Ақылбеков Ә. Т. Кривобоков В. П. Даулетбекова А. К. Радиациялық және плазмалық технологиялар Орысша-қазақша терминология анықтамалығы астана-2012 +544 (038) ббк 24. 5 Я 2 а 38



жүктеу 9.53 Mb.
бет36/54
Дата09.06.2016
өлшемі9.53 Mb.
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54

СНА (число смещений на атом)

number of displacements per atom (dpa)

Суммарное количество смещений атомов в твёрдом теле, вызванных облучением быстрыми частицами (обычно нейтронами, ионами, осколками деления), отнесённое к полному количеству атомов. Является важной характеристикой степени повреждения твёрдого тела в результате облучения и служит показателем ресурса работы материала в радиационном поле.




Атомға шаққандағы ығысу саны

number of displacements per atom (dpa)

Жылдам бөлшектермен сәулелену нәтиже-сінде (негізінен нейтрондармен, иондармен, бөліну сынықтарымен) қатты денедегі атомдардың ығысуының қосынды шамасы-ның барлық атомдар санына қатынасы. Сәулелену нәтижесінде қатты дене бүлінуінің маңызды сипаттамасы және материалдың радиациялық өрісте жұмыс істей алу қорының көрсеткіші болып табылады.



Соединения металлические

Metal compositions

Твердые фазы химических соединений разных металлов друг с другом (интер-металлические соединения) или металлов с некоторыми неметаллами (H, B, N, C и т.д.), обладающие металлическими свойствами.



Металды қосылыстар

Metal compositions

Түрлі металдардың бір-бірімен (интерметалды қосылыстар) немесе металдардың кейбір бейметалдармен (Н, В, N, С және т.б) химиялық қосылыстарының қатты фазалары.



Соединения меченые

Radioactively labeled compounds

Химичекие соединения, содержащие стабильные или радиоактивные нуклиды и используемые в качестве индикаторов изотопных.



Белгіленген қосылыстар

Radioactively labeled compounds

Тұрақты немесе радиобелсенді нуклидтерді қамтушы және изотопты индикаторлар ретінде қолданушы химиялық қосылыстар.


Сопло

Nozzle


Канал (труба) переменного по длине поперечного сечения, предназначенный для разгона жидкостей, газов или плазмы до заданной скорости и придания потоку заданного направления.

Сопло

Nozzle


Сұйықтарды, газдарды немесе плазманы берілген жылдамдыққа дейін жылдамдату мен ағынға тасырылған бағытты беруге арналған ұзындығы бойынша көлденең қима каналы (құбыр).

сопло плазменное / plasma nozzleсопло, служащее для формирования струи плазмы. Широко используется в плазмотронах.

плазмалық сопло / plasma nozzle – плазманың ағынын қалыптастыруда қолданылатын қақпақ. Плазмотрондарда кеңінен қолданылады.


Сопротивление материалов

Strength of materials

Наука о прочности и деформируемости элементов (деталей) сооружений и машин. Сновные объекты изучения сопротивления материалов – стержни и пластины, для которых устанавливаются соответствующие методы расчета на прочность, жесткость и устойчивость при действии статических и динамических нагрузок.




Материалдардың қарсыласуы

Strength of materials

Құрылыстар (детальдар) мен машиналар элементтерінің деформациялануы мен беріктігі туралы ғылым. Материалдардың кедергісін зерттеудің негізгі нысандары – статикалық және динамикалық жүктемелер әсері кезінде қаттылыққа, беріктікке есептелген сәйкес келуші тәсілдер белгіленетін пластиналар мен өзектер


сопротивление на излом / fracture toughness – набор критериев, характери-зующих способность твердого тела противостоять росту трещины при деформациях изгиба.

сынуға қарсылық / fracture toughness - иілім деформациясы кезінде сызаттың ұлғаюына қарсы тұратын қатты дененің қабілетін сипаттаушы критерийлер жиынтығы.

сопротивление пластической дефор-мации / strain resistance – способность материала противостоять напряжению одноосного растяжения или сжатия при данных температурно- скоростных пара-метрах пластического формоизменения. Является важнейшей механической харак-теристикой, определяющей энерго-силовые параметры процессов обработки давлением.

пластикалық деформацияның қарсыласуы / strain resistance – пластикалық пішін өзгерудің берілген температуралы-жылдамдықты параметрлері кезінде материалдың бірөсті созылу немесе сығылуының қысымға қарсы тұру қабілеті. Қысыммен өңдеу процестері энергиялы күшті параметрлерді анықтаушы маңызды механикалық сипаттамасы болып табылады.

сопротивление ползучести – то же, что предел ролзучести.

сырғығыштықтың қарсыласуы – сырғығыштық шегінің өзі.

сопротивление разрушению при ползучести / creep-rupture strength – способность материала противостоять напряжению, которое вызывает разрушение при испыьаниях на ползучесть.

сырғығыштық кезіндегі бұзылуға қарсылық / creep-rupture strength – сырғығыштыққа сынау кезінде бүлінуді туғызатын қысымға материалдың қарсы тұру қабілеті.

сопротивление усталости / fatigue resistance – способность материала противостоять действию переменных (по величине, знаку) нагрузок, характер-изующихся, как правило, пределом выносливости или долговечностью при заданном цикле напряжений.

См. также усталость.



қажудың қарсыласуы / fatigue resistance – ережеге сай, кернеудің берілген циклында төзімділік немесе ұзақ өміршеңдігімен сипатталатын материалдың өзгермелі жүктемелерге (шама, белгі бойынша) қарсы тұру қабілеті.

Қара. сон.қ қажу



Сопротивление термическое

Heat-transfer resistance; thermal resistance

Отношение разности температур поверхностей слоя к плотности теплового потока через него.


Термиялық кедергі

Heat-transfer resistance; thermal resistance

Беттік қабаттардың температуралары айырымының ол арқылы өтетін жылу ағынының тығыздығына қатынасы.



Со́рбция

Sorption (от лат. Sorbeo – поглощаю)

Поглощение твердым телом или жидкостью (сорбентом) жидкости или газа (сорбата) из окружающей среды.



Со́рбция

Sorption (лат. Sorbeo – жұтамын)

Қатты денелердің немесе сұйық заттың(сорбенттің) қоршаған ортадан сұйықты немесе газды(сорбатты) жұтуы.



Сорт ядерный

Nuclear grade

Материал качества, адекватного для использования в ядерной промышленности.



Ядролық сорт

Nuclear grade

Сапасы ядролық өнеркәсіпте қолдануға лайықты материал.



Состояния автоионизационные

Autoionization states

Состояния атомов, в которых имеют место два и более возбуждённых электрона при условии, что суммарная энергия возбуждения больше энергии однократной ионизации атома.




Автоиондалған күй

Autoionization states

Қозудың қосынды энергиясы атомның бір реттік иондалу энергиясынан үлкен болған жағдайда екі және одан да көп қозған электрондары бар атомдардың күйі.




Состоя́ние автолокализо́ванное

Self-trapped state

Особое состояние электрона (или дырки), вызванное локальной деформацией среды. Эта деформация обусловлена полем электрона и способна создать потенциальную яму, в которой локализуется электрон. Он адиабатически следует за медленными изменениями деформации и поддерживает стабильность существования ямы своим полем. Поэтому движение его носит самосогласованный характер. Существование автолокализо-ванного электрона может быть весьма выгодным энергетически. Во внешнем электрическом поле на него действует сила, которая передается среде и вызывает трансляционное движение электрона, сопровождаемое согласованным движением деформации среды. Подобные автолокали-зованные электроны могут быть носителями тока, определяющими проводимость и другие кинетические эффекты.



Автотұрақталғанған күй

Self-trapped state

Ортаның локальді деформациясынан туындаған электронның(немесе кемтіктің) ерекше күйі. Бұл деформация электронның өрісі есебінен жүзеге асады және ол онда электрон орналасатын потенциалды шұңқыр тудыруға қабілетті. Ол деформацияның баяу өзгерісіне адиабатты ере отырып, өз өрісімен шұңқырдың орнықты өмір сүруін қамтамасыз етеді. Сондықтан оның қозғалысы өзара келісілген сипатқа ие. Автооқшауланған электронның болуы энергетикалық тұрғыда тиімді болуы мүмкін. Сыртқы электрлік өрісте ортаға беріліп және одан орта деформациясымен келісе қозғалатын электронның трансляциялық қозғалысын тудыратын күш әсер етеді. Мұндай автооқшауланған электрондар өткізгіштікті және басқа да кинетикалық эффектілерді анықтайтын ток тасымалдаушылар болуы мүмкін.



Состояния агрегатные

Substance aggregative state (от лат. aggrego —присоединяю)

Состояния одного и того же вещества, переходы между которыми сопровождаются скачкообразным изменением его свободной энергии, энтропии, плотности и других физических свойств. Все вещества (за небольшим исключением) могут сущест-вовать в трёх агрегатных состояниях – твёрдом, жидком и газообразном.



Агрегаттық күй

Substance aggregative state (лат. aggrego —қосып аламын)

Бір-біріне ауысу кезінде еркін энергиясының, энтропиясының, тығыздығының және басқа да физикалық қасиеттерінің секірмелі өзгерісімен қатар жүретін бір заттың күйлері. Барлық заттар үш түрлі– қатты, сұйық және газ тәрізді күйде өмір сүруі мүмкін.



Состоя́ние амо́рфное

Amorphous state (от греч. amorphos — бесформенный)

Конденсированное состояние вещества (твёрдое тело или жидкость), характеризующееся изотропностью свойств, отсутствием дальнего порядка в системе расположения атомов (ионов) и явно выраженной точки плавления.



Аморфтық күй

Amorphous state (гр. amorphos — формасыз)

Қасиеттерінің изотроптығымен, атомдарының(иондарының) орналасу жүйесінде алыс реттіліктің болмауымен және нақты балқу температурасының болуымен, сипатталатын заттың конденсирленген күйі(қатты дене немесе сұйық).



Состоя́ние возбуждённое

Excited state, upper state

Энергетическое состояние атомов, молекул и других квантовых систем, характеризующееся избыточной по сравнению с основным состоянием энергией. Согласно принципам квантовой механики, атомы и молекулы устойчивы лишь в некоторых стационарных состояниях, которым отвечают определённые значения энергии. Состояние с наинизшей энергией называется основным, остальные — возбужденными. Изменение энергии атома при переходе из одного стационарного состояния в другое связано с изменением строения его электронной оболочки.



Қозған күй

Excited state, upper state

Негізгі күймен салыстырғанда артық энергиясының болуымен сипатталатын атомдардың, молекулалардың және басқа да кванттық жүйелердің энергетикалық күйлері. Кванттық механика принципіне сәйкес, атомдар мен молекулалар энергияның қандай да бір нақты мәндеріне сәйкес келетін кейбір стационар күйлерде ғана тұрақты. Ең аз энергиялы күй - негізгі, ал қалғандары - қозған күйлер болып табылады. Атомның бір стационар күйден екіншісіне ауысуы кезіндегі энергиясының өзгеруі оның электрондық қабығының құрылымының өзгерісімен байланысты.



Состояние неравновеное

Nonequilibrium position

Состояние системы, выведенной из состояния термодинамического равновесия, в статистической физике — из состояния статистического равновесия.



Тепе-тең емес күй

Nonequilibrium position

Термодинамикалық тепе-теңдіктен, ал статистикалық физикада – статистикалық тепе-теңдіктен шағарылған жүйенің күйі.



Состояния поверхностные

Surface states

Электронные состояния, локализованные вблизи поверхности кристалла. Различают собственные состояния поверхностные, обусловленные обрывом кристаллической решетки на границе, и несобственные, локализованные на примесях или дефектах, находящихся на поверхности или в слое окисла, покрывающего поверхность. Играют важную роль в физике полупроводников. Поэтому часто под поверхностными состояниями понимают состояния, находящиеся в запрещённой зоне, локализованные на границе раздела полупроводника с какой-либо средой (диэлектрик, металл, электролит, газ, вакуум). Зарядовое состояние их определяется положением относительно уровня Ферми.



Беттік күй

Surface states

Кристалл бетіне жақын аймақта орнайтын электрондық күй. Беттік күйдің екі түрі бар. Біріншісі, кристалл торының беттік шекарадағы үзілуімен түсіндірілетін меншікті күйі. Екіншісі, беттегі немесе бетті жауып тұрған тотық қабаттағы қоспаларда немесе ақауларда оқшауланумен түсіндірілетін меншікті емес күйі. Жартылай өткізгіштер физикасында маңызды роль атқарады. Сондықтан да беттік күй деп жартылай өткішгіштердің қандай да бір ортамен(диэлектрик, металл, электролит, газ, вакуум) бөліну шекарасындағы тыйым салынған зонада орналасқан оқшауланған күйді айтады. Олардың зарядтық күйлері Ферми деңгейінің орналасуына қатысты анықталады.



Состояние равновесное

Equilibrium position

Cостояние, в которое приходит термодинамическая система при постоянных внешних условиях. Такой системе свойственно постоянство во времени её термодинамических параметров и отсутствие внутри неё потоков вещества и энергии.



Тепе-теңдік күй

Equilibrium position

Тұрақты сыртқы шарттарда термодинамикалық жүйелерде орнығатын күй. Мұндай жүйеге термодинамикалық параметрлерінің уақытқа қатысты тұрақтылығы мен оның ішінде заттар және энергия ағындарының болмауы тән.



Состояние стеклообразное

Glassy state, vitrescence

Аморфное состояние вещества (твёрдого тела), формирующееся при затвердевании переохлаждённого расплава. Имеет место, например, при высокоростном охлаждении поверхности твёрдого тела после воздей-ствия мощного импульсного ионного пучка.



Шынытәрізді күй

Glassy state, vitrescence

Қатты салқындатылған ерітіндінің қатуы кезінде түзілетін заттың(қатты дененің) аморфты күйі. Мысалы, қатты дене бетінің қуатты импульсті ионды шоқтың әсерінен кейінгі өте жылдам салқындауы кезінде орын алады.



Соударе́ния (столкновения, удары) второго ро́да

Сollisions of the second kind

Неупругие столкновения возбужденных атомов, ионов и молекул между собой и с электронами, при которых энергия возбуждения частиц (их внутренняя энергия) полностью или частично переходит в кинетическую энергию сталкивающихся частиц. В результате при соударениях второго рода сумма кинетических энергий частиц после столкновения становится больше, чем до него. При упругих соударениях (соудар-ениях первого рода) увеличения кинети-ческой энергии сталкивающихся тел не происходит. В последние годы этот термин используется редко.



Екінші текті өзара соқтығысулар (соқтығысулар,соққылар)

Сollisions of the second kind

Қозған атомдардың, иондардың және молекулалардың өзара және электрондармен серпімсіз соқтығысулары. Бұл кезде бөлшектердің артық энергиялары(олардың ішкі энергиясы) толығымен немесе жарым-жартылай соқтығысушы бөлшектердің кинетикалық энергияларына айналады. Екінші текті соқтығысулар нәтижесінде бөлшектердің кинетикалық энергияларының қосындысы бастапқыға қарағанда артады. Серпімді соқтығысулар(бірінші текті соқтығысулар) кезінде соқтығысушы денелердің кинетикалық энергияларының артуы болмайды. Соңғы кездері бұл термин сирек қолданылуда.




Спека́ние

Sintering

Технологический процесс получения твердых и пористых материалов (изделий) из мелких порошкооброобразных или пылевидных частиц при повышенных температурах. При этом физико-химические свойства и структура исходного материала часто меняются.




Біріктіру

Sintering

Майда ұнтақтәріздес немесе тозаң тәріздес бөлшектерден жоғары температураларда қатты және кеуек материалдар жасаудың технологиялық процесі. Көп жағдайда бастапқы материалдың құрылымы мен физика-химиялық қасиеттері өзгеріске ұшырайды.


спекание вакуумное / vacuum sintering — агломерация руд и концентратов с отсасыванием отходящих газов из-под колосниковой решетки аглоленты эксгаустером.

вакуумдық біріктіру / vacuum sintering — аглолентаның масақтық торынан газды эксгаустермен сорып алатын кендер мен концентраттар агломерациясы.

спекание радиационно-термическое / radiative thermal sintering — консолидация мелкодисперсных частиц при воздействии ионизирующих излучений вследствие радиационно-стимулированных процессов, в том числе радиационного разогрева, диффузии и т.д.

радиациялы-термиялық біріктіру / radiative thermal sintering — радиациялы-қоздырылған процестердің, сонымен қатар радиациялық қыздырудың, диффузияның және т.б. нәтижесінде иондаушы сәулелердің әсерінен майдадисперсиялы бөлшектердің бірігуі.

спекание ядерного топлива / nuclear fiel sintering — одна из стадий изготовления топлива из диоксида урана, заключающаяся в нагреве формованных таблеток в специальных печах с тщательно контро-лируемой атмосферой при температуре 1650°C; в результате происходит рекристаллизация зерен диоксида урана.

ядролық отынның біріктірілуі / nuclear fiel sintering — 1650°C температурада атмосферасы мұқият басқарылатын арнайы пештерде формаланған таблеткелерды қыздыруға негізделетін, уран диоксидінен отын дайындаудың бір сатысы; нәтижесінде уран диоксиді дәндерінің қайта кристаллдануы жүзеге асады.


Спе́ктр

Spectrum (от лат.Spectrum – представление, образ)

Совокупность всех значений какой-либо физической величины, характеризующей систему или процесс.



Спе́ктр

Spectrum (лат.Spectrum – көру, бейне)



Жүйені немесе процесті сипаттайтын қандай да бір физикалық шаманың барлық мәндерінің жиыны.

спектры оптические / light-spectrum — спектры электромагнитного излучения в инфракрасном, видимом и ультра-фиолетовом диапазонах длин волн. Их разделяют на спекты испускания (излучения, эмиссии), спектры поглощения (абсорбционные), рассеяния и отражения.

оптикалық спектр / light-spectrum — электромагниттік сәуленің инфрақызыл, көрінетін және ультракүлгін диапазон-дарындағы толқын ұзындықтарының спектрлері. Оларды шығару (сәулелену, эмиссия), шашырау, шағылу және жұту спектрлеріне (адсорбциялық) бөледі.

спектр атомный / atomic spectrum — спектр поглощения или спектр испускания, возникающий при кван­товых переходах между уровнями энергии свободного атома.

атомдық спектр / atomic spectrum — еркін атомдарының энергия деңгейлері арасындағы кванттық ауысулар кезінде туындайтын жұтылу спектрі немесе шығару спектрі.

спектр линейчатый / line spectrum — спектр испускания или спектр поглощения, состоящий из отдель­ных спектральных линий.

сызықтық спектр / line spectrum — жеке спектрлік сызықтардан тұратын шығару спектрі немесе жұтылу спектрі.

спектр масс / mass spectrum — совокупность значений масс атомов или молекул, входящих в состав ве­щества, определённая с помощью масс-спектрометра.

массалар спектрі / mass spectrum — масс-спектрометрдің көмегімен анықталған заттың құрамына енетін молекулалар немесе атомдар массалары мәндерінің жиыны.

спектры молекулярные / molecular spectrum — спектры испускания, поглощения и комбинационного рассеяния света, принадлежащие свободным или слабо связанным между собой молекулам.

молекулалық спектрлер / molecular spectrum — еркін немесе өзара әлсіз байланысқан молекулалардағы жарықтың шығару, жұтылу және комбинациялық шашырауының спектрі.

спектр характеристический рент­геновский / X-ray spectrum, characteristic spectrum — линейчатый спектр испускания, характе­ризующий материал антикатода рентгеновской трубки или облучаемого вещества в рентгеновском диапазоне.

сипаттаушы рентгендік спектр / X-ray spectrum, characteristic spectrum — рентгендік түтікшедегі антыкатодтың немесе сәулеленуші заттың материалын сипаттайтын рентгендік диапазондағы сызықтық шығару спектрі.


Спектро́граф

Spectrograph (от спектр и греч. gráphō — пишу)

Спектральный прибор, в котором преемник излучения регистрирует одновременно весь оптический спектр, развернутый по длинам волн на фокальной плоскости оптической системы.



Спектро́граф

Spectrograph (спектр және гр. gráphō — жазамын)

Қабылдағышы оптикалық жүйенің тоғысу жазықтығына толқын ұзындықтары бойынша жайылған барлық оптикалық спектрді бір мезгілде тіркей алатын спектрлік құрал.



Спектроме́тр

Spectrometer

1. Прибор для измерения функции распределения некоторой фи­зической величины по какому-либо параметру.

2. Прибор для измерения оптических спектров с помощью фото­электрических приёмников излучения.



1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет