Пайдаланылған әдебиеттер: 1. 8-сынып, оқулық, «Қазақ әдебиеті» «Арман-ПВ»-2018
2. Оқу бағдарламасы
3. https://kk.wikipedia.org/wiki сайтынан.
4. https://kitap.kz/ сайтынан.
Адилбаева Бақыт Токеновна, бастауыш сынып мұғалімі ЖББ №77 мектеп-балабақша кешені Бауыржан Момышұлы әлеміне саяхат (тәрбие сағаты) Мақсаты: 1. Оқушыларды Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батыры
Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктері, айтқан нақыл сөздерімен
таныстыру;
2. Оқушыларға Бауыржан Момышұлының өмірін насихаттай отырып,
Отанға деген, өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту, жас ұрпақты
елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Б. Момышұлының суреті, бейнеролик,
тақырыптық презентация, кітаптар көрмесі
Өткізілу формасы: ерлік сабағы
Өткізілетін орны: мектептің «Жауынгерлік даңқ» залы
Сабақтың барысы: (Оқушылар қағаз түстері бойынша 3 топқа бөлініп, орындарына
жайғасады)
Кіріспе Мұғалімнің сөзі: («Қасиетті соғыс» әні баяу орындалып тұрады) -
Құрметті оқушылар! Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл
толады.
Жеңіс оңай келген жоқ. Миллиондардың қанымен келген жеңіс
бұл. Ең алдымен, жеңістің басты себебі – халықтың Отанға деген шексіз
сезімі, қайтпас қайсарлығы, сын сағаттардағы отаншылдық қасиеті басты
назарда болғаны рас. Әрі ортақ жауға күресте Кеңес Одағын мекендеген
халықтарының ынтымақ-бірлігі де басты себеп болғаны анық еді. Жеңіс
күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір
жауынгердің алдында біз, ұрпақтары мәңгі қарыздармыз! Осы Ұлы
178
Жеңісті ұрпақтарына сыйлаған батырларымызды, соғыс құрбандарын бір
сәт үнсіздікпен еске алсақ.
(Үнсіздік минутында сағат тілінің дыбысы естіледі)