АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым


«Активтердің құнсыздануы» ҚСҚЕХС 26



бет33/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   95

«Активтердің құнсыздануы» ҚСҚЕХС 26

2(c) параграфына түзетулер енгізілді:

(с) Қаржы активтері -«Қаржы құралдары: ақпаратты ашып көрсету және ұсыну»15 ҚСҚЕХС «Қаржы құралдары:мойындау және бағалау» 29 ҚСҚЕХС;



9 параграфына түзетілер енгізілді:

9. Осы Стандарт 15 ҚСҚЕХС 28 ҚСҚЕХС ықпалында қалғандықтан, қаражаттық активтерге жатпайды. Бұл активтердің құнсыздануы ҚСҚЕХСҚ жасаған және 29 ҚСҚЕХС «Қаражат құралдары: мойындау және бағалау» аясына енетін қаражат құралдарын мойындау мен бағалау мәселелеріне арналған кез келген ҚСҚЕХС қарастыратын болады.



Қорытынды жасауға негіз

Қорытынды жасауға арналған негіздер қосымша ретінде келтіріледі, алайда 29 ҚСҚЕХС бір бөлігі болып табылмайды.

Кіріспе

BС1. Қорытындыға арналған осы негіз «Қаржы құралдары: мойындау мен бағалау» 29 ҚСҚЕХС қорытынды жасау негізінде ҚСҚЕХСҚ құрылымын жинақтайды. Осы Стандарт ҚЕХСК шығарған «Қаржы құралдары: мойындау және бағалау» 39 ҚЕХС жасақталады, осы негіз 29 ҚСҚЕХС аясын ғана қамтиды, 39 ҚЕХС қамтымайды.

BС2. Қаржылық құралдарға негізделген бұл жоба ҚЕХС ҚСҚЕХС конвергенциясына бағытталған ҚСҚЕХСК конвергенциялық бағдарламасының басты бөлігі болып табылады. ҚСҚЕХСК 39 ҚЕХС қарастырмайтын қоғамдық секторға жататын қаражат құралдарының басқа аспектілерінің бар болуын мойындайды. Мұндай аспектілер ҚСҚЕХСК болашақ жобаларының аясында қарастырылатын болады. Әсіресе, ҚСҚЕХСК болашақта қарастырылатын жобаны аясында келесі мәселелер талап етілетінін мойындайды:


  • Орталық банктермен жасалған белгілі келісімдер; және




  • Негізінде шарттық болып табылмайтын, қаржы құралдары сынды экономикалық күшке ие, ұқсас мүлік нысанындағы жобалардан туындайтын, қабылданатын және төленетін дебиторлық есептер.

BС3. Осы Стандартты дамыту барысында, ҚСҚЕХСК 39 ҚЕХС мәтінін ҚСҚЕХС стандарттарына сәйкес болатын барлық жағдайларды қалдыруға және қолдануға арналған жеке нұсқамада қоғамдық секторға маңызды түрде жататын анықталған белгілі бір мәселелерді қарастыруға келісім береді.

BС4. 2007 жылдың қыркүйек айында ҚЕХСК қаражаттық есеп беру ұсынылымында «жиынтықты пайдалар» деп аталатын жаңа компонент енгізгізілген «Қаржылық есептілікті ұсыну» 1 ҚЕХС қосымшалар шығарды. ҚСҚЕХСК бұл компонент 1 ҚЕХС ұсынуымен енгізілген басқа да бірнеше компоненттерді қарастырмады, бұл қосымшалар 29 ҚСҚЕХС енгізілген болатын. Стандартты жетілдіру бойынша өз жобасының аясында 2009 жылдың сәуір айында ҚЕХС ҚСҚЕХС енгізген біршама өзгерістерді қосып алғанда 2008 жылдың 31 желтоқсанында жарияланған 39 ҚЕХС мәтіні 29 ҚСҚЕХС мәтініне енгізілген болатын. ҚСҚЕХС 2009 жылғы қараша айында «Қаржылық құралдар» 9 ҚЕХС жарияланымын мойындады. ҚСҚЕХС, сонымен қатар, 39 ҚЕХСК елеулі өзгерістер қосымшаларын енгізуді жоспарлап отыр. Сондықтан да ҚСҚЕХСК болашақ жобалар аясындағы қаражатттық құралдарға қатысты ҚЕХС талаптарының кез келген өзгерістерін қарастыруды жолға қойды.



Қолдану аясы

ВС5. Активтер мен міндеттер пайдалық кірістік емес операциялардың пайдалық келісімшарт негізінде туындауы мүмкін. Пайдалық айырбастық емес операциялар нәтижесінде туындаған актив пен міндеттерді алғашқы мойындау 23 ҚСҚЕХС «Айырбастық емес операциялар кірісі (салықтар мен берілімдер)». Заттары болып табылады. 23 ҚСҚЕХС мұндай активтер мен міндеттерді келесі бағалау мен мойындауды тоқтатуға қатысты талаптарды орнатпайды және ережелерді бермейді. Қаржылық активтер мен қаржылық міндеттерді анықтауына жауап беретін пайдалық айырбастық емес операциялар нәтижесінде туындаған активтер мен міндеттерге қатысты 23 ҚСҚЕХС және Стандарттан тұрады.

ВС6. Егер айырбастық емес операциялар нәтижесінде алынған актив қаражаттық актив болып табылса, она субъект:


  • Мұндай активтерді алғашқы мойындау барысында 23 ҚСҚЕХС қолданылуы керек, және




  • Мұндай активтерді алғашқы өлшеу барысында 23 ҚСҚЕХС қолданылуы керек және осы стандарттың талаптарына сай алынған осы актив үшін келісім бойынша келтірілген шығынға бухгалтерлік есептің сәйкес тәсілін анықтау керек.

23 ҚСҚЕХС айырбастық емес операциялар нәтижесінде алынған активтерді кезекті бағалау және мойындауды тоқтатуға қатысты талаптардан тұрмайды, бұл Стандарт қаржылық активтер болып табылған активтерге ғана қолданылады.

BС7. Міндеттерге келетін болсақ, ҚСҚЕХСК 23 ҚСҚЕХС сәйкес қорларды ауыстыруға салынған шарттардан шығатын жағдайлардан туындаған міндеттермен келіседі, алғашқы мойындалымда мұндай міндеттер, ережеге сәйкес, алғашқы мойындауда қаржылық міндеттердің анықтамасына жауап бермейтіндіктен, ҚСҚЕХС сәйкес өлшенуі және мойындалуы керек (28 ҚСҚЕХС қараңыз). Егер міндеттемені алғашқы мойындағаннан кейін міндет қаржылық міндет болып табылатын болса, онда субъект 23 ҚСҚЕХС сәйкес мойындалған міндеттер мойындауы тоқтатылуы және осы Стандартқа сәйкестікте қаржылық құралы мойындалуы керек екенін анықтауына тура келеді.

BС8. Айырбастық емес кіріс операцияларынан, мысалы активті қолдануға арналған шектеу түрінің қорының қайтымынан шыққан басқа міндеттермен, осы стандартқа сәйкес мойындалады және өлшенеді, егер олар қаржылық міндеттер анықтамасын қанағаттандыратын болса, ҚСҚЕХСК келісетін болады.



Бастапқы бағалау

BС9 23 ҚСҚЕХС пен осы Стандарттың арасында қаржылық активтерді анықтауды қанағаттандыратын айырбастық операциялар нәтижесінде алынған алынған активтердің өзара қарым-қатынасы бар екендігін мойындайды. 23 ҚСҚЕХС әділ құн бойынша айырбастық емес операциялар нәтижесінде алынған активтердің алғашқы бағалауын талап етеді. Осы Стандарт кіріс, немесе шығыс арқылы әділ құн бойынша келісім бойынша шығындарды қосып алғанда, осы активтің кезекті өлшеуі болмаса, әділ құн бойынша қаржылық активтердің алғашқы өлшемін талап етеді. Активтерді өлшеудегі осы екі қадам келісім бойынша шығын есебін қосып алмағанда кең мағынада келіседі.

BС10. ҚСҚЕХСК айырбастық емес операциялардын шыққан қаржылық активтерінің және айырбастық операциялардан шыққан қаржылық активтерінің бағалауының әр түрлі тәсілдерін қолдану ойға қонымсыз деген қорытындыға келді. Сәйкесінше, ҚСҚЕХСК айырбастық емес операциялар нәтижесінен алынған активтер 23 ҚСҚЕХС талаптарына сай әділ құны бойынша алғашқы мойындалуда өлшенуі керектігімен келіседі, алайда активтерді алу жағдайында келісім бойынша шығынға ұшыраған болатын, мұны да осы Стандарт қарастыруы керек.

Жеңілдік қарыздары

BС11. Субъект жеңілдікті қарыздарды бере алады немесе алады. Мұндай қарыздар нарықтық емес жағдайларда берлігендіктен де, олардың есебімен байланысты болғандықтан, белгілі бір сұрауларды туғызады. Сондықтан да ҚСҚЕХСК жеңілдікті қарыздың нарықтық емес бөлігін есепке алуды назарға ұстап отыр. 38 стандартының ҚСҚЕХСК алдыңғы жобасында субъект оның компоненттері бойынша оның әр компонентін жекелей есепке ала отырып, операциялар мазмұнының талдауынан шыққан жеңілдікті қарыздарды есепке алуды ұсынды, сондықтан ҚСҚЕХС жеңілдікті қарыздың нарықтық емес бөлігі келесі түрде есепке алынуы керектігін ескереді:

• Жеңілдікті қарыздың эмитенті жеңілдікті қарыздың нарықтық емес бөлгін жыл ішіндегі қарыз берудің шығыны ретінде есептейді.

• Жеңілдікті қарызды алушы жеңілдікті қарызды 23 ҚСҚЕХС сәйкес есептейді.

BC12. 38 Стандарттың бұрынғы жобасының кейбір рецензенттері жеңілдікті қарыздың есебінің ұсынылған тәртібімен келіспеді, себебі олар әділ құн бағалау негізімен қисыны келмейді деп есептейді, ал басқа респонденттер шығын ретіндегі жеңілдікті қарыз есебінің ұсынылған тәртібімен келіспеушіліктерін білдірді.

BC13. Бағалаудың негізі ретінде әділ құнды қолдануға келіспеушілігін білдірген респонденттер тұжырымдылық ретінде, сонымен қатар әділ құн бойынша жеңілдікті қарызды бағалаудың тәжірибелік қиындығының болатыны меңзеді. Тұжырымдылық деңгейде қоғамдық сектор субъекісі берген кейбір жеңілдікті қарыздар қарыз алушылардың тәуекелдік сипатты назарға ала отырып, мысалы, шағын бизнес несиелері немесе соңғы истанциядағы несие беруші ретіндегі үкіметтің берген несиелері жататын ұйымдастырылған нарыққа жеткізілмей қалуы мүмкін. Респонденттер ұйымдастырылған нарыққа тартылған несиенің әділ құнын анықтауға болатынын дәлелдесе де, мұндай әділ құн операцияның жеткілікті бейнесін көрсете алмайды. Олар мұндай операциялар үшін ұйымдастырылған нарық болмаса, онда алғашқы мойындаудағы операция несиенің әді құнын көрсетеді. Әділ құнды анықтаудағы тәжірибелік қиындықтарға сілтейтін респонденттер осы қиындықтар себебінен әділ құнға көбіне бағалау негізінде қол жеткізуге болатынын айтады. Олардың көзқарастарымен мұндай бағалауды қолдану ақпараттың әлеуетті сенімсізігін тудырады. Респонденттер мұндай тәжірибелік қиындықтарды жеңіп шығудағы құралдар ретінде әділ құнның баламасы, номиналды құны мен несие берушінің алыс-берісіндегі мөлшерлемесіндегі бағалау негізін қолдануды ұсынады.

BC14. ҚСҚЕХСК әділ құнды қолдану жеңілдікті қарыздың жеңілдікті компонентін анықтау қолжетімді, уәкілділікті қамасыз етуі көзқарасын ұстанады. Бұдан өзге, нөлдік, немесе төменгі пайыздық мөлшерлемедегі қарыздар тек қоғамдық секторға берілетіндіктен, ҚСҚЕХСК қоғамдық секторға 39 ҚЕХС көрсетілген әділ құн үдерістерінен айналып өтудің маңызды себептері бар екенін білдіретін нанымсыз деп есептейді. Сонымен қатар, ҚСҚЕХСК 30 ҚСҚЕХСК құрамында бақыланбаған нарықтық мәліметтер қолданылатын, қаражат құралдарының өзгерістері турасындағы ақпаратты ашуды талап етеді. Сәйкесінше ҚСҚЕХСК жеңілдікті қарыз бағалауының негізі ретінде әділ құнды қалдыруды шешті.

BC15. Жеңілдікті қарыздың нарықтық емес бөлігін шығынға жатқызуға келісім бермеген респонденттер нарықтық емес бөліктер субсидияны танытатын болғандықтан алғашқы мойындауда, егер субсидия шарттары пропорционалды уақыт негзінде орындалатын болса, активті мойындау, соңында шығынды активтің азаюы есебінен мойындау қисынды болады, Алайда, ҚСҚЕХСК несиенің алғашқы берілімі бірінші күннен бастап, несие және субсидия түрінде қорды ұсыну міндетінің туындауына алып келетінін есептейді. ҚСҚЕХСК есеп беруге міндеттілік мақсатындағы тиімді ақпаратты қамтамасыз ететін алғашқы мойындаудағы шығын негізінде субсидияны алғашқы мойындау көзқарасын ұстанады.



Айырбастық емес операциялар түрінде шығарылған қаржылық кепілдіктер

BC16. ҚСҚЕХСК қоғамдық сектор үшін қаражаттық кепілдіктер келісімшарттары жекелей алғанда, айырбастық емес операциялар түрінде босатылатынын мойындады, яғни олар нөлдік, немесе номиналды төлеуде, көбіне коммерциялық мақсатта емес, эмитенттің әлеуметтік саясаты мақсатына қол жеткізуге шығарылған. Алайда, жеке сектор субъектісі нарықтан төмен әділ құнымен кепілдікті шығарады, бұл сирек және коммерциялық себептер бойынша жүзеге асады, мысалы, бақылаушы субъект кепілдікті ұстаушыға бақылаудағы субъектінің атынан шығарады. Қоғамдық сектор үшін мұндай кепілдіктермен байланыста болған несиелік тәуекел мөлшері аса үлкен болуы мүмкін. Осы кепілдіктер белсенді нарық жоқ болғандықтан, және кейбір жағдайларда жеке сектордың эмитенті несиелік тәуекел өлшемінің жоғары болып, кепілдік бере алмайтындығынан шығарылады. Қоғамдық сектор үшін мұндай кепілдіктермен байланысты болған несиелік тәуекелдің максималды мөлшері аса жоғары болуы мүмкін. Мұндай кепілдіктер белсенді нарық болмағандықтан және кейбір жайларда жеке сектор эмитенті несиелік тәуекелдің максималды мөлшерінен кепілдік бере алмайды. ҚСҚЕХСК мұндай қаражаттық кепілдіктерінің келісімшарттар өлшеміне алғашқы мойындауда және алғашқы мойындаудан кейінгі амалды қарастырды.

BC17. Қаражаттық кепілдік келісімшарты кейбір төлемдерде нәтижеге ие болған жағдайларда ҚСҚЕХСК мұндай әділ құн өтеуіндегі соманы санау мәселелерін қарастырды. 39 ҚЕХС қолданысындағы Нұсқама «алғашқы мойындаудағы қаражат құралының әділ сомасы әдетте, операция бағасы болып табылады». ҚСҚЕХСК қоғамдық сектор үшін көп жағдайларды қаражаттық кепілдік келісімшартына жататын операциялар бағасы оның әділ құнын көрсетпейді және мұндай соманы мойындау эмитенттің қаражаттық тәуекелге ұшырауы жеткіліксіз болатынын назарға алды. ҚСҚЕХСК қаржылық кепілдік шығарылымы жағдайларында өтеу мәселелері қарастырылуда, субъект бұл өтеудің айырбастық операциядан туындайтынын және ілесінше, әділ құнды көрсететінін анықтауы керек. Егер өтеу әділ құнды көрсететін болса, ҚСҚЕХСК субъект қаражаттық кепілідік өтеу сомасы бойынша мойындалуы керек және кейінгі өлшеулер «Бақылау резервтері, шартты міндеттер және шартты активтер» 19 ҚСҚЕХС деген қорытындыға келді және алғашқы танылымда мойындалған сомаларды олардың қайсысының жоғарылығын шегере отырып, «Айырбастық операциялардың кірісі» 9 ҚСҚЕХС сәйкес, егер қисынды болса, мойындалып жинақталған амортизацияға тәуелді түрде мойындау керек деген қорытындыға келді. Операция құны әділ құн болып табымаған жағдайларда субъектіге егер өтеу төленбеген болғандай, алғашқы мойындалымдағы бағаны анықтауға тура келеді.

BC18. Сондықтан ҚСҚЕХСК әділ құн болып табылмайтын өтеуімен немесе өтеусіз берілетін қаражаттық кепілдік келісімшартының алғашқы мойындалымындағы бағасын анықтаудағы амалын қарастарады. ҚСҚЕХСК әділ құн болып табылмайтын өтеуімен, немесе өтеусіз берілетін қаржылық кепілдік келісімшартының алғашқы мойындалымындағы баға иерархиясын орнатты.

• Субъект белсенді нарықта бақыланған бағадан туындаған қаржылық кепілдік келісімшартының құнын анықтауға болатынын бағалайды;

• Белсенді нарықта бақылаудағы бағадан шығатын бағаны анықтауға болмайтын жағдайларда субъектіге бағалаудың қандай да бір тәсілін қолдануына тура келеді.

• Қаржылық кепілділік келісімшартының әділ құнын анықтауға болмаса, онда субъект соңында 19 ҚСҚЕХС сәйкес алғашқы танылудағы қаржылық кепілдік келісімшартын өлшейді.

BC19. Кейбір жағдайларда жіберілген эквивалентті және ұқсас келісімшарттарға қаржылық кепілдік келісімшартының белсенді нарығы бар болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда әділ құн мұндай белсенді нарықты бақылаудан шығара отырып, бағалауға тура келеді. ҚСҚЕХСК белсенді нарықтың болмауы жағдайында субъектіге 19 ҚСҚЕХС көрсетілген амалдарға тез арада өтуді талап ету мәселелерін қарастырды. ҚСҚЕХСК бағалаудың көптеген әдістері өте қиын және AG107 және AG108-параграфтарында белгіленгендей, бірнеше нәтижелері бар екенін назарға алды. Мұндай тәсілдерді жасауға кеткен шығындар олардың көмегімен ақпарат алатын қолданушыларға берген басымдылығын бекітуге болады. 19 ҚСҚЕХС көрсетілген амалдар қаржылық кепілдіктер келісімшартының қорытындылау нәтижесінде эмитенттің тәуекелге ілінуінің сенімді және түсінікті шарасын ұсынуы мүмкін. ҚСҚЕХСК, сонымен қатар, субъект 19 ҚСҚЕХС сәйкес міндеттерін мойындамаған жағдайларда, субъект 19 ҚСҚЕХС сәйкес шартты міндеттерді талап ететін ақпараттарды ашуды қордың жылыстауы жекелей болашақта өтетін жайттарды қоспағанда, жүзеге асыруы керектігін мойындады.



Қорытынды жасауға негіз

Қорытынды жасауға арналған негіздемелер 29 ҚСҚЕХС бір бөлігі болмаса да, оған қосылады.

А бөлімі: Қолдану аясы

А.1 Тәжірибидегі нетто есептемелер



Субъект XYZ тұтынудағы өзінің қажеттіліктеріне қарай бір миллион литр мұнайды бекітілген бағасы бойынша сатып алуға форвардтық келісімшартқа отырады. Келісімшарт XYZ он екі айдың өтуі бойынша мұнайды физикалық жеткізуге, немесе мұнайдың әділ құнының өзгерісіне байланысты нетто-есеп аясында ақша қаражаттарымен төлем төлеуге немесе алуға мүмкіндік береді. Бұл келісімшартты туынды құрал ретінде есепке алуға болады.

Алайда мұндай келісімшарт туынды құралды анықтауға жауап береді, ол туынды құрал ретінде есепке алынуы міндетті емес. Келісімшарт туынды құрал болып табылады, себебі оған алғашқы таза инвестиция талап етілмейді, оынң құны мұнай құнының өзгерісі нәтижесінде өзгеріп отырады және оның есептеулері болашақтағы белгісіз мезгіл бойынша жүзеге асырылады. Алайда, егер, XYZ келісімшарт бойынша тауар қабылдауды жүзеге асыруды көздесе, бірақ оның 29 ҚСҚЕХС бойынша туынды құрал ретінде есепке алынбайтын қысқа мерзімді баға тербелісі, немесе делдалдық қымбаттату, келісімшарттан түскен табысты алу мақсатында жеткізілуден кейінгі қысқа мерзімде қаражат құралдарының көмегімен, немесе мұнайды алу, немесе оны сату жолымен мұндай тауарлардың нетто-есебінде тәжірибесі жоқ. Мұндай жағдайда келісімшарт қолдануға жататындығы ретінде есепке алынады.

А.2 Қаржылай емес активті сату опционы

Субъектке XYZ кеңсе ғимараты жатады. XYZ инвестормен XYZ инвесторға 150 миллион а.б. ғимаратын сатуға мүмкіндік беретін сатылымға арналған опционға келісімшартқа отырады. Ғимараттың ағымдағы құны 175 миллион а.б. Опционның уақыты бес жылдан кейін өтеді. Опционның орындалуы жағдайында есептеу XYZ шешімімен физикалық жеткізілу жолымен, немесе ақша қаражаттарының көмегімен жүргізілетін болады. Бұл опционды XYZ субъект және инвестор қалай есепке алатын болады?

XYZ есепке алу әдістері XYZ ойына және субъектінің есептеу тәжірибесіне байланысты болады. Бірақ келісімшарт туынды құралды анықтауды қанағаттандырады, егер XYZ опционды орындауды шешетін жағдайда XYZ келісімшарт бойынша ғимаратты жеткізу жолымен есеп жүргізуге талаптанса, XYZ оны туынды құрал ретінде есепке алмайтын болады, бірақ осылай бола тұра өткен уақыттары нетто-негізде тәжірибелік жүзіндегі есептеуі жоқ(29 ҚСҚЕХС 4-параграфы және 29 ҚСҚЕХС 22-параграфы).

Алайда, инвестор ғимаратты жеткізуді талап етуге мүмкіндігі болмауынан ол жақтағы келісімшартта оның сатып алудағы, сатулар, немесе тұтынудағы күткен қажеттілігін қанағаттандыруы үшін жасалған болатындығынан келе алмайды (29 ҚСҚЕХС, 6-параграфты қараңыз). Бұдан басқа, опцион ақша қаражаттарының көмегімен нетто-негізде есепке алынуы мүмкін. Осылайша, инвестор келісімшартты туынды құрал ретінде есепке алуы керек. Өткен уақттары осындай тәжірибенің бар болуына тәуелсіз түрде инвестордың амалы опцион бойынша жеткізу жолымен немесе ақша қаражаттарының көмегімен есептеу жүргізілуіне ешбір ықпалы тимейді. Инвестор опцион шығарды, ал ұстаған адамына жеткізу жолымен, немесе ақша қаражаттарының көмегімен таңдауға жол ашуға мүмкіндік берудегі шығарылған опцион ешбір жағдайларда жеткізілімнің қарапайым талаптарын қанағаттандырмайды және 29 ҚСҚЕХС ережелерінің ерекшелігіне таласа алмайды, себебі опционды шығарған субъект жеткізілім мүмкіндігін талап ете алмайды.

Алайда, егер келісімшарт опцион емес, форвардтық шарт болса және келісімшарт физикалық жеткізілімді жүзеге асыруды талап етсе, ал есеп беруші субъект ақша қаражаттарының көмегімен нетто-есеп жүргізудің немесе ғимаратты жеткізуді алу және оны баға тербелісінен, немесе делдалдық қымбаттаудан пайданы алу үшін, қысқа мерзімдегі сатылым жолымен тәжірибесіне ие болмаған болар еді, келісімшарт туынды құрал ретінде есепке алынбаған болар еді.



В бөлімі: Анықтау

В.1 Туынды құралды анықтау:туынды құрал және базалық активтер мысалдары



Қалыпты туынды құралдар мен базалық активтер арасындағы мысалдар қандай?

29 ҚСҚЕХС туынды құралға келесі анықтамаларды береді:



Туынды құрал - бұл осы Стандартты қолдану аясына кіретін және төменде келтірілген үш сипаттамасы бар қаржы құралы немесе өзге келісімшарт:

(а) Оның құны нақты пайыздық мөлшерлеменің, қаржылық құрал бағасының, тауардың, валюта бағасының, бағалар, немесе мөлшерлемелер индексінің, несиелік рейтингтің, немесе несиелік индекстің, келісім жасаушы бір жаққа қатысты емес айнымалы болып табылатын қаржылық емес айнымалы жағдайында қамтамасыз етілген басқа айнымалының (кейде «Базистік» деп аталады) өзгеруі нәтижесінде өзгереді;

(b) Оны сатып алу үшін, бастапқы инвестициялар талап етілмейді, немесе осындай түрде нарықтық факторлардың өзгерістеріне қатысты болуы күтілетін басқа үлгі шарттармен салыстырғанда аз талап етілуі мүмкін бастапқы таза инвестициялар қажет; және

(с) Ол бойынша есеп айырысу болашақта жүзеге асырылады.



Келісімшарт типі

Валюталық айырбас (шет ел валютасының айырбасы)

Пайыздық айырбас

Тауарлық айырбас

Келісімшарт типі

Валюталық айырбас (шет ел валютасының айырбасы)

Несиелік айырбас

Үлестік құралдар айырбасы

Жиынтық пайда айырбасы

Баға балгілеу/есептеу мақсатына арналған ауыспалы негіздегі қалып қойғандар (базалық ауыспалылық)

Қазыналық облигацияларға сатылып алынған, немесе шығарылған опциондар (саны немесе пұт)

Пайыздық мөлшерлемелер

Сатылып алынған немесе шығарылған валюталық опциондар (саны немесе пұт)

Валютаның айырбас курсы

Сатылып алынған немесе шығарылған тауарлық опциондар (саны немесе пұт)

Тауарлық баға

Сатылып алынған немесе шығарылған опциондар акиясы (саны немесе пұт)

Үлестік құралдар бағасы(басқа субъектінің үлестік құралдары)

Мемлекеттік қарызға тіркеулі пайыздық фьючерстер (қазыналық фьючерстер

Несиелік рейтинг, несиелік индекс немесе несие бағасы

Валюталық фьючерстер

Көрсетілген актив пен пайыздық мөлшердің жиынтықты әділ құны

Тауарлық фьючерстер

Пайыздық мөлшерлемелер

Мемлекеттік қарызға тіркеулі пайыздық фьючерстер (қазыналық форвардтар

Валютаның айырбас курсы

Валюталық фьючерстер

Тауарлық бағалар

Тауарлық фьючерстер

Үлестік құралдар бағасы (басқа субъектінің үлестік құралдары)

Үлестік құралдар форварды

Пайыздық мөлшерлемелер

Валютаның айырбас курсы

Үлестік құралдар бағасы (басқа субъектінің үлестік құралдары)

Тауарлық бағалар

Пайыздық мөлшерлемелер

Валюталық айырбас курсы

Тауарлық баға

Келтірілген тізімде 29 ҚСҚЕХС сәйкес туынды құралдар сияқты қалыпты жағдайда сыныптастырылған келісімшарттар мысалы келтіріледі. Тiзiм жеткiлiктi болып табылмайды. Базалық активі бар кез-келген келісімшарт туынды құрал бола алады. Бұдан әрі, тіпті егер құрал туынды құрал анықтамасына сәйкес келсе, оған 29 ҚСҚЕХС ерекше ережелері қолданылуы мүмкін, мысалы құрал «ауа райы туынды құралы» болып табылса (29 ҚСҚЕХС AG5-параграфын қараңыз), қаржылық емес баптарды, қандай да бір тауарды (29 ҚСҚЕХС, 4 және 29 ҚСҚЕХС AG22.-параграфын қараңыз), немесе есептеу субъектінің өз акцияларымен жүргізілетін келісімшартты сату-сатып алуға арналған келісімшарт болып табылса (28 ҚСҚЕХС 25-29 параграфтарын қараңыз). Осылайша, субъект келісімшартты туынды құралдың басқа сипаттамасының барлығын және маңызды ережелер қолдануға болатынын анықтау үшін, келісімшартты бағалауы керек.

В.2 Туынды аспапты анықтау: болашақтағы есептеу, нетто-есептеумен немесе брутто-есептеумен пайыздық ауысым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет