Кілтті сөздер: «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы», ТМД, Ұлттық банк, салымшы, зейнетақы қорларыны.
Қазақстанның заманауи зейнетақы жүйесі ҚР Үкіметі еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі тұжырымдамасын мақұлдап және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы қабылданған 1997 жылдан бастап өз жұмысын бастады. Жаңа ереже ынтымақтастықты жүйеден ақырындап бас тарта отырып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізін құруға жасалды.
Еліміздегі зейнетақы жүйесін реформалаудың 14 жылы ішінде толыққанды көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құруға арналған тұжырымды және нормативтік құқықтық база қалыптастырылды, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымы жасалып, дамытылуда, зейнетақы жүйесін басқарудың белгілі бір тәжірибесі жинақталды. Бұл қолданыстағы жүйеге қажетті талдау жүргізуге және тиісті түзетулер енгізуге мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда зейнетақы қызметі нарығында 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеуде. Салымшылардың дербес зейнетақы шоттарының саны 8,2 млн. бірлікті құрайды. Бұл ретте қорларға міндетті зейнетақы жарнасын белсенді төлеушілердің саны 5,6 млн. адамды немесе жұмыспен қамтылған адамдардың 67 %-ын құрайды, бұл 1999 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Салымшылардың зейнетақы жинақтары 2011 жылдың басынан бері 393,2 млрд. теңгеге немесе 17,4 %-ға көбейіп, 2 триллион 651 млрд. теңгені құрады. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері 2 триллион 546 млрд. теңгеден астам сомаға инвестицияланды, бұл барлық зейнетақы жинақтары сомасының 96 %-ы. Реформаның алғашқы жылдары қорлардың инвестициялық портфелінде мемлекеттік құнды қағаздар басым болған болса, қазіргі кезде мемлекеттік құнды қағаздарда инвестициялардың үлесі төмендеген, бұл орайда корпоративтік құнды қағаздарға және екінші деңгейдегі банктердің депозитіне салынған зейнетақы жинақтарының көлемі өсуде.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары тұрғысында шет ел тәжірбиелерінен үзінділер келтіре кетсек көршілес Ресей Федерациясында Жұмыс берушілерден біртұтас әлеуметтік салық ретінде жиналып алынатын қаражаттардың бір бөлігі қазіргі қарттардың зейнетақыларын төлеуге жіберілмесін, жұмыскерлердің жеке шоттарына жинала берсін деп шешім қабылданған болатын. Ал болашақ зейнеткерлерге таңдау мүмкіндігі берілді: оларға өз ақшаларын жекеменшік басқарушы компанияға, немесе мемлекеттік емес зейнетақылық қорына беруге болады. Таңдауға қатысты бір тоқтамға келе алмағандардың қаражаттары жалғыз мемлекеттік басқару компаниясы – Внешэкономбанкке келіп түседі. Азаматтардың қартайған шағына қаражат жинаумен қатар, зейнетақылық реформасының тағы да бір мақсаты бар еді, ол – ресей экономикасын ұзақмерзімді қаражат салымдарымен қамтамасыз ету болатын алайда сенімдер ақталмады. Азаматтардың барлығына дерлігі – 90%-дан астамы – ынта көрсетпеді соның салдарынан ақшалардың бәрі Внешэкономбанктің шоттарында қала берді, ол бұл ақшаларды тек сенімділігі жоғары құнды қағаздарға ғана сала алады. Ақиқаты, экономикаға ақшалар түспеді, есесіне оларды мемлекет алып, пайыздарымен қайтарып алу үшін қайда және неге саларын білмей басы қатты. Мұнай бағасы мұндай үлкен қарқынмен көтеріліп, еңбекақылар өсіп жатқан кезде елдегі зейнеткерлер әлі күнге дейін халықтың ең бір қорғалмаған тобы болып қала беруде. Сондықтанда болар көршіміздің біздің елге жиі келіп ЖЗҚ жүйесіне қызығушылық танытып жүргендіктері.
Келесі ел тағдыры бізге ұқсас, кеңестік келеңсіздіктерді бірге көрген Беларусь елінің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тоқталсақ. Беларусьтағы зейнетақымен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы көңілдегідей емес – халыққа ұлттық сауалдамаға қатысқан респонденттердің көпшілігінің ұстанымы осындай. Көптеген адамдар зейнетке шығуды алаңдаушылықпен күтеді, ал зейнетақының қазіргі мөлшері ары кетсе тек ең қажетті дүниелерді сатып алуға ғана жетеді деп қабылданады. Төменгі зейнетақыдан басқа, белорусь халқы дифференциацияның әділетсіз төмен деңгейін (немесе халықтың жекелеген топтарының - әскерилердің, күштік құрылым өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлердің әділетсіз жоғарғы зейнетақыларын), сондай-ақ оның тұрақсыздығын белоруссиялық зейнетақы жүйесінің проблемаларына жатқызады. Осылайша, қазіргі зейнетақы жүйесі еңбекақыларды “конверттермен” алуды және әлеуметтік салықты төлеуден жалтарудың өзге де тәсілдерін тиімді ете отырып, жұмыскерлердің ынталарын төмендетеді. Зейнетақы жүйесі қызметінің заң шығару шеңберлері жинақтаушы деңгейлерді енгізуге арналған жағдайларды тудыру бағытында дамыған болатын, алайда 2000 жылдары жағдай нашарлай бастады. Дегенмен де, сарапшылар аталған саладағы жағдайды жақсартуы мүмкін бірқатар заңшығарушы актілердің дайындалып жатқандығын атап өтті. Белоруссиялық зейнетақы жүйесі өзінің қазіргі түрінде, яғни тек бөліп таратушы деңгейі бар болған кезде, зейнетақылық міндеттемелерін орындай алмайды, сондай-ақ зейнеткерлік жасты жоғарлату проблемасын шешпейді, бар болғаны кейінге қалдырады. Сарапшылардың пікірінше, сәтті зейнетақы реформасын мемлекет қаражаттарын ілеспелі түрде реформаламастан және аталған саладағы заңдарға айтарлықтай өзгерістер енгізбестен жүргізу мүмкін емес. Үкіметтің Белоруссиялық зейнетақы жүйесінің реформасы ретінде қарастырып отырған шаралары (мысалы, шартты-жинақтаушы есептерді енгізу) зейнетақы жүйесінің сипатын өзгерте алмайды, және де әзірге Белорусь зейнетақы жүйесінің алдында тұрған міндеттерді орындай алмайды. Міне екінші көршіміздің де жинақтаушы зейнетақы қорлары Ресейдің кебін киді.
Енді елдегі жинақтаушы қорларының бүгінгі тынысына оралсақ. Қазақстан 1998 жылы ТМД аумағында жеке зейнетақы төлемдерінің негізінде жинақтық зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне біртіндеп көше бастаған тұңғыш мемлекет болды. Зейнетақы реформасын өткізудің негізгі мақсаты зейнетақы жарналарына персонифицирленген есеп жүргізу арқылы зейнетақы ала отырып экономикалық өсуді ескеретін қаржылық тұрғыда тұрақты және әділетті жүйені құру болды. Оған қоса жинақтаушы зейнетақы қорына бірқатар проблемаларды шешу: әлеуметтік шиеленісті реттеу, бюджетті біртіндеп зейнетақы төлемдерін төлеу ауыртпалығынан босату, азаматтардың ақшаны көптеп және заңды жолмен табуға деген қызығушылығын ояту міндеттелген. Зейнетақы реформасының нәтижесінде болашақ зейнетақылардың сақталуы және көбеюі, ал экономиканың тағы да бір институционалды инвесторды – зейнетақы қорларын алуы тиіс еді. Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету қазіргі уақытта бір мезетте ынтымақтас және жинақатушы жүйелер механизмдерін біріктіретін үш деңгейден (пиллардан) тұрады:
Бірінші деңгей — бұл Қазақстанның КСРО тарағаннан кейін мұраға алған және “ұрпақтар ынтымақтастығына” негізделген ынтымақтас зейнетақы жүйесі. Бұл жүйедегі зейнетақы төлемдерінің көзі халықтың жұмыс істейтін бөлігінің салықтық төлемдері және өзге де түсімдер есебінен жиналатын мемлекеттік бюджет болып табылады. Зейнетақылық төлемдерінің мөлшері еңбек өтілімен анықталады. Қазіргі уақытта осы деңгейдің шеңберінде зейнетке шыққан сәттегі еңбек өтілі 1998 жылдың 1 қаңтарындағы ахуал бойынша алты айдан кем болмайтын тұлғалар үшін зейнетақылық төлемдері қалыптастырылады.
Ынтымақтас жүйемен қатар, жинақтаушы зейнетақылық қоры құрылған және дамып келеді.
Екінші деңгей — Бұл Қазақстан азаматтарына, Қазақстанда тұрақты түрде тұрып жатқан шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға арналған ай сайынғы кірістен алынатын зейнетақылық алымдарының бекітілген 10-пайыздық мөлшері бар міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі.
Үшінші деңгей - ерікті және кәсіби зейнетақылық жарналарына негізделген жинақтау жүйесі.
Отандық зейнетақы жүйесін қайта құру ұзақмерзімді сипатқа ие: жинақтаушы зейнетақылық жүйесіне толықтай көшу 2040 жылға дейін болжанып отыр.
2009 жылдың сәуір айынан бастап зейнетақылық жинақтарын бір қордан екінші бір қорға аударудың автоматты жүйесі енгізілген, Зейнетақыларды Төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталық арқылы “автоаударма” жүзеге асырылады.
Бірінші кезеңде (2009 жылдың 1 сәуірінен бастап) жаңа зейнеткерлік келісім-шарттарға отырған салымшылардың зейнетақылық жинақтары ғана бір ЖЗШ-на шоғырландырылады.
Екінші кезеңде (2009 жылдың 1 шілдесінен бастап) автоаудару жүйесіне бұған дейін әртүрлі ЖЗҚ-мен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы екі және одан да көп келісім-шарттарға отырған барлық салымшылар (алушылар) тартылатын болады. Аталған кезеңде барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (ЗТМО) жұмылдырылатын болады. Салымшының анағұрлым жайырақ келісім-шартқа отырған қордағы салымшының ЖЗШ-ының біріндегі зейнетақылық жинақтарын “шұғыл түрде жауып тастау” іске асырылатын болады.
Және үшінші кезең (2012) электронды карточкалар арқылы қызмет көрсетуге көшу болмақ, бұл кезде карточканың иесі, яғни салымшы өз жинақтарын сеніп тапсырғысы келетін қорды таңдауды және жинақтарын бір мезетте электронды қызмет көрсету жүйесі арқылы аударуды жүзеге асыра алады. Соңғы кезеңде, ЖЗШ сапасы жоғары жаңа деңгейге өтеді, бұл кезде салымшы, өзінің жеке қалауы бойынша, өз инвестициялық қорын өзі таңдай алады.
Бүгінгі таңда зейнетақы қызметі нарығында 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеуде. Салымшылардың дербес зейнетақы шоттарының саны 8,2 млн. бірлікті құрайды. Бұл ретте қорларға міндетті зейнетақы жарнасын белсенді төлеушілердің саны 5,6 млн. адамды немесе жұмыспен қамтылған адамдардың 67 %-ын құрайды, бұл 1999 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Салымшылардың зейнетақы жинақтары 2011 жылдың басынан бері 393,2 млрд. теңгеге немесе 17,4 %-ға көбейіп, 2 триллион 651 млрд. теңгені құрады. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері 2 триллион 546 млрд. теңгеден астам сомаға инвестицияланды, бұл барлық зейнетақы жинақтары сомасының 96 %-ы. Реформаның алғашқы жылдары қорлардың инвестициялық портфелінде мемлекеттік құнды қағаздар басым болған болса, қазіргі кезде мемлекеттік құнды қағаздарда инвестициялардың үлесі төмендеген, бұл орайда корпоративтік құнды қағаздарға және екінші деңгейдегі банктердің депозитіне салынған зейнетақы жинақтарының көлемі өсуде.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында жақын онжылдықта әлеуметтік қорғау мәселесі еліміздің негізгі даму басымдықтары болып белгіленген. Осыған байланысты, жақын келешекте қолданыстағы зейнетақы жүйесіне параметрлік өзгерістер енгізуді талап ететін базалық және ынтымақты деңгейлерде зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру тетіктерін әзірлеу өзекті мәселенің бірі болып тұр. Келешекте, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін базалық зейнетақының мөлшері 2015 жылға ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің 60%-на жеткізіледі, ал ынтымақты зейнетақы төлемдері жыл сайын инфляция деңгейіне қарай өсіріліп отырады.
Қорыта келе, Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамытудың келешек перспективалары ұлттық экономиканың шикізат моделінен индустриялық-инновациялық моделіне өтуімен тығыз байланысты, оның басты құрамдас бөлігі қоғам мен мемлекеттің заманауи зейнетақы жүйесінің жалпы рентабельдігіне тікелей әсер ететін тыныс-тіршілігінің барлық салаларын жаңарту болып табылады, ал мемлекеттік шығыстарды жоспарлаудың негізгі басымдығы халықтың тұрақты өсуі, өмір сүру деңгейінің артуы және олардың әл-ауқатын нығайту болған және бола бермек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы;
2. Чили: опыт пенсионного реформирования.// Вопросы социального обеспечения № 8;
3. Модель пенсионного обеспечения населения в Казахстане. // Саясат №6;
4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 наурыздағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауы;
5. www.enbek.gov.kz/ - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірлігінің сайты.
Аннотация: С 1 января 1998 года в Республике Казахстан начала осуществляться реформа пенсионной системы, принят Закон Республики Казахстан от 20.06.1997 г. «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан», основанный на принципах предоставления гражданам равного права на пенсионное обеспечение. После проведения реформы пенсионная система продолжает постоянно совершенствоваться на законодательном уровне, а также на уровне развития рыночной конкуренции в направлении расширения доступности и повышения качества пенсионных услуг населению. Дальнейшее развитие получает как государственная часть пенсионного обеспечения, так и накопительная пенсионная система.
Ключевые слова: Национальный банк, СНГ, вкладчик, пенсионный фонд.
Abstract: On January 1, 1998 the reforms of the pension system have been set in implementation. On June 20, 1997 the law on «The pension ensuring in the Republic of Kazakhstan» based on the principles of ensuring equal pension rights to the people was adopted. Since holding the reform, the pension system is constantly being improved on the legislative level and on the level of market competition development in the direction of increasing the availability and quality of services to the people.
Keywords: National Bank, the CIS, the investor, the pension fund.
|
Кругликов А.
Магистрант Жамбылского Гуманитарно – Технического университета
Информационные системы
Научный руководитель
к.э.н., доцент Султанбекова М.З.
Джамбул. Казахстан
|
ПРАКТИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ ПО ВНЕДРЕНИЮ ТУРНИКЕТОВ, В СВЕТЕ ОБЕСПЕЧЕНИЯ
РЕЖИМА БЕЗОПАСНОСТИ
Аннотация: В статье говорится о значение обеспечения безопасности по всей стране. И в связи с этим автор предлагает апробацию систем турникетов в системе образования в целом. Так как турникеты - один из важнейших механизмов систем контроля доступа. Помимо повышения уровня безопасности здания, дают руководству в руки замечательный инструмент для контроля посещаемости. И в заключение приведет целый список преимуществ этой системы.
Ключевые слова: безопасность, турникет, контроль доступа, комплексные меры защиты, уровень системы безопасности, идентификационная карточка, система контроля и управления доступом (СКУД).
За прошедшие 5 лет после обретения государством независимости Республика Казахстан стала полноправным членом мирового сообщества, получив признание и поддержку абсолютного большинства государств мира. На сегодняшний день в «северной» и в «южной» столицах функционирует большое количество посольств и представителей международных организаций. Расширилась сеть миссий Казахстана, за рубежом открыты посольства и консульства. Вместе с этим возникла необходимость в открытия международных школ.
С увеличением международных связей возросло значение обеспечения безопасности по всей стране. И в связи с этим автор предлагает апробацию систем турникетов в системе образования в целом. На примере одной из самых образцовых Международных столичных школ.
Турникеты - один из важнейших механизмов систем контроля доступа. Они применяются в самых разнообразных сферах - на предприятиях, фирмах, стадионах, в банках и т.д. В связи с этим и типы турникетов так же разнообразны и зависят от конкретных условий и задач. Чем же они отличаются друг от друга и как правильно выбрать тот, который подходит именно вам?
Турникет предназначен для повышения уровня защищенности учеников и помещений образовательных учреждений. Комплекс основан на системе автоматического контроля доступа в здание школы, позволяющей обеспечить защиту от несанкционированного проникновения в школу посторонних лиц с помощью индивидуальных бесконтактных карт доступа. Турникет — единственная система контроля и управления доступом для учебных заведений, полностью согласованная с МЧС.
Турникет для защиты детей. Электронные системы, по мнению МВД, необходимы, чтобы перекрыть вход наркоторговцам, а также контролировать перемещения внутри здания, сохранить ценное имущество, снизить террористическую угрозу.
— Турникеты нужны для ограничения доступа в школу
— Чтобы не было посторонних. Через турникет напрямую не пройдешь, не пропустят, пока не предъявишь документы. Электронная пропускная система вводится, в рамках мероприятий по обеспечению антитеррористической защищенности образовательных учреждений и в целях организации эффективной системы контроля за школьником. То есть, будет фиксироваться время, когда ребенок пришел на уроки, во сколько ушел. В школе не будет и нежелательных посторонних.
— Турникет — это только первый шаг, — подчеркивает автор. — Если родители пожелают, можно будет в дальнейшем установить дополнительные функции, например, контроль успеваемости — электронный дневник, сообщения на телефон о времени прихода-ухода ребенка из школы, контроль за внесением денег на питание в школьной столовой, пользование библиотекой и так далее.
Перестали опаздывать. В школе взятой в пример турникеты были успешно опробованы в течении прошлого и нынешнего учебного года.
Понятно, определенная часть школьников восприняла новость об электронных пропусках без энтузиазма, теперь ведь не прогуляешь.
Директор школы говорит, что столпотворения на входе нет, привыкли, научились пользоваться, зато перестали опаздывать на занятия.
Родители довольны. За установленные «вертушки» родители не однократно благодарили руководство школы. Теперь они действительно уверены, что ограничило присутствие на территории школы посторонних людей. Это позволяет и вести статистику посещения школы учениками, благодаря чему, родители всегда в курсе, когда ребенок пришел или ушел из школы. При входе в школу ребенок подносит свою персональную карту к RFID считывателю, а система фиксирует время данного события. Информация отображается в компьютере охранника.
Турникеты – это неотъемлемая часть системы контроля и управления доступом. Они могут использоваться автономно или быть частью системы СКУД.
Турникеты, работающие автономно, являются минимальным решением для организации контроля доступа на проходной предприятия. В этом случае управление осуществляется дежурным охранником при помощи пульта дистанционного управления. Кроме работы в автономном режиме, все турникеты работают под управлением системы контроля доступа.
Преимущества использования турникетов:
-
Высокая пропускная способность (от 30 до 60 чел./мин.) и возможность контролировать проход в обе стороны
-
Турникеты имеют низкое энергопотребление, позволяющее использовать безопасное для человека напряжение питания – от 12 до 36 В. Некоторые модели имеют встроенную систему терморегуляции, что делает возможным их использование при температурах от -40°С до +40°С.
-
Обеспечение пожарной безопасности и быстрой эвакуации в чрезвычайных ситуациях, а также возможность интеграции с системой пожарной сигнализации. Поворотные патрубки позволяют стыковать секции ограждений под любым углом и создавать разнообразные конфигурации. В экстренной ситуации калитка или турникет могут быть разблокированы с помощью механического ключа. Кроме этого, модели с преграждающими планками (триподы) могут комплектоваться складывающимися планками «Антипаника», позволяющими быстро освободить проход и создать аварийный выход шириной 1200 мм.
-
Удобство в эксплуатации. После каждого прохода осуществляется плавный доворот планок до штатного положения, а также имеется наглядная индикация разрешения/запрета прохода.
-
Единый дизайн и широкий выбор турникетов, калиток и ограждений позволяет вписать эти элементы контроля доступа в интерьер любого здания.
Помимо повышения уровня безопасности здания, дают руководству в руки замечательный инструмент для контроля посещаемости. Все данные передаются на сервер, где они должны храниться не менее 3-х лет, как любые официальные документы.
Турникеты - верные помощники службы безопасности.
Список литературы
1. Зотова А. "Обзор международного опыта охраны учебных заведений" ресурс интернета http://psj.ru/saver_people/detail.php?ID=65952 (доступ к ресурсу осуществлен 24 февраля 2013 г.)
2. Красноцветов А. «Особенности создания СКУД в вузах» Журнал «Технологии Защиты» № 3 2010 г.
3. МакГуи К.( McGoey С.) «Campus Security» ресурс интернета http://www.crimedoctor.com/school2.htm (доступ к ресурсу осуществлен 24 февраля 2013 г.)
4. Середа С «Моя школа — моя крепость» Журнал "Best of Security" № 9 2012 г.
5. Синилов В. «Охранное телевидение в системе безопасности объекта» Журнал «Скрытая камера» № 3, 2013 г.
6. «GOAL против гриппа» Ресурс интернета http://www.goal.ru/left/news_1252008000_1201.html Доступ 24 февраля 2013 г.
7. «Особенности охраны учебных заведений» Ресурс интернета http://stop-faer.com.ua/index.php?option=com_content&view=article&id=54&Itemid=61&lang=ru Доступ к ресурсу 24 февраля 2013 г.
Түйін: Бұл мақалада бүкіл әлемдегі қауіпсіздікпен қамтамассыз ету мәселесі қарастырылған. Соған байланысты автор білім беру мекемелерінің жүйесіне турникет қабылдау системасын ұсынды. Бағылау жүйесінің маңызды құрылымының бірі турникет болып табылады. Мекеменің қауіпсіздік деңгейін көтеруінен басқа, басшылықтың қолына қатысуды бақылап отыратын керемет құрал береді. Қорыта келе осы жүйеге бір қатар артықшылық береді.
Кілтті сөздер: қауіпсіздік, турникет, бақылау жүйесі, комплекстік қорғау шаралары, қауіпсіздік деңгейінің жүйесі, сәйкестендіру карточкасы, бақылау және басқару мүмкіндік жүйесі(ББМЖ).
Abstract: The article deals with the importance of security in the country. And in this regard, the author offers probation of turnstile systems in the education system at large. Turnstiles are one of the most important mechanisms of access control. In addition to raising the level of security in the building, they are a great tool for monitoring attendance. In conclusion, the author enlists the benefits of this system.
Keywords: safety, turnstile, access control, comprehensive protection, the level of security ID card system access control systems (ACS).
|
Ә. Жеңіс-қызы
Шығыстану кафедрасының
1-курс магистранты
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
Халықаралық қатынастар факультеті
Қазақстан. Астана
|
ТАҢ МЕМЛЕКЕТІ МЕН ОРТА АЗИЯНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Түйін: Таң мемлекетінің ең күшейіп. Осы кезеңде шетелмен байланысы өте ауқымды болған, Таң мемлекеті мен Орта Азияның ТМД елдерімен қарым-қатынасы және Ұлы жібек жолы арқылы байланыстары зерттелген.
Кілтті сөздер: Таң патшалығы, Таң мемлекеті, Орта Азия, Қытай, Түрік, империя.
Таң мемлекеті –Таң патшалығы деген Кытайдың 618 жылы ел Суй әулетінің орнына Тан әулеті келді. Қытай елі қайта гүлденді. Оның территориясы ең улкен болған. Әлемдегі ең улкен империя болып және империя түрлі бағытта басқыншылық соғыстар жүргізді.
Орталық Азия – Азияның ішкі аумағында орналасқан табиғат аймағы. Оның батысы мен солтүстік-батысында ТМД елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан), солтүстігінде Моңғолия, Қытайдың солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Оңтүстік-батысы мен оңтүстігін Ауғаністан, Пәкістан, Үндістанның солтүстік бөліктері, орталығы мен шығысын Қытай алып жатыр. Аумағы 6 млн. шаршы км. Жер бедері қиыршық тасты және құмды шөгінділермен жабылған әр түрлі биіктіктегі жазықтар мен оларды қоршай орналасқан биік тау жоталарынан тұрады. [1,34бет]
7 ғасырдың ортасынан 8 ғасырдың ортасына дейінгі 100 жыл Таң мемлекетінің ең күшейіп,.Осы кезеңде шетелмен байланысы өте ауқымды болған.Таяу Шығыс елдерімен Иранмен, Европа,Араб елдерімен,Ундімен, Шығыстағы Жапон Корея елдерімен Үнді Қытай түбегіндегі мемлекеттермен байланысы өте кең ауқымды болған. Соның ішінде Тибетпен Түркі Қағанатымен қарым қатынасы терең болды. Ол кезде бір жағынан Қытайлар Түркі қағанаты және Тибетті өзін өзіне бағынышты территория деп, соны өздеріне бағындыру мақсатында экспансия соғыстарды үздіксіз жүргізіп отырған, бірақ осымен бір уақытта мәдени қарым –қатынаста болған. Будда діні Орта Азия арқылы Қытайға тараған. Батыстың мысалы әйнек өндіру технологиясы олда осы Орта Азия арқылы Шығысқа тараған Шығыстың жібек, фосфор өнімдері түрлі безендіру өнімдері, дәрі шөптері батысқа шыққан Қала, қолөнер және сауда .
Ежелгі Қытай мемлекетінде Чаньань, Лоян, Тайюань, портты қала Гуанчжоу өсіп жетілді. Қалалар қолөнер мен сауданың орталығына айналды. Мата тоқу өндірісі кең етек алды. Фарфор өндірісі жедел өркендеді. Қала саудасы тұрақты дүкендер мен жайма базарларда жүргізілді. Сыртқы сауда - Монғолиямен, Оңтүстік Сібір елдерімен жүргізілді. Ұлы Жібек жолы арқылы Жоңғария, Қашқария, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан арқылы Батыс Еуропа елдерімен сауда жасады.Теңіз арқылы үнді, парсы, араб елдерімен сауда жасасты. [ 2,114бет ] Қытай - ежелден теңге шығарып келген ел 11ғ. қағаз ақша шыға бастады, Батыстың, Орта Азияның жеміс жидектерінің мынау гранат жүзімнің түрлері. Содан кейін мынау жүзімдері де Қытайға тараған, енді керуен саудасы арқылы екі ортада сауда қарым-қатынасы үздіксіз орын алған . Бұл енді Хим коридор арқылы, қазіргі Шыңжан арқылы сосын Орта Азиядағы үш бағыт бойынша Оңтүстік,Орта және Солтүстік бағыт бойынша Жібек жолы арқыл Орта Шыгыс елдеріне Европаға қатынап тұрған. 5 - 6ғ. Қытай мемлекетінде өнер, әдебиет және ғылым дами бастады. Халық емшілігі, аспан әлемі туралы ғылыми жаңалықтар ашылды. Қағаз жасау, кітап шығару, шөптердің құрамын біліп, дәрілер әзірлеу ерте дамыды.[3,17бет] Қытайда және Моңғолия жерінде жатқан көне түркі ескерткіштері міне осынау тарих кезеңдердегі түріктер мен Таң патшалығы(кейде империя)арасындағы саяси ,экономикалық ,рухани байланыстардан сыр шертетіндіктен,тарихи окиғалардың тоқтала кеткен орынды болар. [3,52] Қытай географтары Үндістанға, Орта Азия елдеріне сапар шегіп, ондағы тұрғын халықтар өмірінен еңбектер жазды. 645 ж. Сюань Цзянь үнді халықтары туралы кітап жазды. Будданың бейнесін салу, пагода тұрғызу (бірнеше қабатты биік мұнаралар ) қолға алынды.Ақындар Ли - Бо(701 - 762), Ду Фу(712 - 770), Бо Цзюй - и(772 - 846). Еңбектері дүниежүзілік классикалық қорға қосылды. [4,17бет]
Эфталиттер мен Солтүстік Қытай патшалықтарын күйреткеннен кейін, түркіттер саяси ғана емес, экономикалық құдыретке де не болады, өйткені Батыс пен Шығысты қосып жатқан ұлы керует жолы солардың қолына келіп түседі.. Жәңгір Кимінхан шекараны қорғап қана қоймайды, сонымен бірге өз халқын қытайларға ұқсас ету үшін қолынан келген шаралардың бәрін істеп бағады. Ол түркіттерге күшпен қытай киімін киіндіруге, үй тұрғызып, егін салуға көндірмек болады. Оның өз басы, бұл үшін қытайлар әдейі салып берген, Кинко мен Динсян атты шағын қалаларда тұрса, ханның бодандары киіз үйде тұрғанды жақсы көретін. Хан өзінің бірден-бір тірегі император екенін көміл түсінетіндағы, осынау одақты жалғыз ғана жолмен — қытай ханшайымына некеленіп қосылу жолымен нығайтпақшы болады. Қырсық соққанда, оның бірінші әйелі дүние салады да, ол дереу оның орнын басатын ханшаны сұрайды. Жаңа ханшайым Ичжен көз ілеспес жылдамдықпен әкелінеді, өйткені, кейін анықталғанындай, ол әйел рөліне қоса құпия тыңшы рөлін де атқарады екен. Оның ханның іс-әрекеті халықтың көңіл күйімен мүлде қабыспайтынын байқағаны дәйексіз еместі. [6, 162 бет]
Орта Азияда керуендер тыныс алатын. Ең ірі аялдама — тасымал пункттің бірі Пайкент болатын. Жол одан әрі Хорасан арқылы Рей мен Хамаданнан өтіп, Византия бекінісі Несевия (Низиб) арқылы Сирия мен Константинопольға қарай кететін. Қытай теңізінен Персияның шекарасына дейін 150 күн жүру керек болатын, ал осы арадан рим шекарасындағы Низибке дейін тағы 80 күн жүру керек еді, Сауда-саттық қазандай қайнап жататын және тиімді болатын. [7, 13 бет] бірақ шынайы шаруашылықпен күн көретін халық бұқарасына қызмет етпейтінтек сән-салтанат жиһаз-мүліктеріне мұқтаж, әлеуметтік сатының биігіндегі бай-бағландарға қызмет ететін.
Қытайлар, мәселен, Ираннан тек өз патшайымдары үшін аса қымбат тұратын, қас пен көз сүрмелерін алдыратын, сол сияқты вавилон кілемдері сирек кездесетін мүлік еді. Ақырыңда Қытайға Сирияның табиғи да жасанды асылтастыры, Қызыл теңіздің інжу-маржандары, Сирия мен Мысырдың маталары, Кіші Азияның есіртпе нашалары [8, 130 бет]
Олай болса, таң халқының салт-дәстүрінде, әдет-ғүрыптарында және т.б. дін этикалық нормаларға айналды. Демек Орта азия елдеріне ықпалын тигізді. Аспанға табынуда моральдық және адамгершілік жақтарға баса назар аударылды. Ерекше атап өтетін бір жайт, Қытайда халық Аспан еркінің жаршысы деп жарияланып, рухтарға қарағанда халықтың жағдайына ерекше мән берілді, ал бұл жағдай Қытай мәдениетінің дамуына өз әсерін тигізбей қалған жоқ.
Демек Таң мемлекеті мен Орта Азияның қарым-қатынасы жан-жакты болды оның бары тарих бетынде шынайы турде сакталып калкан,біз сонымен "Тарихсыз халық жоқ"деп өз ойымызды аяактайық .
Достарыңызбен бөлісу: |