Ахмет ақҚали қабижанұлы қазақстандағы мұрағат құрылысының тарихы


«Құжаттар құндылығын анықтау тәжірибесі»



бет3/4
Дата29.02.2016
өлшемі407 Kb.
#31761
түріДиссертация
1   2   3   4

«Құжаттар құндылығын анықтау тәжірибесі» атты төртінші тарауда үш бөлімнен тұрады. Мұрағат ісінің одан әрі даму перспективасы және ағымдағы міндетттерді шешу құжаттарды іріктеу жұмыстарын ұйымдастыруына тікелей байланысты бағыттарының бірі - КСРО мемлекеттік мұрағат қорының құрамын құжаттық дерек көздермен уақытылы және сапалы толықтыру. Бұл атқарылған жұмыстың қорытындысы негізінде қоғамның үздіксіз дамуын ақпараттармен қамтамасыз ету мәселесі тиімді шешілді.

Кеңестік дәуірде мұрағат мекемелері құжаттар туралы теория мен әдістемесі бағытындағы жұмыстарда біраз жетістіктерге жетті. Құжаттар құндылығына сараптама жүргізу жұмыстарына байланысты кеңінен пайдаланылатын ведомстволық мұрағаттарға мерзімі көрсетілген және өткізілуге тиісті құжаттар тізбесі, типтік (тұрпатты) номенклатура істері тізбесі т.б. әдістемелік құралдар шығарылды. Кеңестік мұрағатшылар құжаттардың құндылығына сараптама жүргізудің принциптерін үш бағытта құжаттың шығуы (пайда болуы), мазмұны және сыртқы ерекшеліктері (құжаттың көлемі мен пішімін, ақпарат жеткізушіні, жазу түрін, ресімдеу құрамын көрсететін сыртқы белгілер) арқылы нақтылады.

1922 жылдың 8 желтоқсанында Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы С.Сейфуллин қол қойған циркулярлық хатта барлық мекемелердің мұрағаттарындағы іс қағаздарының жойылуына және сатуға қатаң тыйым салынғаны атап көрсетілген [50, 41-43 пп.]. Мұрағатты саясат қолшоқпарына айналдыру ісі партия басшылығымен елде азамат соғысы аяқталғаннан кейін-ақ қолға алынды. 1920-шы жылдардың бірінші жартысында мұрағаттарға, революциялық трибуналдан, республика бақылау комиссиясынан, мемлекеттік саяси басқарманың тергеу бөлімдерінен көптеген сұраулардың түсуі нәтижесінде 1927 жылдың 9 ақпанында БКП (б) Орталық Комитетінің хатшысы В. Молотов қол қойған құпия циркулярлық хат барлық республикалардың Орталық партия комитеттеріне облыстық, өлкелік, губерниялық, округтік партия комитеттеріне жіберілді. Жіберілген құпия хатта жергілікті мұрағат қорындағы құжаттарды өңдеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Сондықтан да мұрағатқа жіберілетін адамдарды мұқият тексерістен өткізуді талап ете отырып, бұл жұмыстарға тек партия мүшелерін жіберу керектігін баса айтады [51, 1 п.].

1938 жылы Орталық Мұрағат Басқармасы жанынан мұрағат ісіне байланысты әдістемелік ережелер мен нұсқауларды дайындау мақсатында әдістемелік орталық құрылды. 1938-1940 жылдары әдістемелік орталықтың жұмысының нәтижесінде мұрағат материалдарының тізімдемесін, КСРО мемлекеттік мұрағаттарындағы мұрағат материалдарын жүйелеу, мемлекеттік мұрағаттардағы құжаттардың жәй күйін, толықтығын тексеру ережелері, аудандық мұрағаттардың және әскери мекемелердің мұрағаттарындағы жұмысты жақсарту туралы нұсқаулықтар, КСРО Мемлекеттік мұрағат басқармасының Орталық сараптама-тексеру комиссиясы мен жергілікті мұрағат органдарының сараптама-тексеру комиссиясы туралы ережелер жасақталды.

1940 жылдың 23 қазанында Ішкі Істер Халық Комиссариаты Л.П.Берия қол қойған «Мұрағат материалдарын оперативтік-чекистік жұмыста пайдалану туралы» деген № 001345 бұйрық шығарды. Сол жылы құжаттар құндылығына сараптама жүргізу жұмыстарымен бірге КСРО Бас мұрағат басқармасы 14392 «жат элементке» тізім жасайды. Қазақстанға келетін болсақ, 1943 жылдың 1 қаңтарынан 1 шілдесіне дейін, яғни жарты жылдың өзінде мұрағат материалдары бойынша 2063 адамға «ілік» табылып, оларға карточкалар толтырылады. Барлығына да анықтама-тізім дайындалып, КСРО ІІХК жіберілді. Жат элементтерге арнайы «анықтама-тізім» құрастыру жұмыстары тек 1956-1957 жылдары ғана ресми тоқтатылды. 1941 жылы Қазақ КСР ІІХК Мұрағат бөлімінің мемлекеттік қауіпсіздік лейтенанты Н.Н.Фёдоровтың облыстық мұрағат бөлімдері жанынан сараптама-тексеру комиссиясын құру туралы бұйрығы шықты [365, 10 п.]. Осы бұйрыққа орай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Гурьев, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай және Павлодар облыстары ІІХК-ның басқармасы бөлімдері жанында құжаттар құндылығына сараптама жүргізу мақсатында сараптама-тексеру комиссиялары құрылды. Облыстық сараптама-тексеру комиссияларының құжаттарды жою жөніндегі актілері мен қорытындылары Қазақ КСР ІІХК Мұрағаты бөлімі жанындағы сараптама-тексеру комиссиясына бекіту үшін жіберілді.

1945 жылы сараптама тексеру комиссиясы 14 облыста құрылды. Көптеген құрылған комиссиялар құрамында сараптама жұмыстарын жүргізудің жай жапсарын білетін тәжірибелі мамандары жетіспеді. 1945 жылы сараптама-тексеру комиссиялары 17 мәжіліс өткізіп, онда 103032 бірлік істі құрайтын 171 іріктеу тізімін қарастырды.

1952 жылдың 15 қаңтары мен 27 желтоқсаны аралығында Қазақ КСР ІІМ Мұрағат басқармасының сараптама-тексеру комиссиясының құрамында төрағасы С.С.Голубятников, хатшысы А.Ф.Шевчук, мүшелері Ф.Н.Киреев, Е.Л.Валяткин, А.Г.Коновалев, К.А.Андрюхина, сарапшылар Е.М. Калашникова, Р.С.Махмутова, А.Ф.Шевчук, Р.К.Рябова, П.В.Сенотрусова Қазақ КСР ІІМ шаруашылық басқармасы, Алматы мемлекеттік заң институты, Т.Г.Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік сурет галлериясы т.б. мекеме мұрағаттарындағы ғылыми-тарихи және анықтамалық маңызын жойған құжаттарды өртеу арқылы жоюға хаттамалар толтырды [52, 1, 161 пп.]. Мемлекеттік сақтауға құжаттарды іріктеуді министрліктер мен ведомстволардағы сараптама комиссиялары жүзеге асырады. Сараптама комиссиясының қызметі негізінен белгіленген типтік ереже бойынша жүргізіледі. 1950 жылдардың ортасына дейін мемлекеттік мұрағаттардағы жеке қорларды жинау жұмыстары төмен дәрежеде жүргізілді. Өйткені ол кезде жеке адамдардың құжаттарын бағалап, қабылдау мен жинақтаудың жалпы әдістері жаңадан пайда бола бастаған болатын. 50 жылдардың аяғына таман еліміздің көптеген мемлекеттік мұрағаттарының жинақтау тәжірибесін байытатын еңбектер жарыққа шықты. Сол кезден бастап аталған мәселе жаңа белеске көтерілді. Себебі бұл кезеңде құжаттардың құндылығына сараптама жұмыстарында қайта құру жұмыстары жүргізілді. Кеңес үкіметінің құрылу жылдары, бандыларға қарсы күрес, коммуналар, ұжымшар, кеңшарлар құру, ірі өнеркәсіп орындарын салушылардың, азамат соғысы және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің естеліктері мен күнделіктерін жинау қолға алынды. Жеке тектік құжаттар қоры туралы айтылғанда Қазақ КСР-і мұрағаттарындағы жеке адамдардың құжаттарын жинақтау, жүйелеу жөніндегі Т.Әбілованың еңбегін атап өтуге болады [26].

1968 жылы республикадағы мұрағат мекемелерінің сараптама-тексеру комиссиялары 284 мәжілісін өткізіп, онда 3 мыңға жуық мекеменің тізімдемесі қаралды [53, 25 п.]. 1970-1980 жылдары республикадағы мұрағат мекемелерінде сараптама жүргізу жұмыстары өз жалғасын тапты. Одақ бойынша 1974 жылдың 1 қаңтарында жалпы құрастырылған тізімдеменің 71,4 % сараптама-тексеру комиссиясы бекітсе, 1979 жылдың 1 қаңтарында ол 82,7 % өсті. 1975 жылы мемлекеттік мұрағаттарға негізінен мемлекеттік билік пен басқару органдарының 46157 бірлік іс, орман, су шаруашылығы органдарының 38104 бірлік іс, әділет және прокуратура органдарынан 21890 бірлік іс, өнеркәсіп орындарынан 19382 бірлік іс, денсаулық, спорт және дене шынықтыру, әлеуметтік органдарынан 8267 бірлік іс, халыққа білім беру және кадр дайындау 7921 бірлік іс және 1232 бірліктегі киноқұжаттар, 5056 бірліктегі фотоқұжаттар, 361 бірліктегі фоноқұжаттар қабылдады.

Құжаттар құндылығына сараптама жүргізу жұмыстары мақсатты түрде жүргізілді. Осы мақсатта 430 мыңнан астам бірлік іс қаралып, соның 60 мың бірлік ісі жоюға шығарылды. Қазақ КСР мұрағаты Бас басқармасы каталогымен Алматы, Қостанай, Семей, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Шымкент облыстары мемлекеттік мұрағаттары мен филиалдары, Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұрағатының 20 мыңға жуық қорлары салыстырылып тексерістен өткізілді.

1980-1990 жылдары құжаттар құндылығына сараптама жүргізу жұмыстары өткен бесжылдықтардың қортындылары негізінде жүргізілді. Мемлекеттік сақтауға құжаттарды қабылдауды, іріктеу жұмыстарының сапасын арттыру, құжаттарды іріктеу әдістерін жетілдіру мәселелері күн тәртібінде өзекті мәселелер болып қала берді.



«Мемлекеттік мұрағат қорын пайдалану қызметі» деп аталып мұрағат қорын пайдалану және мұрағаттардың материалдық-техниалық базасы мәселелері қарастырылады. Қазақстанның мемлекеттік мұрағат қорын пайдаланып құжаттық материалдарды жариялау жұмыстары өлкеде Кеңес үкіметінің орнауынан кейін жүзеге асырыла бастады. 1920-1930 жылдары материалдарды жариялаумен партия және кеңес органдары, сонымен бірге статистика басқармасы айналысты. Губерниялық статистикалық бюролары өздерінің шығарған басылымдарында губерниядағы социалистік құрылыс тарихын қамтып жазды. Мерейтойлық даталарға орай, яғни Қазан революциясы мен Қазақ Кеңестік республикасы құрылған күніне орай «5 лет Казахстана», «10 лет Казахстана», «15 лет Казахстана» атты жинақтар шығарылды. Кейбір жинақтар жас қазақ республикасының өміріндегі ең басты оқиғаларын көрсетуімен ерекшеленді, мысалыға «Вопросы оседания кочевников», «Весь Казахстан» жинақтары өнеркәсіп, мәдениет және ауыл шаруашылығының дамуы барысынан жан-жақты мағлұматтар берді. Қазақстанның революцияға дейінгі тарихына қатысты құжаттар мен материалдарды жариялауда 1920-1930 жылдары Қазақстанды зерттеу қоғамы айналысты. Құжаттық материалдар «Красный архив» журналында, «Прошлое Казахстана в источникиках и материалах» атты жинағында көрініс тапты. Жинақ қазақ халқының ежелгі және орта ғасырлық тарихын оқытуда құнды әдістемелік құрал болып табылады. 1926 жылдың 15 желтоқсанында өлкелік БКП (б) хатшысы Константинов пен Қазақ өлкелік партия ұйымының меңгерушісінің орынбасары Ваннэ кеңес партия мектебінің басшысы Н.Мартыненкоға жазған құпия қатынас қағазында мұрағат қоры құжаттарын жұмысшы факультеттері мен кеңес-партия мектептеріндегі өлкелік таптық күрестер тарихына қатысты материалдарды бағдарламаға қолдану үшін пайдалануды тапсырады [54, 121 п.]. 1931 жылы Қазақ АССР-ның Орталық мұрағатының 1927-1931 жылдар аралығындағы жұмысының есебінде Қазақстан мұрағаттарындағы бағалы қорларда қазақ халқының тарихына қатысты құнды материалдармен бірге қазба және кен байлықтары туралы мәліметтердің ерекше орын алатыны атап өтілген. Барлық ғылыми-зерттеу мекемелері мен Мемлекеттік жоспарлау комитеті, Жер Халық Комиссариаты, Су шаруашылығы, Түстіметалл алтын мекемелерін мұрағаттағы қорлармен нақты жұмыс жасауға міндеттеді. Осыған орай комиссия құрып, 3 айдан соң Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінде комиссияның жұмысын тыңдау қарастырылды. Құрылатын комиссия мүшелігіне О.Исаев, С.Меңдешев, С.Құрамысов, О. Жандосов, С.Асфендияров, А.Асылбеков, Ә.Айтиев, Ғ.Тоғжанов, Б.Алманов және В.Варламов сияқты қоғам, мемлекет қайраткерлері енді. Комиссия мүшелері ХVІІ ғасырдан бастап қазақ халқының тарихына қатысты мұрағаттағы материалдар арқылы қазақ тарихын жазу мәселесін күн тәртібіне шығарды.

1933 жылдың 31 қазанында БКП (б) Қазақ өлкелік комитеті мұрағат қорын пайдалана отырып республикадағы азамат соғысы тарихын жазу мақсатында комиссия құрды. Өлкелік комитет жанынан құрылған комиссия құрамына М. Дәулетқалиев, С.Мусин, С.Меңдешев, Верховский, Ә.Жангелдин, А.Асылбеков, Фёдоров, Бойцов, Н.К.Тимофеев, С.Сейфуллин, С.Брайнин, Тіленшиев, Шелыхманов, Шамбулов енеді. Комиссия төрағасы болып М.Дәулетқалиев тағайындалады [55, 9 п.]. Комиссия 1934 жылға жұмыс жоспарын бекітеді. Мұрағат қорларын пайдалана отырып, ел аумағындағы азамат соғысының тарихын жазу қолға алынды. Бірақ азамат соғысының тарихы таптық көзқараста жазылып, социалистік революцияның қазақ халқына тигізген «шапағаты» бір жақты көрсетіліп, Алашорда, басқа да саяси партиялардың азамат соғысы жылдарындағы қоғамдық-саяси қызметі таптық сипатта жазылып, бағаланды.

1936 жылдары Өлкелік партия комитетінің хатшысы Л.Мирзоян мен партия тарихы мұрағаты меңгерушісі Н.Тимофеевтың БК(б)П облыстық комитеттеріне жолдаған хатында Орталық комитетте партия тарихын жазу үшін арнайы комиссияның құрылғанын жаза келіп, мұрағат қорындағы құжаттарды пайдаланудың нәтижесінде Қазақстан партия ұйымының тарихына қатысты ғылыми-көпшілік очерк шығатындығын қатерге береді [56, 6 п.].

1940 жылғы қабылданған ережеге сай мұрағат мекемелері ғылыми мекемелер қатарына жатқызылған болатын. КСРО-да мемлекеттік мұрағат қорын пайдалануда мұрағат оқу залдарының ролі ерекше болды. 1956-1960 жылдары оқу залдарында 93 мыңға жуық зерттеушілер ғылыми жұмыстармен айналысса, 1961-1965 жылдары 129 мың, 1966-1970 жылдары 200 мыңнан астам адам болса, соның ішінде 45 мыңы КСРО Орталық мемлекеттік мұрағаттарындағы оқу залында, 161,4 мыңы одақтас республикалардың мемлекеттік мұрағаттарының оқу залында жұмыс жасады. Кеңестік мұрағат ісінің 50 жылдық тарихында оқу залында ең көп зерттеушілер яғни 51 мың адам жұмыс жасаған жыл 1967 жыл болды. Зерттеушілерге 7,2 млн іс берілген болса, 1961-1965 жылдары 5,2 млн іс берілген. 1958 жылы Қазақстан мұрағаттарының 40 жыл ішінде шығарған басылымдарына қысқаша шолу жасаған Қазақ КСР ІІМ Мұрағат басқармасының аға ғылыми қызметкері Н.П.Калитаның есебінде мұрағат қоры материалдарын пайдалана отырып, 1920 жылдары Қазақ АКСР-ның Қорғаныс және Еңбек кеңесінің және Экономикалық кеңесінің есептеріне назар аударады.

1969 жылы Қазақстан мұрағатшылары Омбы қаласында іс сапарда болып Қазақстан тарихына қатысты мұрағат қорындағы материалдарды анықтауға мүмкіндік алды. Тізімдеме бойынша 50 қордың материалдары, барлығы 2700 бірлік іс қаралды. Соның ішінде 31 қорда қазақ елінің тарихына қатысты материалдар барлығы анықталды [56, 50-51 пп.]. Бұл құнды құжаттарды қазақстандық зерттеушілер пайдалану үшін шағынфото көшірме жасау қажеттілігі туындады. Өкінішке орай көшірме жасау қаражаттың тапшылығына байланысты кейінге қалдырылды. 1970-1980 жылдары Қазақстандағы мемлекеттік мұрағаттардағы материалдарды пайдалану жан-жақты жүргізілді. Осы кезеңде 13 әдістемелік көмекші құралдар шығарылып, мұрағат қорын пайдаланудың формалары мен әдістері одан әрі жетілдірілді [57, л. 86].

Республика бойынша тек 1986 жылдардың өзінде зерттеушілерге мұрағат қорындағы құжаттарды пайдалану үшін Орталық және облыстық мемлекеттік мұрағаттарда берілген істердің санына назар аударсақ. Қазақ КСР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттар мұрағатында 1139, Қазақ КСР Орталық мемлекеттік кинофотофоноқұжаттар және дыбыс жазу мұрағатында 2367, Ақтөбе 1040, Алматы 1257, Шығыс Қазақстан 2947, Гурьев 1167, Жамбыл 4138, Жезқазған 2001, Қарағанды 1960, Қызылорда 820, Көкшетау 450, Қостанай 1586, Маңғышлақ 566, Павлодар 1034, Семей 2038, Талдықорған 1233, Торғай 88, Орал 611, Целиноград 827, Шымкент 1100, Солтүстік Қазақстан облыстары мұрағаттарында 1452 бірлік іс берілген [58, 31 п.].

1987 жылы елдегі қайта құру саясатының нәтижесінде мұрағат қорындағы кейбір құжаттарды пайдаланудағы шектеуді алып тастау туралы КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Мұрағат Бас басқармасының бастығы Ф.М.Вагановтың Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы мұрағат Бас басқармасының бастығы С.Б.Байжановқа жолдаған қатынас қағазында атап көрсетілді [59, 1-2 пп.]. Мұрағаттардағы көптеген құпия сақталып келген қорлардағы құжаттар ашық қорларға ауыстырылды. 1989 жылы пайдалануға шектеу қойылған 397 мың бірлік істі толық пайдалануға рұқсат берілді. Бұл барлық пайдалануға шек қойылған құжаттардың 65,5 % болатын. 1990 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша «құпия» грифі соғылған 22833 бірлік іс ашық қорларға ауыстырылды [60, 9 п.].

Мұрағаттарда құжаттарды сақтау және ондағы тарихи құнды материалдарды тиімді пайдалану үшін мұрағаттардың материалдық- техникалық базасын нығайтпайынша жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан да Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында-ақ 1918 жылдың 26 сәуірінде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысымен Халық Ағарту Комиссариатына ел көлеміндегі мұрағаттарды сақтау мақсатында 200 000 рубль қаржы бөлінді. Қазақстанда мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын жақсарту шараларын жүзеге асыру үшін заман талабына сай, лайықты ғимараттар салу қажеттілігі туындады. 1940 жылы Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі Орталық мұрағат ғимаратын салу мақсатында қаражат бөлуді қарастырды. Үкімет қаражат бөлуді 1941 жылдың еншісіне қалдырды. Ұлы Отан соғысының басталуына орай мұрағат ғимраттарын құрылыстарын салу уақытша тоқтатылды. Тек 1960 жылдардан кейін қана 400 мың, 800 мың, 1500 мың бірлік істі сақтайтын типтік жобадағы ғимараттар салу жүзеге аса бастады. Сол жылдары жаңадан салынған мұрағат қоймаларының көлемін ұлғайту мақсатында резерв жерлерде қарастырылды. Республика көлемінде 1960 жылы Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының, 1962 жылы Алматыда Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұрағатының, 1964 жылы Павлодар және Ақтөбе облыстарының мемлекеттік мұрағаты, 1965 жылы Гурьев облысының мемлекеттік мұрағаты және 1966 жылы Қарағанды облысы мемлекеттік мұрағаты ғимараттары іске қосылды. 1967 жылы КСРО үкіметі мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 11 миллион рубль қаражат бөлді. 1970-1977 жылдары аралығында Солтүстік Қазақстан, Қостанай Маңғышлақ, Целиноград және Қызылорда облыстары мемлекеттік мұрағаттарының ғимараттары салынып пайдалануға берілді. 1970-1980 жылдары мұрағаттарға негізінен металл шкафтар, сейфтер, әмбебап мұрағаттық стеллаждар, мұрағат қоймаларындағы құжаттардың физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып климаттық режимдерді анықтайтын термограф М-16 Н, гигрограф М-21АН, ауаның ылғалдығын реттейтін «Кемфорт» аппаратын, құжаттардың шаңын тазалау үшін «ПИП-4000», «ПИ-600» маркалы, «Уралец» тұрмыстық шаңсорғыштар, оқу залына «Микрофон 5 ПО», электрофотографиялық аппараттар, құжаттарды қайта өңдеу, мұқабалау, «ЗБПК-7» түптеу машиналары және 2 «ТПШ-5С» маркалы тігу машиналары алынды. Шағынфильмдерді қарау үшін УДМ-2, «Электрофильм» оқу-көшіру аппараттары және «Электрофот» көшірме аппараттары, «Ятрань» басу машинкалары, «Электроника» есептеу аппараттары алынды.

1980-1990 жылдары әмбебап стеллаждар, металл стеллаждар, шкафтар, «Л-100» оқу аппараттары, Р-120 «Пентакта» оқу-көшіру аппараттары, «РИКО 5070» көшіру аппараты, дыбыс монтаждау столдары, фото үлкейткіштер т.б. мұрағаттарға аса қажеті техникалық құралдар алынды. 1990 жылдың қарсаңында Қазақстандағы мұрағат мекемелерінің материалдық-техникалық базасын мұрағат ісіне аса қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз ету үкімет тарапынан бөлінген қаражаттың тапшылығынан жүзеге аспады.
ҚОРЫТЫНДЫ

Мұрағат-халықтың тарихи-мәдени мұрасы. Мемлекеттік мұрағат қорының құжаттарында бүгінгі тәуелсіз отанымыздың көп ғасырлық тарихы көрініс тапқаны, еліміздің қалыптасуы мен дамуын бейнелейтін баға жетпес құжаттар барлығы анық. Мұрағаттық қорлар-саяси, халық шаруашылығы, ғылыми, әлеуметтік-мәдени тарихи маңызы бар құжаттардың жиынтығы.

Мұрағат қоғамдағы ең ежелгі институттар қатарына жатады. Мұрағаттың қоғамдағы рөлі мен маңызы мемлекеттің экономикалық және мәдени дамуы, ғылыми-техникалық революция мен әлеуметтік процестерге елеулі ықпал етеді. Мұрағаттар қоғамдық ғылымдарға әсіресе бірінші кезекте тарих ғылымының дамуына ерекше ықпал етеді.

Зерттеу жұмысының барысында алынған ғылыми тұжырымдар мен нәтижелер мынадай жағдайларға саяды.



  • Қазақстандағы мұрағаттардың құрылуы-республикадағы аса маңызды тарихи құжаттарды сақтау мақсатында ұйымдастырылып жүзеге асырылған ірі іс шаралардың бірі болды.

  • мұрағат бас басқармасының республикадағы мұрағат ісіне байланысты негізгі іс шараларды ұйымдастыру және оны жүзеге асырудың бастауында тұрды.

  • Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты халқымыздың рухани мұрасының қара шаңырағы болып табылады.

  • мұрағаттық мекемелер жүйесі қалыптасуының елдегі мұрағат құрылысының жан-жақты дамуына ықпалын тигізгенін және жергілікті жерлерде мұрағат мекемелері мен органдарының құрылуы мемлекеттік мұрағат қорының жинақталып халық игілігіне пайдалануы жан-жақты талқыланып, олардың жоғары органдармен ара қатынасы сарапталады, сол арқылы мұрағат тарихының мәселелері көтерілді.

  • республикада бірыңғай мемлекеттік мұрағат қоры қалыптасып және тарихи деректер мемлекеттік мұрағаттарға жинақталып, халық игілігіне пайдалану жүзеге асырылды.

  • мемлекет тарапынан қазақ халқының тарихына қатысты мол деректер жинақталған Орынбор, Омбы, Астрахан, Ташкент, т.б. қалалардағы мұрағаттардан аса маңызды құжаттардың қайтарылуының тарихы зерделеніп және қазақ тарихындағы ролі анықталды.

  • мұрағат қорларында сақталған деректік құжаттар негізінде республиканың қоғамдық-саяси және экономикалық-әлеуметтік өмірін жан-жақты ашып көрсететін көптеген тарихи жинақтар мен еңбектер жарық көрді, сол арқылы халқымыздың тарихын өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп, ұлттық құндылықтарды ұлықтау ісінің орын алып келе жатқандығы айқындалды.

  • тоталитарлық жүйе тұсында мұрағат құжаттарының елеулі бөлігі негізсіз құпияландырылғаны, еліміздің отарлық кезеңіндегі тарихына жаңаша көзқарас қалыптастыру тұрғысынан зерделеу қажеттігі дәлелденді.

  • мұрағаттың мемлекет пен қоғамдағы заңи және тарихи тұрғыдан алатын орыны белгіленіп заман талабына сай оның қызметінің халық жадын аңыздардан арылтып, тарихи шындық негізінде қалыптастыру керектігі тұжырымдалды.

  • ведомстволық мұрағаттардағы жинақталған құжаттардың халық шаруашылығында алатын орыны аса маңызды рөл атқаратындығы жөнінде қорытынды жасалынды.

Сонымен бірге біздіңше зерттеу нәтижесінде мынадай ұсыныстар жасар едік:

  • Қазақстандағы мұрағат құрылысының тарихы бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық дайындап, жарыққа шығару;

  • Республикамызда мұрағат ісін жандандыру мақсатында Алматыдағы құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі техникалық ақпарат орталығы (ЦНТИДАД) мен Астана қаласындағы ҚР Археографиялық және деректану орталығын бір құрылым ретінде қайта құрып, оған республикадағы мұрағат ісінің теориялық-методологиялық қырларын зерттеу, деректану мен археографиялық жұмыстарды реттеуді тапсыру;

  • ҚРОММ-да «Мәдени мұра» мемлекеттік мұрасы жөнінде координациялық орталық құру;

  • «Мәдени мұра» мемлекеттік мұрасын жүзеге асыру ісіне, ғалымдар мен бірге мұрағат қызметкерлерін көбірек тарту;

  • «Мәдени мұра» мемлекеттік мұрасы шеңберінде шет елдерден алынып, қазіргі кезде түрлі ведомстваларда сақталып келе жатқан материалдарды ҚРОММ-ға алдыру жөнінде тиісті үкіметтік құжаттың қабылдануын тездету.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақстан Республикасы Конституциясы (30.08.1995). -Алматы: Қазақстан, 2000. - 36 б.

2 Рузавин Г.И. Методология научного познания. -М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005. - 287 с.

3 Пронштейн А.П., Даниловский И.Н. Вопросы теории и методики исторического исследования. - М.: Высшая школы, 1986. - 208 с.

4 Чернов А.В. История и организация архивного дела в СССР. - М: Научно-издательский отдел ГАЦ НКВД СССР, 1940. - 207 с.; Вяликов В.И. Архивное строительство в СССР (1946-1967 гг.) - М., 1972. -109 с.; Самошенко В.Н. Архивное дело в период построения социализма в СССР (1917-1937 гг.) - М., 1982. - 76 с.

5 Максаков В.В. История и организация архивного дела в СССР (1917-1945 гг.) - М., 1969. - 430 с.

6 Маяковский И.Л. Очерки по истории архивного дела в СССР. Ч. І. Изд.2-е, - М., 1960. - 338 с.

7 Старостин И.В. Архивы России:Методологические аспекты архивоведческого знание. - М.: РОИА, 2001. - 271с.

8 Ленин В.И. Шығармалар толық жинағы. 50 том. -Алматы: Қазақстан, 1983. - 682 б.

9 Ленин В.И. Шығармалар толық жинағы. 53 том. -Алматы: Қазақстан, 1983. - 636 б.

10 Покровский М.Н., Максаков В.В. Политическое значение архивов // Центрархив РСФСР. -М., 1925 . -192 с.

11 Тимченко Г. Основы архивоведения (применительно к работе райархивов). -Алма-Ата: Издание Центрархива Казакской АССР, 1932. -36 с.

12 Горбань Н. В. Архивные богатства Казахстана. - Алма-Ата, 1933. -16 с.

13 Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты (ҚР ОММ), 544-қор, 1-тізбе, 122- іс.

14 Чернов А.В. История и организация архивного дела в СССР. - М: Научно-издательский отдел ГАЦ НКВД СССР, 1940. - 207 с.

15 Шафиро Ш. Работа государственных архивных органов Казахский ССР в дни войны // Вопросы истории. -1945. -№ 1. -190 с.

16 Чумак И.З. Основные принципы организации хранения документальных материалов Великой Октябрьской Социалистической революции в Казахстане: Автореф....канд.ист. наук: - Алма-Ата - Москва, 1956. - 16 с.

17 Фёдоров Н.Н. Архивное дело в республиках Средней Азии и Казахстан // Исторический архив. - 1958. - № 4. - 245 с.

18 Мергенчин Д.К. Документальные публикации Центрального государственного архивов Казахской ССР // Вестник АН Каз ССР. - 1949. - № 10. -153 с.

19 Калита Н.П. Научно-публикаторская деятелность государственных архивов Казахской ССР // Вопросы архивоведение. - 1959. -№ 1. -151 с.

20 Козлитин И. Государственные архивы республик Средней Азии и Казахстана. - М., 1961. -167 с.

21 Белов Г.А. Доклад основные проблемы развития архивного дела в СССР. (вместо автореферата) На соискание ученой степени кандидата исторический наук (по опубликованным работам) - М., 1962. -35 с.

22 Абдулкадирова М.А., Абилова М.Х. Центральный государственный архив Казахской ССР // Советские архивы. -1968. -№ 5. -127 с.

23 Вяликов В.И. Архивное строительство в СССР (1917-1945 гг.). -М., 1972. -109 с.; Он же. Архивное строительство в СССР (1946-1967 гг.). -М., 1976. - 220 с.

24 Рамазанова Б.Р. 60 лет Советскому архивному делу. -Алма-Ата: Общество Знание, 1978. - 20 с.; Она же. Некоторые итоги и перспективы развития архивного дела в Казахской ССР // Советские архивы. - 1977. - № 4. -128 с.

25 Балгозина Р.О. Исторический опыт государственного руководства культурным строительством в Казахстане (1917-1937гг.): Автореф....канд. ист. наук: Алма-Ата, 1983. -25 с.

26 Абилова Т.Е. Личные фонды в государственных архивах Казахской ССР. Конец 1950-х - начало 1980-х гг. (Проблемы комплектования и научной организации): Автореф.... канд. ист. наук: - М., 1986. - 22 с.

27 Грибанова Е.М. Организационно-методическая и научная работа ведомственных архивов 1963-1985 гг. (на примере КазССР): Автореф....канд. ист. наук: -М., 1988. -28 с.; Она же. Во главе архивного строительства Казахстана (1919-1938гг) // Отечественные архивы. -2004. -№ 4, -144 с.; Она же. Из истории подготовки кадров архивистов в советском Казахстане (1920-1938гг) // Қазақстан мұрағаттары (Архивы Казахстана). -2003. -№ 1(31). -81 с.; Она же. Воспоминания выпусников. Историко-архивного института казахстанцев // Отечественные архивы. - 2002. -№ 4. -144 с.; Она же. Архивисты биографический справочник. - Алматы. 2005. - 92 с.

28 Джаманкулов А. Краткий очерк архивного строительство в Киргизии (1926-1976 гг.). - Фрунзе. 1977. -31 с.; Алиев Ф.М. История архивного дела в Азербайджанской ССР (1938- конец 50-х годов): автореф....канд. ист. наук: - М., 1985. -27 с.; Тилеукулов Г.С. Архивное дело в Узбекистане: Опыт и проблемы (1918-1980 гг.): Дис.... канд.ист.наук: -Ташкент, 1995. -170 с.; Датуашвили Д.А. Архивное дело в Грузии. -Тбилиси, 1977. -217 с.; Егелявичюс С.З. Образование и развитие государственных архивов Литовской ССР (1918-1970 гг.): Автореф....канд.ист.наук:-Вильнюс, 1976. -17с.; Енш Г.А. Из истории архивного дела в Латвии. - Рига, 1979. -211 с.; Иониди Н. История архивного строительство в Абхазской АССР 1921-1985 гг. - Сухуми, 1989. - 83 с.

29 Хорхордина Т. История и архивы. - М.: РГГУ, 1994. - 360 с.

30 Байжанов С. Архив-Айғақ. - Алматы: Қазақстан, 1988. -240 б.; Соныкі. Абай және архив. - Алматы: Ғылым, 1995. -216 б.

31 Алаш мирас (Народное наследие): Құжаттар жинағы. (Құрас. Н.Шакеев). -Алматы: Қазақстан, 1995. -208 б.

32 Әуезов және архив. (Құрас: З.Ижанов, Г.Исахан, М.Сандыбаева, Ж.Сатаева). - Алматы : Атамұра, 1997. -130 б.

33 Сариева Р.Х. Мұрағат және тарих: (мақалалар, баяндамалар). -Архив и история (статьи, выступления). - Алматы : Арыс, 2004. -292 б.

34 Есмағамбетов К. Тарих таңдақтары. Бірінші кітап. -Алматы:Арыс, - 416 б.

35 Хасанаев М.Ж. Архивное строительства в Казахстане в первые годы советской власти (1920-1922 гг). -Алматы. 1996. -22 с.; Соныкі. Халық жадының шырақшысы // Заң. -1996. -22 мамыр.

36 Сариева Р., Абдулина А. Очерки по истории организации архивного дела в Казахстане (1918-1945). -Алматы: Арыс, 2006. -324 с.

37 Краткая информация об архивных учреждениях Республики Казахстана. -Алматы: Казахстан, 1996. -17 с.

38 ҚРОММ, 544- қор, 1-тізбе, 2-іс.

39 ҚРОММ, 544 -қор, 1-тізбе, 99-іс.

40 Государственный архив Российкой Федерации (ГА РФ), Ф.5325, Оп. 9, Д. 250.

41 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 6-іс.

42 Государственный архив Оренбургской области РФ (ГАОрО), Ф.1, Оп.1, Д.447.

43 Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты (БҚОММ), 220-қор, 1-тізбе, 14-іс.

44 Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты (ҚОММ), 148-қор, 1-тізбе, 2

іс.

45 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 182-іс.



46 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 575-іс.

47 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 1906-іс.

48 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 2402-іс.

49 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 3358-іс.

50 ҚРОММ, 30-қор, 1-тізбе, 162-іс.

51 Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты (ҚР ПМ), 141-қор, 1-тізбе, 1555-іс.

52 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 1565-іс.

53 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 2519-іс.

54 ҚРПМ, 141-қор, 1-тізбе, 931-іс.

55 ҚРПМ, 141-қор, 1-тізбе, 6996-іс.

56 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 1565-іс.

57 ГА РФ,Ф.5325, Оп.3, Д.2943.

58 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 3692-іс.

59 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 3799-іс.

60 ҚРОММ, 544-қор, 1-тізбе, 3881-іс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет