйлейді Е) сөйлеп отыр



  1. Етістіктің жедел өткен шақ шағын көрсетіңіз.

A) жеткізер B) жеткізген C) жеткізетін

D) жеткізеді E) жеткізді



  1. Ауыспалы өткен шақ тұлғасындағы сөзді табыңыз.

A) қадірледі B) қадірлейтін C) қадірлеген емес

D) қадірлейді E) қадірлепті



  1. Қалып етістігін табыңыз.

А) жүр В) е С) ет

D) де Е) кел



  1. Бұрынғы өткен шақта тұрған сөзді көрсетіңіз.

A) танысқан екен B) танысты C) танып тұрмын

D) таниды E) танитынмын


«Етістіктің шақтары» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – A 2 – A

3 – D 4 – C

5 – D 6 – C

7 – E 8 – B

9 – A 10 – A



«Етістіктің райлары» тақырыбы бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Шартты райлы етістікті табыңыз.

A) Бір көрсем, арманым болмас еді.

B) Содан кейін мені бір сына.

C) Өзің білесің, біз момақан шаруамыз.

D) Теңді шештірме, үйге де әбігер болма.

E) Тамақ жегім келмей тұрғаны.


  1. Қай сөйлемде бұйрық рай қолданылып тұр?

A) Оның қазақ тілін үйренгісі келеді.

B) Осы сұрақтың жауабын түсіндіріңіздер.

C) Менің дәптерімді табыңдар.

D) Олар үйге ертерек жетсін.

E) Күн жылы болса, тауға шығамыз.


  1. Шартты райлы етістікті табыңыз.

A) Бір түрлі ұйықтағым келіп тұрғаны.

B) Үйге тезірек келсейші.

C) Осы сұраққа жауап берсеңіз екен.

D) Қазір демалыс болса ғой!

E) Жазсам, бітіріп тастаймын.


  1. Қалау райды табыңыз.

A) Тез жазып бітір.

B) Бүгін бізге келерсің.

C) Үйге ертерек барса игі еді.

D) Жазса, тез бітіреді.

E) Оған айт, үйге тез жетсін.


  1. Бұйрық райдың III жағын табыңыз.

A) табыңдар B) түсініңіздер C) үйренгісі келеді

D) жетсін E) ұнатты



  1. Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауы райдың қай түріне тән?

A) шартты рай B) ашық рай C) ешбірі

D) қалау рай E) бұйрық рай



  1. Қалау райлы етістікті табыңыз.

A) толқыса B) алса игі еді C) оқысаңыз

D) айтсаңшы E) көрген



  1. Қалау райдың қосымша жасалу жолын көрсетіңіз.

A) -ғай, -қай B) -мақ, -бақ C) -са, -се

D) -сын, -сін E) -ған, -қан



  1. Шартты райды табыңыз.

A) Қазір әкем келсе ғой! D) Келгісі келсе, келсін.

B) Бүгін үйге келсеңізші. E) Қап, сонда айтсамшы.

C) Тезірек жазып болсай.


  1. Қалау, ниет сияқты ойды білдіретін бұйрық райды табыңыз.

A) Тезірек болсайшы! D) Түсте асханаға барайын.

B) Кел, балалар, оқылық! E) Маған көмектесіңізші.

C) Айтып болдыңыз ба?
«Етістіктің райлары» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – A 2 – C 3 – E 4 – C

5 – D 6 – B 7 – B 8 – A

9 – D 10 – D
«Етіс», «Тұйық етістік» тақырыптары бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


  1. Қай етістің жұрнағы салт етістікті сабақтыға айналдырады?

А) өзгелік В) өздік С) ырықсыз

D) ортақ Е) ешбірі



  1. Бірыңғай етіс жұрнақтарын табыңыз.

А) -ар, -ып, -ыр В) -т, -с, -л С) -а, -е, -й

D) -ғыз, -ған, -ғалы Е) -р, -с, -п



  1. Қай етісте іс-қимыл өздігінен орындалғандай болады?

А) ортақ В) өздік С) өзгелік

D) ырықсыз Е) ешбірі



  1. Өзгелік етістің жұрнағын табыңыз.

A) -ын, -ін, -н B) -ыл, -іл, -л C) -ыс, -іс, -с

D) -дыр, ­­­­-гіз, -т E) -ған, -ар, -с



  1. Емлеге сай жазылған тұйық етістікті табыңыз.

A) Тасыу B) Кепу C) Жуу

D) Жайу E) Суыу



  1. Дұрыс жазылған етістікті табыңыз.

А) жуыу В) байыу С) кею

D) сыйу Е) төку



  1. Ырықсыз етіс қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Алғысын жаудырды.

B) Қасиетті туған жерді көркейт.

C) Дұрыс қанаттанған түзу ұшар.

D) Жиналыс өткізілді.

E) Тайынбаған тауды жығады.


  1. Қимылдың атын білдіретін, шақпен, жақпен байланысты болмайтын етістіктің тұлғасын көрсетіңіз.

A) Тұйық етістік D) Көмекші етістік

B) Сабақты етістік E) Болымды етістік

C) Құранды етістік


  1. Етіс нені білдіреді?

A) Сөйлеп тұрған сәтке қатысты қимылдың өту кезеңін білдіреді.

B) Іс-әрекеттің орындаушыға, қимыл иесіне қатысын айқындайды.

C) Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын білдіреді.

D) Шақпен, жақпен баланысты болмай, қимыл іс-әрекеттің атын білдіреді.

E) Әрі есім, әрі етістік мәнінде жұмсалатын етістіктің ерекше түрі.


  1. Бастауыш қызметіндегі тұйық етістікті табыңыз.

А) Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет.

В) Арақты сатпау керек.

С) Темекі шегу денсаулыққа зиян.

D) Нанды жерге тастауға болмайды.

Е) Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған.
«Етіс», «Тұйық етістік» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – A 2 – B 3 – D 4 – D

5 – C 6 – C 7 – D 8 – A

9 – B 10 – C



«Үстеу» тақырыбы бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Күрделі үстеуді көрсетіңіз.

A) Бүгін келдім D) Балаша сайрады

B) Кеше бардым E) Шикілей әкелді

C) Әрең көтердім


  1. Мезгіл үстеуін көрсетіңіз.

A) Өте үлкен екен D) Қыруар жұмыс істедік

B) Ілгері жүрді E) Бүрсігүні аттанды

C) Әрең ұйықтады


  1. Мекен үстеуін көрсетіңіз.

А) Алға қадам басты D) Амалсыздан үйіне жүрді

B) Әрең- әрең бара жатты E) Қолма- қол тапсырды

C) Қасақана істеген


  1. Мақсат үстеуін табыңыз.

А) Әлгінде, емін- еркін D) Тысқары, мұнда

B) Орасан, әжептәуір E) Амалсыздан, бе

C) Жорта, әдейі


  1. «Тым, ең, кілең» үстеулері үстеудің қай түріне жатады?

А) Мекен үстеуі D) Мақсат үстеуі

B) Мезгіл үстеуі E) Себеп- салдар үстеуі

C) Күшейткіш үстеуі


  1. Септік жалғауларының түбірге сіңісіп, көнеленуі арқылы жасалған туынды үстеулерді табыңыз.

А) Сұңқардайын, осылай D) Жаздыгүні, күн ұзаққа

B) Биыл, соншалық E) Қапыда, текке

C) Әрең-әрең, қыстай


  1. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын-қимыл үстеуін табыңыз.

A) Поездан әдейі түсіп қалдым.

B) Күндіз де, түнде ол Барластың қасынан шықпайды.

C) Соншама қандай қуаныш?!

D) Жоғарыдан бетіме бірдеме тарс ете түсті.

E) Ыза кернеп зорға тұрмын.


  1. «Қалай қарай?» сұрағы қай үстеуге тән?

А) мақсат B) мезгіл C) мекен

D) қимыл - сын E) мөлшер



  1. Туынды үстеудің жұрнағын табыңыз.

А) -дай B) -даған C) -ың

D) -ғыр E) -дық



  1. Мөлшер үстеуінің сұрағын көрсетіңіз.

А) Қашаннан? B) Қаншама? C) Қайдан?

D) Кімше? E) Қандай?


«Үстеу» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – A (бүгін – бұл+күн)

2 – D (Бүрсігүні – қашан?)

3 – A (Алға – қайда?)

4 – C 5 – C 6 – E 7 – E (зорға – қалай?)

8 – C 9 – A (бала-дай – қалай?)

10 – B


«Еліктеу сөз», «Одағай» тақырыптары бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Одағайға тән ерекшелікті табыңыз.

  1. Басқа сөздермен байланысқа түспейді.

  2. Сөз бен сөзді байланыстырады.

  3. Қимыл, іс әрекеттің белгісін білдіреді.

  4. Заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы бейнелейді.

  5. Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындайды, дәлелдейді.

  1. Күрделі еліктеу сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) – Сауға, – деді саңқ етіп.

B) Қараторғай көк аспанды матадай дар еткізіп, қақ айырғандай құлдилады.

C) Тар бөлменің іші бұрқ етіп, шаң-тозаңға толып кетті.

D) Шаңқ еткен мылтық түтінінің ішінде Ұрқия да, қабан да көрінбей кетті.

E) Сайдағы ауыл жақтан көп иттің арс-ұрс, шәу-шәу етіп үргені естіледі.


  1. Баяндауыш қызметін атқарып тұрған еліктеуішті табыңыз.

А) Үрінді қарды борт-борт басысып қос аттылы Бүркітті бауырын өрлеген.

В) Сейіт күтпеген сөзге селк етті.

С) Су түбінде малта тастар жылтырап, су сылдыр-сылдыр етеді.

D) Алаң да алаң, алаң жұрт, ақала ордам қонған жұрт.

Е) Аулада асық ойнаған балалардан басқа селт еткен жан жоқ.


  1. Шақыру одағайын табыңыз.

А) Ойпырай. В) Түу С) Шөре-шөре

D) Беу Е) Тәйт



  1. Көңіл-күй одағайын табыңыз.

А) Тек В) Мәссаған С) Құрау-құрау

D) Айт Е) Қош-қош



  1. Еліктеу сөздің қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтаңыз.

Қашан үйге жеткенше, артына жалтақ-жалтақ қарайды.

А) Баяндауыш В) Толықтауыш С) Анықтауыш

D) Бастауыш Е) Пысықтауыш


  1. Бейнелеуіш сөзді табыңыз.

А) Тарс B) Сыңғыр C) Жалт-жұлт

D) Арс-арс E) Шаңқ



  1. Өкіну мәнін білдіретін одағай қайсысы?

A) Уау B) Әйда C) моһ - моһ

D) Әттең E) Қане



  1. Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақтарды табыңыз.

A) -ын, -ін, -н, -ыл, -іл D) -ғы, -гі, -қы, -кі, -к

B) -аң, -ең, -ың, -ің, -ң E) -ыра, -іре, -ғыр, -гір

C) -ыс, -іс, -с, -ым, -м


  1. Жекіру одағайын белгілеңіз.

А)Көс В)Шіркін-ай С) Уһ D) Пәлі Е) Жә
«Еліктеу сөз», «Одағай» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – A 2 – E (арс-ұрс, шәу-шәу)

3 – B 4 – C ("Шөре-шөре" деп ешкі малын шақырады)

5 – B 6 – E (жалтақ-жалтақ – қалай?)

7 – C 8 – D 9 – B 10 – E

«Шылау» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


  1. Қай сөзде «-ды» нақтылау мәнді демеулік шылау болып тұр?

A) Қараған (ды) жер D) Әуелі қатты қысыл (ды)

B) Ол көргенін айтқан (ды) E) Бар (ды) бағалай біл

C) Бала қаз (ды) қуды


  1. «Оның кітабы соғыс туралы ма екен?» - Сөйлемінде қандай шылаулар қатысқан?

А) жалғаулық-демеулік D) демеулік-септеулік

B) септеулік-демеулік E) септеулік-жалғаулық

C) жалғаулық-септеулік


  1. Нақтылау мәнді демеуліктерді табыңыз.

A) ма, ме, ба, ше D) түгіл, тұрсын, тұрмақ

B) -ақ, -ау, -ай, да E) ғана, -мыс,-міс

C) -ды, -ді, ғой, қой


  1. Бірыңғай септеулік шылаулар қатарын көрсетіңіз.

А) әрі, бері, гөрі D) мен, бен, пен

B) не, я, да E) қой, ғана, ше

C) -ды, -мыс, -ау


  1. Шылауға тән емес ерекшелікті табыңыз.

A) Толық лексикалық мағынасы болмайды.

B) Түрленбейді.

C) Адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіреді.

D) Сөйлем мүшесі бола алмайды.

E) Сөзді байланыстырады, не сөзге қосымша мән үстейді.


  1. Күшейткіш демеулікті табыңыз.

A) Оның сөзінен өкініш те, ыза да сезіледі.

B) Біз де естіп, қуанып жатырмыз.

C) Жайдақ суды ит те, құс та жалайды.

D) Айып менде екені рас.

E) Екі-үш күнде әзер жеттік.


  1. Шектеу демеулігін табыңыз.

А) Бұрын бір шал болыпты-мыс.

B) Ол үйіне ерте келген-ді.

C) Қоңырау соғылып қалса ше?

D) Ол түгіл мені таныған жоқ.

E) Мен-ақ сабаққа бармадым.


  1. Ыңғайластық жалғаулықты табыңыз.

А) Бұдан әрі оның тыңдауға шамасы келмеді.

B) Ол тәрбиелі әрі жігерлі.

C) Ол Маратқа да алма берді.

D) Тек кейде бұршақ жауады.

E) Сол сияқты балалар өте көп.


  1. Себеп-салдар шылауды табыңыз.

А) Бүгін ерте келдік, бірақ жарыстан қалып қойдық.

B) Ол кеше көп ойнаған, сондықтан бүгін демалды.

C) Олар біресе ойнайды, біресе отырады.

D) Біз кешке сабақ оқимыз және тамақ жейміз.

E) Олар не бүгін келеді, не ертең келеді.


  1. Қай сөйлемде үш түрлі шылау қатысқан?

А) Марат та, Сәкен де сабақта жоқ.

B) Ертеңге дейін барып қалармын.

C) Олар туралы бұдан кейін де еститін шығармыз.

D) Қызым, сабаққа дейін тамағыңды ішпедің бе?

E) Қыста қар жаумаса ше?
«Шылау» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – B 2 – B (туралы – септеулік / ма – демеулік)

3 – C 4 – A 5 – C 6 – B (де)

7 – E (-ақ) 8 – B (әрі) 9 – B (сондықтан)

10 – C (туралы / кейін / де)



«Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын табыңыз.

A) Ел арасына сыйлы D) Жыл сайын толықты

B) Ұлттық ойын ойнайды E) Өмірдің мәнін түсінді

C) Ақылды сөз айтылды


  1. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.

A) Желмаяға міну D) Ашық аспан

B) Өмір үшін күресті E) Ғылымды игеру

C) Өмірдің мәнін түсінді


  1. Матасуды табыңыз.

A) Төребек үйі D) Жайын айтты

B) Ашынған әйел E) Өзі келді

C) Күн сайын күтті


  1. Меңгеру арқылы байланысып тұрған тіркесті табыңыз.

A) Шарықтап тұр D) Тоқыма белбеу

B) Балаға қара E) Қызық кітап

C) Оқушының жабдығы


  1. Қабысуды табыңыз.

A) үйінің қасына жетті D) дүниенің өзгерісі

B) халықпен бірге жасайды E) қиыннан қиыстыру

C) қара торы бала


  1. Жанасуды табыңыз.

A) жұп-жұпқа бөліну D) алма алдырыпты

B) ғалымдардың пікірі E) ешкімге соқтықпау

C) бірте-бірте ашылды


  1. Байланысу түрлеріне қатысты талдаудың қайсысы дұрыс емес?

A) Тоғыз адам – қабысу D) Біздің Жамбыл – матасу

B) Оқуға лайық – меңгеру E) Хат жазу – меңгеру

C) Кең бөлме – жанасу


  1. Бастауыш пен баяндауыштың байланысу түрі қалай аталады?

A) Қиысу B) Меңгеру C) Матасу

D) Қабысу E) Жанасу



  1. Сөздердің жалғау арқылы байланысуын көрсетіңіз.

A) Ерекше мінез B) Ол сұрасын C) Әзер жетті

D) Әлді адам E) Отан үшін аянба



  1. Интонация арқылы байланыс көрсетіңіз.

A) Өнер қуу B) Ақ қайың C) Өмірді сүю

D) Сенімді ақта E) Бұл – жігіт



«Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері» тақырыбы бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – D 2 – D 3 – A 4 – B

5 – C 6 – C 7 – C (Кең бөлме – қабысу)

8 – A 9 – B (Ол сұра-сын – жіктік жалғауы)

10 – E


«Сөз тіркесі» тақырыбы бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Қай қатарда тұрақты тіркес бағыныңқы сыңарда тұр?

A) Айтқаның есімнен шығып кетті.

B) Дұшпанның салы суға кетті.

C) Науқастың беті бері қарады.

D) Көзіне көк шыбын үймелететінін айтып салды.

E) Бізге тісін қайрап жүр.


  1. Сөз тіркесінің белгісі қайсы?

A) Зат, құбылыстың атауы болу керек.

B) Толық мағыналы ең кемі 2 сөз болуы керек.

C) Зат есімнің қосарлы сыны ретінде жұмсалады.

D) Сөз мағынасын басқа сөзбен дәлдеп түсіндіреді.

E) Синтаксистік қызметі бірдей сөздерден құралады.


  1. Бірыңғай есімді сөз тіркестерін табыңыз.

A) Үлкен үй, үйді көру.

B) Жолдасын шақыру, менің үйім

C) Сабаққа дайындалу, жаттап алу

D) Сыйлық алу, үздік оқушы

E) Мөлдір су, оқуға ынталы.


  1. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін анықтаңыз.

A) Бұлардың жағдайлары D) Ғалымнан басқа

B) Балуанмен күресті E) Асығып сөйледі

C) Ғалымды көрсеңіз


  1. Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесін анықтаңыз.

A) Суыққа шыдамды D) Түрлі бұйымдар

B) Белгілі кісі E) Қиын есеп

C) Жақсы оқиды


  1. Етістікті тіркесті табыңыз.

A) Өнерлінің ырысы D) Елді қорғау

B) Іске шебер E) Ізгі сөз

C) Асқарда бесеу


  1. Төменде берілген сөздер қалай аталады?

Айтарым осы.

A) есімді сөз тіркесі D) еркін тіркес

B) етістікті сөз тіркесі E) сөйлем

C) тұрақты тіркес



  1. Сөз тіркесін табыңыз.

A) өгіз аяң B) бара жатыр C) жүз он бес

D) бірінші үй E) қара торы



  1. Қай тіркестің бағыныңқы сыңары «қалай?» сұрағына жауап береді?

A) бұл жерде B) жасыл қала C) бес бала

D) тез кел E) айтып болды



  1. “Кітабыңызды оқығым келеді” тіркесіндегі басыңқыны қай қатарға жатқызамыз?

A) Ырықсыз етіс B) Есімше C) Тұйық етістік

D) Қалау райлы етістік E) Көсемше


«Сөз тіркесі» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – D (Көзіне көк шыбын үймелетету – тұрақты тіркес)

2 – B 3 – E 4 – A 5 – C 6 – D 7 – E

8 – D (өгіз аяң – идиомалық тіркес, қалғандары – күрделі сөз)

9 – D 10 – D

«Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


  1. Хабарлы сөйлемді табыңыз.

A) Ал сосын D) Қайдағы жау

B) Ойсыздарға қосылма E) Жел де жоқ

C) Неге бұғасың


  1. Сұрау есімдігі арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз.

A) Қар жауса ше? D) Жағдай қалай?

B) Балам, аманбысың? E) Мынау сен шығарсың?

C) Бұл сен бе?


  1. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.

A) Егіс көлемін ұлғайт D) Ал Жамал ше

B) Тіл қандай E) Бұл - тарихи жер

C) Сен енді бала емессің


  1. Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөйлем қалай аталады?

A) лепті B) сұраулы C) хабарлы

D) бұйрықты E) атаулы



  1. Сұраулы сөйлемді табыңыз.

A) Қарағым, тоқтай тұршы

B) Пай-пай, шабысының қаттысын-ай

C) Сен жазып келген шығарсың

D) Дала айдай жарық

E) Мектептің кең залы


  1. Одағай сөз қатысқан лепті сөйлемді көрсетіңіз.

A) Ойпырым-ай, балаңның мінезі қандай жаман еді.

B) Көрсетпе көз жасыңды.

C) Жүр, жарысайық.

D) Балам, жөніңді айтшы.

E) Амал нешік, пешенеме жазғаны осы болды.


  1. Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз.

A) Ол кісі қайда тұрады.

B) Неге үндемейсіз, әже, барамыз ба?

C) Ол жерге неге отырасың.

D) Ойбай, сен былай тұр.

E) Мен күні бойы жұмыста болдым ғой.


  1. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.

A) Сен менен аулақ жүр.

B) Біреу көп үшін, көп біреу үшін.

C) Жеріміз біздің неткен бай.

D) Сүйіндік жігіттері он шақты күнде Омбыға келіп қалды.

E) Қазір қай жерде тұрасыз.


  1. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

A) Жарайсың, қалқам?!

B) Енді мені ұрайын деп пе едің?!

C) – Ешкімге сенуші болма, – деп айқайлады.

D) – Рас па! – деп бажырая қарады.

E) Тәйт. Тыныш отыр.


  1. Дауыс ырғағы арқылы жасалған лепті сөйлемді табыңыз.

A) – Жасасын, Қазақстан!

B) – Жолдастар, тынышталыңыздар!

C) – Мынау дегенің әдемі ғой!

D) – Шіркін, орманның таза ауасын-ай!

E) – Бәрекелді! Бәрекелді! Жарадың, қалқам!
«Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері» тақырыбы бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – E 2 – D 3 – A 4 – A 5 – C

6 – A 7 – B 8 – A 9 – D 10 – C

«Жай сөйлемнің түрлері» тақырыбы бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


  1. Қайсысы жақсыз сөйлемнің жасалу жолына жатпайды?

А) -ғы, -гі, -қы, -кі тұлғалы қалау райлы етістік

В) Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомалар

С) Атау немесе барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң “керек”, “мүмкін” сөздерінің тіркесуі

D) Баяндауышы зат есімнен басталады.

Е) Барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң “бол”, “жара”, “тура”, “кел” көмекші етістіктерінің тіркесіп келуі


  1. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.

A) Бүгін емтиханға дайындалу керек.

B) Жартастың басынан қарауытқан бір нәрселер көрінеді.

C) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

D) Ауыл маңы тып-тыныш.

E) Оқу – білім бұлағы.


  1. Жақты сөйлемді табыңыз.

A) Сенің балмұздақ жегің келе ме?

B) Оның айтқандарын түсініп болмайды.

C) Бұл оқиғаны енді айтпасқа болмайды.

D) Оның үрейден төбе шашы тік тұрды.

E) Ертең сабаққа келесің бе?


  1. Жалаң сөйлем дегеніміз не?

A) Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем.

B) Тұрлаулы мүшелерімен қатар, тұраусыз мүшелері де бар сөйлем.

C) Мазмұны толық берілген сөйлем

D) Бастауышы жоқ сөйлем.

E) Бастауышы әрдайым жасырын тұратын сөйлем.


  1. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.

A) Мен барамын. D) Үй жап-жарық.

B) Айдала. E) Сендер қараңдар.

C) Ол - сері жігіт.


  1. Қай сөйлем түрі екеуара сөйлескенде жиі қолданылады?

A) толымсыз сөйлем D) атаулы сөйлем

B) жақсыз сөйлем E) жайылма сөйлем

C) жалаң сөйлем


  1. «Кең зал. Құжынаған халық.» - Қандай сөйлем?

A) Жақты сөйлем D) Атаулы сөйлем

B) Жақсыз сөйлем E) Толымды сөйлем

C) Жайылма сөйлем


  1. Бастауышы жасырын тұрған сөйлем қалай аталады?

A) Жалаң сөйлем D) Жақсыз сөйлем

B) Жайылма сөйлем E) Толымды сөйлем

C) Жақты сөйлем


  1. Тұрлаусыз мүшелердің болу-болмауына қарай жай сөйлемдер қалай бөлінді?

A) Жақты, жақсыз D) Жалаң, жайылма

B) Атаулы E) Жай, құрмалас

C) Толымды, толымсыз


  1. Жалаң сөйлемге жетпей тұрған сөзді көп нүктенің орнына қойыңыз. «........................... оқып шықсын».

A)тез B)ол C)оған D) сенімен Е)қайратпен

«Жай сөйлемнің түрлері» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – D 2 – A 3 – E 4 – A 5 – C

6 – A 7 – D 8 – C 9 – D 10 – B

«Сөйлем мүшелері-1» тақырыбы бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


  1. Сілтеу есімдігінен жасалған баяндауышты көрсетіңіз.

A) Біз үшеуіміз мәселені дұрыс шештік деп ойлаймыз.

B) Ақ бесті қара қасқадан сытылып шықты.

C) Мен өзім де сізден осыны сұрағалы отыр едім.

D) Ауылдың маңы – терең сай.

E) Сұрап отырғаны – осы.


  1. Бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Оның бос сөзді сүймейтін, жақтырмайтын мінезі бар.

B) Шәкенді, Баймағамбетті, Ерболды бұл сөз күлдірді.

C) Жиренше Абаймен көп сөйлесті, ұзақ ақылдасты.

D) Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын.

E) Еріншектің ертеңі бітпес.


  1. Күрделі сан есімнен жасалған баяндауышты табыңыз.

A) Осы араға жиналғанымыз-жетеу.

B) Жиналысқа келгендері – он-ақ адам.

C) Жеті жердегі жеті – қырық тоғыз.

D) Оның жасы жиырмада.

E) Оның қасиетті саны – бес.


  1. Себеп пысықтауышты көрсетіңіз.

A) Батпаған ай батыстан қарап тұрды.

B) Кешеден бері сақтаған нанды жеп отырмын.

C) Бала кітап алғалы келіпті.

D) Сен мұнда ойнауға келген жоқсың, білім алуға келдің.

E) Ол табанда ақшасын өндіріп алды.


  1. Қашанғы? Қайдағы? – қай сөйлем мүшесінің сұрақтары.?

A) пысықтауыш B) анықтауыш C) бастауыш

D) толықтауыш E) баяндауыш



  1. Сөйлем құрауға негіз болатын сөйлем мүшесін табыңыз.

A) баяндауыш B) анықтауыш C) пысықтауыш

D) толықтауыш E) айқындауыш




  1. Бірыңғай анықтауышты табыңыз.

A) Далада қызыл-сары гүлдер жайқалып тұр.

B) Шаршаған кішкентай боталар артта қалып қойды.

C) Біз таудың ең биік шыңына шықтық.

D) Оның әкесі – кең жауырынды, ұзын бойлы кісі.

E) Мария Бәкенді де, оның ағасын да үйіне алып жүрді.


  1. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.

A) Ер жолдасы – тәуекел.

B) Олар Абаймен біресе жарысады, біресе қалжыңдайды.

C) Олар екі күннен кейін келіп қалар.

D) Жұрт Дәметкеннің қылығына әрі сүйсінді, әрі аяды.

E) Ауыл жастары бұндай нәрселерге қызықпайды.


  1. Асты сызылған сөздердің қайсысы өзгелерінен басқа қызметте жұмсалып тұр?

A) Жақсы сөз – жарым ырыс.

B) Ол қазақша жақсы сөйлейді.

C) Оның жақсы іске жаны жолдас.

D) Ол көршілерімен жақсы қарым-қатынас орнатқан.

E) Ол жақсы киімдерді таңдап алды.


  1. Қай сөйлемде іс-қимылдың мезгілін білдіретін сөз бар?

A) Марат бұл жерге екі рет келді.

B) Ат баспаймын деген жерін екі басады.

C) Олар бұл жерге екіде келеді.

D) Олар сыныпқа екі-екіден кірді.

E) Ол алманың екеуін алды.
«Сөйлем мүшелері-1» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – E (осы) 2 – B (Шәкенді, Баймағамбетті, Ерболды)

3 – C (қырық тоғыз) 4 – D (білім алуға – не үшін?)

5 – B 6 – A

7 – D (кең жауырынды, ұзын бойлы) 8 – C (екі күннен кейін)

9 – B (қалғандары – анықтауыш) 10 – C (екіде – қашан?)



«Сөйлем мүшелері-2» тақырыбы бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Сөйлем мүшесіне талданатын сөзді табыңыз.

A) сондықтан B) меніңше C) әрине

D) керісінше E) балам



  1. Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын ыңғайластық жалғаулық шылаулар қайсы?

A) та, не, немесе B) және, мен, әрі C) бен, я, яки

D) мен, бірақ, алайда E) ма, ме, ше



  1. Бірыңғай мүшелерді байланыстыру үшін қандай жалғаулық шылау қолдану керек?

Ол... биік,... аласа,... қатал,.... жұмсақ мінезді еді.

A) бірақ B) және C) немесе D) да E) бірде



  1. Тыныс белгісі дұрыс қойылған cөйлемді табыңыз.

A) Бұл не деген үлкен қала.

B) Ауа райы қандай тамаша?

C) Тыңда, дала, Жамбылды.

D) Бұл өңірде, әсіресе Алатау маңында тарихи ескерткіш көп.

E) Бәрекелді, балам, осы бетіңнен тайынба!


  1. Берілген сөйлемдерден оңашаланған айқындауышты табыңыз.

A) Ауыр жол ерді сынайды.

B) Менің жеңгем – Қалиса.

C) Адам баласына адам баласының бәрі – дос.

D) Бала кезімізде Абайдың көп өлеңін жатқа білетінбіз.

E) Жазда, демалыс кезінде, балық аулауға барамыз.


  1. Қай сөйлемде барлық сөздер сөйлем мүшесіне талданады?

A) Меніңше, осы істегеніміз дұрыс емес.

B) Жасеке, жоғары шығыңыз!

C) Бәрекелді, қарағым, өркенің өссін!

D) Дала суық, қараңғы.

E) Е, бәсе, сенің бүйтпейтініңді біліп едім.


  1. Айқындауыш мүше қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

A) Біз, жастар, еңбекте, оқуда алда болуымыз керек.

B) Содан бері бір қыс, екі жаз өтті.

C) Айқыз ірілеу бір тасқа келіп, отыра кетті.

D) Мүйізінен ұстады да, сол қалпы қатты да қалды.

E) Ұжым тамаша табыстарға жетіп келді.


  1. Қыстырма сөз қолданылған жай сөйлемдерді көрсетіңіз.

    1. Ойбай, Жақа, ол Жоламанның дүмпуі ғой.

    2. Шынында да, халіміз онша мәз емес.

    3. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.

    4. Толғауы тоқсан қызыл тіл, сайраймын десең, өзің біл.

    5. Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!

  1. Жалпылауыш сөздердің анықтамасы қайсы?

A) Бірыңғай мүшелерден бөлініп айтылады, жеке сөйлем мүшесі болады.

B) Бірыңғай мүшелердің мағынасын нақтылап тұрады.

C) Сөйлем мүшесіне талданбайтын сөйлем.

D) Бірыңғай мүшелерден тыс жүретін сөздер

E) Бірыңғай мүшелермен қызметтес болып, оған жинақтау мағынасын қосатын сөздер.


  1. Кею мағынасында қолданылған одағайды табыңыз.

A) Па, жігіт-ақ екен!

B) Әй, көзіңе қара!

C) А, мен кешіккен екенмін ғой.

D) Япырай,- деп ойлады ол ақырында.

E) Құр – құр... – десті қора ішінен екі дауыс.
«Сөйлем мүшелері-2» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – E 5 – E (демалыс кезінде) 9 – E

2 – B 6 – D 10 – C

3 – E 7 – A (жастар)

4 – C 8 – B (шынында)

«Төл сөз. Автор сөзі. Төлеу сөз» тақырыптары бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


  1. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Сен дегенде сөз барма?

  2. Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.

  3. Балалардың соңғы ермегі – “Ақсүйек”, “Соқыр теке”.

  4. “Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл”, - дейді.

  5. Сауатты болу дегеніміз-дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.

  1. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Туған жер – алтын бесік.

  2. - Білмеске сөзің қор боп кетер, - деген М.Дулатұлы.

  3. Бала жігіт бұйырықты екі етпейді.

  4. Бұл-ойланатын нәрсе.

  5. Әркім-әуелі өз ауылының баласы.

  1. Төлеу сөзді табыңыз.

A) Бүгін жылқышыларға да бірдеме болған сияқты.

B) Жұман отыратын жерге бір әулие келіпті.

C) Үйге кіре бере қара саба жарылып кетті.

D) “Білмегенді біле бер”,- дейді Шәкәрім

E) Әжем үйге кіріп, малдың өрістен қайтқанын айтты.


  1. Айжан: “Менің үйім алыс еді, ертерек қайтайын”, -деді. Қай жауап толымды және дұрыс?

A) Айжан өзінің үйі алыс екенін айтты.

B) Айжан өзінің үйі алыс екенін және ертерек қайту керек екенін айтты.

C) Айжан ертерек қайту керектігін айтты.

D) Үйіне қайту керектігін Айжан айтты

E) Айжан айтты үйге қайтамын деп.


  1. Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.

A) Ол: «Арман қалыңыз қалай»? – деді.

B) Ол, «Арман, қалыңыз қалай? – деді.

C) Ол: «Арман, қалыңыз қалай?» –деді.

D) Ол: «Арман қалыңыз қалай?» –деді.

E) Ол «–Арман, қалыңыз, қалай?» –деді.


  1. Сұрау есімдігі қатысқан төл сөз төлеу сөзде қандай өзгеріске түседі?

A) Төлеу сөзде сұрау есімдігі түсіп қалады.

B) сөйлем мазмұнына қарай басқа сөз табына ауысады.

C) -ма, -ме шылауға айналады.

D) сұраулық шылауға айналады.

E) сұрау есімдігі сол күйінде сақталады.


  1. Төл сөздің тыныс белгілері қай қатарда дұрыс қойылмаған?

A) – Неге қорқады? – дейсіз ғой.

B) – Көкпардан қалайша болады? – дейсіз ғой.

C) – Жұрт қалай тартады екен, – деді.

D) – Соғымның сирағы кесіле ме? – деді, анау екеуі.

E) – Қап, әттеген-ай! – деді анау екеуінің біреуі.


  1. Төл сөздің баяндауышы етістің бұйрық райынан болса, төлеу сөзде қандай өзгеріске ұшырайды?

A) тұйық етістікке айналып, оған барыс, табыс септік жалғауы, немесе туралы жөнінде, жайында шылаулары мен "керек" сөзінің бірі қосылып айтылады.

B) өзгеріске түспейді.

C) есім сөздерге айналады.

D) есімше жұрнағы жалғанады.

E) жедел өткен шақ жұрнағы жалғанады.


  1. Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болған жағдайда төлеу сөзде бұл сөз қалай өзгереді?

A) тұйық етістікке айналады.

B) сол қалпына қала береді

C) сол қалпында қалып, одан кейін туралы шылауы жазылады.

D) есімшеге айналып, оған -дық/-дік жұрнағы тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да, толықтауыш болады.

E) «екенін» деген көмекші етістік жалғасады.


  1. Төл сөзде «мен» деп берілген сөз төлеу сөзде қандай өзгеріске түседі?

A) маған B) мені C) өзінің

D) оның E) оған


«Төл сөз. Автор сөзі. Төлеу сөз» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – D, 2 – B

3 – E (Әжем үйге кіріп: "Мал өрістен қайтыпты", - деді.)

4 – B,

5 – C


6 – E ("Сен кімсің?"–деді Ахат. /Ахат оның кім екенін сұрады.)

7 – C (Дұрысы: – Жұрт қалай тартады екен? – деді.

8 – A (– Үйге бар, – деді Ахат. / Ахат оған үйге бару керектігін айтты.)

9 – D (– Әкем келді, – деді Ахат. / Ахат әкесінің келгендігін айтты.)

10 – C (– Мен келмеймін, – деді Ахат. / Ахат өзінің келмейтінін айтты.)

«Салалас құрмалас сөйлем» тақырыбы бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


  1. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

    1. Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде, бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.

    2. Өлең, жыр – қазақтардың жан серігі.

    3. Осылар арасынан шыққан Базаралы болса, ол әрі сымбатты, әрі шешен жүйрік.

    4. Бұл қазақ нені бастан кешпеді, қазақ болғалы.

    5. Байлық пен бақ – сенімді серігің, балаң –артыңда қалған ізің.

  2. Себеп-салдар салаласты белгілеңіз.

    1. Молда маған орын нұсқаған соң, Оразәлі мен оның қасындағы бала араларын аша берді.

    2. Байжекең суырдың інін тереңдетіп қазып көрсе, ар жағы сіресіп жатқан тас көмір екен.

    3. Жел дауылды шақырады, бұлт жауынды шақырады.

    4. Жаманменен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп.

    5. Байқағам жоқ, сондықтан кінәлі емен.

  3. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

    1. Таным-түсініктің дұрыс қалыптасуы – мәдениеттіліктің кепілі.

    2. Ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: әуелі - ел басы , топ басы деген кісілер болады екен, екіншісі – намысқор келеді екен.

    3. Кітап оқудан тыйылған адам ойлаудан да тыйылады.

    4. Ер деп атақ кім берер, алмас семсер асынбай.

    5. Одан әрі олар сөйлескен жоқ: әңгімеге уақытта қалмаған.

  4. Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан себеп-салдар салалас құрмаласты табыңыз.

    1. Түнде күзетші ұйықтап қалғандықтан, қалың жылқы егіске түсіп кетіпті.

    2. Досын сатқан жандардан жиренемін: Отаныңды ондайлар сата алады.

    3. Көкөзек Ушаковты алдап ұрды: нәлі бар да, бақыры болмай шықты.

    4. Сырт тазасы не керек, тазарт әуелі ішіңді!

    5. Мұқата сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакім де естіді, бірақ бұл сөзге ол кек тұтқан жоқ.

  5. Жалғаулығы түсіп қалған қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Жерді жыртқан біледі, малды баққан біледі.

B) Мақсат – біреу, сол себепті оны екіге бөлу – ымырашылдық.

C) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.

D) Ең сенімді су жер астынікі, – оны іздеу керек.

E) Шытырлап тұрған қурай лап етті, қара түтін бұрқ етті.


  1. Тек жалғаулықты болатын салалас құрмаластың түрі қайсы?

A) ыңғайлас B) қарсылықты

C) себеп-салдар D) кезектес

E) түсіндірмелі


  1. Жай сөйлемдеріндегі ойдың тек біреуіндегісі ғана жүзеге асатынын білдіретін салаластың түрі қайсы?

A) ыңғайлас B) қарсылықты

C) себеп-салдар D) кезектес

E) талғаулы


  1. Қай салалас сөйлем екенін табыңыз.

Менің артымнан тағы бір қыз туады, әке-шешем атын Балтуған қояды.

A) Ыңғайлас D) Түсіндірмелі

B) Қарсылықты E) Талғаулы

C) Себеп-салдар



  1. Құрамындағы жай сөйлемдері ешбір жалғаулық шылаусыз, әрдайым ұласпалы интонация арқылы байланысатын салалас түрін табыңыз.

A) Ыңғайлас салалас D) Себеп-салдар салалас

B) Қарсылықты салалас E) Талғаулы салалас

C) Түсіндірмелі салалас


  1. Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің сыңарлары қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысады?

A) бірақ, дегенмен, алайда D) жалғаулығы жоқ

B) өйткені, сол үшін, себебі E) кейде, бірде, біресе

C) және, әрі, да

Салалас құрмалас сөйлем» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

1 – E 6 – D

2 – E 7 – E

3 – B 8 – A

4 – B 9 – C

5 – D 10 – E



«Сабақтас құрмалас сөйлем» тақырыбы бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Қайсысы себеп бағыныңқының жасалу жолына жатады?

A) қалау райлы етістік пен "келіп" етістігінің тіркесуі

B) ашық райлы етістік пен "деп" етістігінің тіркесуі

C) шартты райлы етістік пен "деп" етістігінің тіркесуі

D) бұйрық райлы етістік пен "деп" етістігінің тіркесуі

E) тұйық етістік пен «үшін» шылауының тіркесуі


  1. Себеп бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.

A) Аспандағы бұлт сиреп, жұлдыздар көріне бастады.

B) Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды.

C) Аңсаған төлде су тапса, бас қоймай ма бастауға.

D) Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше сұрап алған.

E) Қасқыр енді мұның айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге көшті.


  1. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

A) Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, атарын шоқыта, сар желіске сала жөнелді.

B) Еңбексіз ауырса емі табылмайды.

C) Ғылым өзін-өзі сызғылай отырып, толассыз ілгері жылжи береді.

D) Өткенге топырақ шашсақ, болашақ саған тас атады.

E) Көз – ақылдың, ақыл – ұжданның, ұждан – рухтың бақылау тетігі екенін біл.


  1. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың сұрауларын табыңыз.

A) Қайтпейінше? Не етпейінше?

B) Кашаннан бері? Кайтіп?

C) Не етпек болып? Қалай?

D) Қайтсе де? Қайткенмен?

E) Қайтсе? Не еткенде?


  1. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.

A) Игіліктен қанша жасқанса да, бүгін тәуекел етіп жолығуға келе жатыр еді.

B) Біз үйден шыққанда, күн де сәскелікке жақындап еді.

C) Құс жоғары-төмен ұшып, бір қанатын сабалап қаша берді.

D) Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсың.

E) Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.


  1. Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемнің орын тәртібін анықтаңыз.

Өзі, сол қағаз келгелі, қынжылып жүрген.

A) Басыңқы сөйлемнің алдында.

B) Басыңқы сөйлемнен кейін.

C) Басыңқы сөйлемнің ортасында.

D) Басыңқы сөйлемнің екі жағында.

E) Басыңқы сөйлем алдында да, кейін де.



  1. Сабақтастың қай түрі?

Елімнің қайғысына мың да бір дауа осы болар деп, Сырдың суына төсегін төсеп тартып тұрады.

А) Мақсат бағыныңқы құрмалас

В) Мезгіл бағыныңқы құрмалас

С) Қимыл-сын бағыныңқы құрмалас

D) Шартты бағыныңқы құрмалас

Е) Себеп бағыныңқы құрмалас



  1. Олар келсе, сабақ аяқталыпты. – қандай сөйлем?

A) Шартты бағыныңқы D) Мезгіл бағыныңқы

B) Қарсылықты бағыныңқы E) Мақсат бағыныңқы

C) Себеп бағыныңқы


  1. Шартты райды жұрнағы қай сөйлемнің жасалу жолына қатыспайды?

A) Шартты бағыныңқы D) Мезгіл бағыныңқы

B) Қарсылықты бағыныңқы E) Мақсат бағыныңқы

C) Себеп бағыныңқы


  1. Төмендегі құрмалас сөйлемнің түрін табыңыз.

Ол оянса, терезе жабық тұр екен.

A) Шартты бағыныңқы D) Мезгіл бағыныңқы

B) Қарсылықты бағыныңқы E) Мақсат бағыныңқы

C) Себеп бағыныңқы


«Сабақтас құрмалас сөйлем» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – B

2 – E


3 – A

4 – D


5 – C

6 – C


7 – E

8 – D


9 – C

10 – D
«Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері» тақырыбы бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ



  1. Көп құрамды салалас құрмаласты табыңыз.

A) Көктем келді, күн жылынды, бірақ егістік басталған жоқ.

B) Қар жауса, боран тұрса, бұл өңірде тұру мүмкін емес.

C) Үйге келіп, қағазын іздеп еді, – табылмады.

D) Сабақ аяқталып, демалыс басталса, олар ауылға кетеді.

E) Қиын болса да, бараға жері болмаған соң, келісті.


  1. Қай сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер салаласа байланысады?

A) Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас

B) Аралас құрмалас сөйлем

C) Сатылы көп бағыныңқы

D) Әр алуан жарыспалы

E) Көп құрамды салалас құрмалас


  1. «Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы» схемасына сәйкес келетін аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Жолдан бұрыстау болғанмен,егер сен қарсы болмасаң, соға кетуді ойлап келемін.

В) Қыстың қысқа күні түс шағына жеткенде, барлық жылқышы түсіріліп, ат атаулы алынып, Абылғазының айтқаны түгелдей орындалып болған-ды.

С) Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді, ат етпетінен түсті.

D) Жиын есіне түскенде, бетінен оты шықса да, мұғалімнің сөзіне көнбесіне Бектайдың шарасы болмады.

Е) Денесі әлсіреп, сүлдері құрығандай болып, зорға келіп арбаға мінді.


  1. Көп басыңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.

A) Қоңырау соғылса, балалар қақтығысып, далаға шығады.

B) Жаз келгенде, балыққа барамыз, тауға шығамыз.

C) Күн шықты, таң атты, бірақ далада ешкім жоқ.

D) Біреуден қрықты ма, асықты ма, қашып барады.

E) Жел де, жаңбыр да тоқтаған, далаға шықсақ болады.


  1. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Ербол ғана сүйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті, бірақ сонда да өзін-өзі аңғарып жүрген жоқ.

B) Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, көбінесе үнсіз жортып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді.

C) Сиырда аунамақ жоқ, жылқыда күйсемек жоқ, тамда белдеу жоқ, таста тамыр жоқ, суда қаймақ жоқ.

D) Қуаты – ақындық, үміті – халық.

E) Осы өткен қыс бойында кітап соңында көп отырған Абай үй ішіне, Ербол мен Баймағанбетке, кішкене молдаға және әңгіме тыңдауға жараған балалары: Әбдірахман, Күлбадан, Мағаштарға өзі оқыған кейбір романдарын да қызықты хикая етіп айтып беріп отрамын.


  1. Сатылы көп бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.

A) Егер бұл тулап, бойды үркітіп жүргенде, Ұлжан көріп қойса, жаман болады.

B) Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, ерлердің ісі бітер ме?

C) Қыс түсті, қара аттың тізесінен суырынды бұрқыратып, шілденің тозаңындай аспанға шығады.

D) Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле.

E) Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.


  1. Қай сөйлемнің бағыныңқы сөйлемдері басыңқы сөйлемімен тікелей байланысады?

A) Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем

B) Аралас құрмалас сөйлем

C) Сатылы көп бағыныңқы сабақтас сөйлем

D) Көп басыңқылы сабақтас сөйлем

E) Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем


  1. Төмендегі аралас құрмалас сөйлемнің схемасын табыңыз.

Шөптің бойы биік болады да, қашқан қоян мен түлкі болса, шөптер көрсетпейді, аңдар қалай қарай көшкеніне биік шөптің бойынан орғып шапқан иттің жобасынан ғана байқаймыз.

A) басыңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы

В) басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы

С) бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы

D) бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы

Е) басыңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы



  1. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Көл бетіндегі сырғанақшыларға бармақ болып, Асқар үйден шыққан соң, Айбала шай қоюға кірісті.

B) Мен барар ем, сабалаған қымызым, жетектеген сойыстығым болса.

C) Түсі сұрланып, екі танауы желбірей түсіп, тентек көздері жиреніш отын шашып тұр.

D) Ертеңінде тұрсақ, жел басылып, бұлт ашылып, маужыраған бір әдемі күн басталыпты.

E) Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді, ойы жүзеге аспады.


  1. Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастың қай түрі екенін анықтаңыз.

Тау басына бүркітін алып Тұрғанбай жеткенше, Баймағамбет қорым тасты қағуға кіріспей, Қарашолақтың тамағасы тартылғанын тосып тұр екен.

A) Сатылы көп бағыныңқы D) Бірыңғай жарыспалы

B) Әр алуан жарыспалы E) Шартты бағыныңқы

C) Қарсылықты бағыныңқы


«Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері» тақырыбы бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – A

2 – E


3 – C

4 – B


5 – B

6 – A


7 – A

8 – E


9 – E

10 – B
«Тыныс белгілері-1» тақырыбы бойынша



ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

  1. Жақша ішінде нүкте қойылу себебін анықтаңыз.

A) Жай сөйлемнен кейін.

B) Автор түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін.

С) Хабарлы сөйлемнен кейін.

D) Драмалық шығармада кейіпкер атынан соң.

Е) Бұйрықты сөйлем соңында.


  1. Жалпылауыш сөзге қатысты тыныс белгіні табыңыз.

А) Жанат орын ұсынып еді,- отырған жоқ.

В) Балалар, аманбысың шырақтарым.

С) Ата қоныс – ата мекен.

D) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Е) Ол ол ма, одан да бетері бар.


  1. Қос нүкте қойылмайтын жерді көрсетіңіз.

А) Салдар мәнді сөйлемнен кейін.

В) Автор сөзінен кейін.

С) Бірыңғай мүшелердің арасына.

D) Жалпылауыш сөзден соң.

Е) Түсіндірмелі салаласта.


  1. Көп нүкте қойылатын жерді табыңыз.

А) хабарлы сөйлемнен кейін.

В) Ойға тосын, өте алшақ нәрсе қосылса.

С) Төл сөзден кейін.

D) Белгілі бір сөздің орынсыз айтылғанына таңырқау мәніндегі сөзден соң.

Е) Сан, уақыт ,кеңістік мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін сөзаралығында.


  1. Көп нүкте қай сөзден кейін қойылатынын анықтаңыз.

Еліңнің анық көшін бастайын жолың даңғыл болсын да.

А) Сөйлем алдынан D)“Еліңнің” сөзінен кейін

В) “Бастайтын” сөзінен кейін Е) сөйлем соңында

С) “Жолың” сөзінен кейін



  1. Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.

Сәкен, таң жарқырап атып келе жатқандай, шаттана ұмтылмақ.

A) Бағыныңқы сөйлемнің екі жағына

B) Қаратпа сөзден кейін

C) Бірыңғай мүшелер арасында

D) Оңашаланған айқындауыштың екі жағына

E) Қыстырма сөздің алдына



  1. Қай мысалда үтір қойылуы қажет?

А) Аса тілеулес ағасы Абай оның алдынан шықпайды және ешкімге бетін де қақтырмайды.

В) Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша орнынан атып тұрды.

С) Кенжебек Асқардың шақыруымен келіп отыр.

D) Әр адамның бағасына бір ғана өлшеуіш бар ол – өнімді адал еңбек.

Е) Біресе бір адым озып кетеді біресе кейін қалып қояды.


  1. Жетпей тұрған тыныс белгісін табыңыз.

Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері:

а) тұрмыс-салт жырлары

ә) мақал-мәтелдер, жұмбақтар

А) Үтір D) Тырнақша

В) Қос нүкте Е) Жақша

С) Нүктелі үтір



  1. Қысқартылған түрінде қандай тыныс белгісі жетпей тұрғанын көрсетіңіз.

Ахмет Байтұрсынов (А Байт)

А)тырнақша В)жақша С)үтір D)сызықша Е)нүкте



  1. Қай қатарда нүкте қойылмайды?

А) т.б. , т.с.с. D) Ғ.М. , Ғ. Мұст.

В) Б.Ұ.Ұ. , м. , v. Е) “Қ.Ә.”, “П.”

С) ж. , сағ. , мин.
«Тыныс белгілері-1» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – B (Нұрлан. (Ойланып тұрып.) Енді не істейміз?)

2 – D


3 – C

4 – B


5 – B (Еліңнің анық көшін бастайын... Жолың даңғыл болсын да.)

6 – A


7 – E (Біресе бір адым озып кетеді, біресе кейін қалып қояды.)

8 – C а) тұрмыс-салт жырлары;

ә) мақал-мәтелдер, жұмбақтар;

9 – E (А. Байт.)

10 – B (БҰҰ , м , v)

«Тыныс белгілері-2» тақырыбы бойынша

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


  1. Сызықша қойылатын жерді көрсетіңіз.

А) Бірыңғай мүшелердің арасына қойылады.

В) Одағайдың екі жағынан қойылады.

С) Ой тәртібін білдіретін қыстырма сөзден кейін қойылады.

D) Сан, уақыт, кеңестік мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін қойылады.

Е) Кезектес салалас құрамындағы жай сөйлемдері арасына қойылады.


  1. Сұрау, леп белгілері қандай жағдайда жақшаға алынады?

  1. Ұранды сөйлемдерден соң.

  2. Талас, күдікті мәселе екендігін көрсетіп, оқушы назарын аудару үшін.

  3. Дәйексөздің авторын, шығарманың атын көрсеткен кезде.

  4. Келтірілген мысалды санамалап көрсеткен жағдайда.

  5. Драмалық шығармалардағы автор түсіндірмелері.

  1. Астарлы кекесін мәніндегі сөзге байланысты қойылған тырнақшаны табыңыз.

А) Сұлтанмұрат пен Қадиша кезектесіп айтып,бір кезде “Екі жиренге” қосылып кетті.

В) Арсыздыққа ауыздандыратындар - “абыройлы” ағайлар.

С) “Ынтымақ түбі – береке” деген мақалды білемісің?

D) Ол маған осы “Терек пен қызыл гүлді” айтып берді.

Е) Жұрт елеңдеп, “бұл кім болды екен кешігіп жеткен”, “мықтылардың бірі ғой, тегі” десіп, жігітке қарасты.


  1. Қай сөз жақшаға алынатынын анықтаңыз.

Ербол. Қуанып тұрып. Жолдастар, біз жеңеміз.

A) Ербол B) Жолдастар C) Біз

D) Қуанып тұрып E) Жеңеміз


  1. Жақша неліктен қойылғанын анықтаңыз.

Махмұт (әкем) – 1870-1941 жж өмір сүрген.

  1. Белгілі бір сөздің мағынасын түсіндіргендіктен.

  2. Бірыңғай мүшелер.

  3. Оңашаланған айындауышқа қатысты.

  4. Цитатаның авторы кім екендігі көрсетілген.

  5. Авторлық ремарка болғандықтан.

  1. Сұраулы сөйлем көңіл-күйімен байланысты айтылса қойылатын тыныс белгісін табыңыз.

А) Сұрау, леп белгісі D) Қос нүкте, сызықша

В) Нүкте, көп нүкте Е) Дефис, тырнақша

С) Үтір, сызықша


  1. Қай жерге тыныс белгілері қабаттаса қойылады?

А) Сөйлем ортасында D) Автор сөзінен кейін

В) Сөйлем басында Е) Қаратпа сөздің екі жағына

С) Сөйлем соңында


  1. Қай жағдайда бастауыштан кейін сызықша қойылмайды?

А) Бастауыш(Зат есім)―Баяндауыш(Зат есім)

В) Бастауыш(3-жақ жіктеу есімдігі)―Баяндауыш(Зат есім)

С) Бастауыш(Зат есім)―Баяндауыш(Сын есім)

D) Бастауыш(Тұйық етістік)―Баяндауыш(Зат есім)

Е) Бастауыш(Сан есім)―Баяндауыш(Сан есім)



  1. Берілген сөйлемде нүктелі үтір не үшін қойылған?

Қазақ тілінің негізі болған көне түркі жазба нұсқаларын мынадай кезеңдерге бөліп қарауға болады:

  1. Көне түркі және Орхон-Енесей-Талас кезеңі;

  2. Қараханид кезеңі;

  3. Орта ғасырлық кезең;

А) Санамаланып айтылған, мағынасы ыңғайлас сөйлемдердің арасына

В) Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем болғаны үшін

С) Төл сөз бен автор сөзі болғаны үшін

D) Оңашаланған айқындауыш

Е) Ой аяқталған соң



  1. Жақша қашан қойылады?

А) Жақша сөйлем ішіндегі белгілі бір сөздің мағынасын немесе ойға қатысты басқа бір ойды жол-жөнекей түсіндірген жағдайда қойылады.

В) Белгілі бір цитатаның кімнен алынғандығын білдіру үшін, соңына оның аты жақшаға алынып жазылады.

С) Қосарлы айқындауыш жақшаға алынады.

D) Кейде сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз, талас, күдікті болса, сол сөзден не сөйлемнен кейін қойылатын сұрау, леп белгілері жақшаға алынады.

Е) Драмалық шығармалардағы автор түсіндірмелері жақшаға алынады.
«Тыныс белгілері-2» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:
1 – D (Алматы – Астана пойызы)

2 – B (Олар кешеден бері Асанбайдың ырғалын (?) көтеріп келеді.)

3 – B

4 – D ( Ербол. (Қуанып тұрып.) Жолдастар, біз жеңеміз.)



5 – A

6 – A


7 – D

8 – C (Дала жарық.)

9 – A

10 – A


ҚАЗАҚ ТІЛІ


Талапкерге арналған оқулық-тест

Авторы:

Қанат Ибрагимов



Редакторы:

Айнұр Ахметбекова



Компьютерге беттеген:

Бекболат Алтынбекұлы



1 Ә.Болғанбайұлы, С.Бизақов. Синонимдер сөздігі, - Алматы, 2001.


2 А.Ысқақов, Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Мектеп баспасы, Алм., 1974. 140-бет

3 Сын есім өзінің сындық мағынасын сақтап, оның үстіне заттық мағынаға да ие бола алады және сөйлемде зат есім қызметін атқарады. Оны сын есімнің заттануы. (субстантивтенуі) дейді. Мысалы: Күштімен(кіммен?) алыспа, үлкенді(кімді?) сыйла. Білімді (кім?) мыңды жығады.

4 Сан есімнің заттануы деп (субстантивтенуі) заттық мағынаға ие болуын және сөйлемде зат есімнің қызметін атқаруын айтады. Мысалы: Алтау (кім?) ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу (кім?) түгел болса төбедегі түседі.


5 Да, , әрі, я, яки, немесе, әлде бірыңғай мүшелердің арасында қайталанбай тұрса, үтір қойылмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет