«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет89/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   117
Мұғалімнің сөзі: 
-
Ел ардақтыларымен қымбат! Ер елімен құнды!
 Ендеше, 
бүгінгі сабақта ел қорғаған батырларымыз жайлы сөз қозғап, ой түймекпіз. 
«Ой қозғау» әдісі 
Оқушылар мұғалім ұсынған суреттерді құрастыру арқылы суреттің 
шешуін табады. 
Оқушылардың жауабы: -Ұлы Отан соғысының батыры, Халық Қаһарманы 
Бауыржан Момышұлының бейнесін көріп отырмыз. 
- Дұрыс таптыңдар балалар. Бүгінгі тәрбие сағатымыз қазақ 
халқының абзал азаматы, өр мінезді, қайсар жауынгері, Халық Қаһарманы 
Бауыржан Момышұлының өмір жолына, Отаншылдық әрекетіне арналады. 
I бөлім. Бауыржан Момышұлының өмірі (тақырыптық презентация 
қолданылады) 
Мұғалімнің сөзі.
Мол тартқан қан майданның ғаламатын, 
Жаттатқан сұм жауға қазақ атын. 
Жан аға, жақсы аға – жетпес баға, 
Кім сүймес Бауыржандай азаматын, -
деп ақын Мұқағали 
атамыз айтқандай
қазақ халқының батыры, екінші дүниежүзілік соғыстың 
даңқты жауынгері, Халық Қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы, 
қаһарман ұлдарының бірі – Кеңес Одағының Батыры Бауыржан 
Момышұлының қазақ тарихындағы орны ерекше. Бауыржан аталарың 
1910 жылы 24 желтоқсан күні Жамбыл облысының Жуалы ауданына 
қарасты Көлбастау ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі 
– Момыш, шешесі – Рәзия. Әкесі жаны жомарт кісі болған. Тәуіржан деген 
інісі бір жасында қайтыс болып кеткен. Әкесінен аздап хат таныған 
Бауыржан көрші Евгеньевка ауылындағы орыс мектебінде 1 жыл оқып, 
келесі жылы Жамбыл қаласына келіп, Аса интернатында 3 жыл оқып 
бастауыш мектепті бітірді. 1921 жылы Шымкенттегі 7 жылдық мектеп-
интернатына оқуға түседі. 1928 жылы оны бітірген соң, біраз жылдар 
мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.
Бауыржан Момышұлы 1935 жылы Қызыл Армия қатарына 
шақырылды. 1936 жылы әскери комиссариат Бауыржанды Ташкентке 
жіберді. Онда ол 14 ай взвод командирі болып, әскери қызмет атқарды. 
Қиыр Шығыста шекара күзетінде 5 жыл офицер болды. Соғыс жылдары 
қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, 
олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің 
ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы 
бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі 
болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс 
тарихынан мәңгілік орын алды. 
Бейнеролик «Бауыржан Момышұлының соғысқа аттануы» 


179 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет