Қорытынды Қорыта айтқанда, қазіргі білім беру жүйе-
сін де мектеп оқушыларының танымдық бел-
сен ділігін қалыптастыру мәселелері қазіргі
педагогикалық ғылым мен практиканың өзекті
мәселелерінің бірі болып табылады. Зерттеу
көрсеткендей, танымдық белсенділіктің да-
муы мұғалімнің жүйелі, мақсатты жұмысын,
оқу қызметін жаңаша түрде ұйымдастыруды,
қызықты тапсырмалар мен жұмыс формала-
рын қажет етеді. Мектепте сабақ барысында
оқушылардың дербестігін, ойлау қабілетін,
танымдық белсенділігн дамыту мақсатында
қолайлы инновациялық технологияны таңдай
білу керек.
Жүргізілген тәжірибелік зерттеу жұмы сы-
ның нәтижелерін талдау негізінде келесі қо-
рытындылар тұжырымдалды:
- Психологиялық-педагогикалық әдебиеттер-
ді зерделей келе, танымдық іс – әрекет адамның
танымдық белсенділігінің жоғарылауын сипат-
тайтын ерікті әрекет, белсенді күй.
- Тәжірибе барысында 7 сынып оқушы ла-
рының танымдық белсенділіктің даму деңгейлері
«қысқа мерзімді есту жадының диагностикасы»,
«ұғымдарды салыстыру», «О.М. Дьяченконың
фигураларын толықтыру» әдістемелерімен
анықталды.
- Биологиялық білім беруде оқушылардың
танымдық белсенділік даму деңгейін арттыру
мақсатында қолданылатые заманауи технологи-
ялар: «Блум кубигі», «STEAM», «GBL» техноло-
гиясы мен «Агролаб» үйірмесі, ашық аспандағы
биология сабақтары.
- Қорытындылау кезеңі нәтижелеріне сүйене
отырып, «Блум кубигі», «STEAM», «GBL»
әдістерін қолдана отырып жаттығулар мен тап-
сырмалар орындауды тәжірибеге енгізудің
арқасында дәстүрлі оқытудың формалары мен
әдістерінің өзгеруі танымдық белсенділіктің да-
муына оң әсер етеді деген қорытынды жасауға
болады.
- Осы ғылыми мақаланы жалпы білім беретін
мекемелердің мұғалімдері өз біліктерін арт-
тыру мақсатында дидактикалық құрал ретінде
қолдана алады.