Асембаева эльмира куандыковна



Pdf көрінісі
бет24/45
Дата21.09.2023
өлшемі7.94 Mb.
#478091
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
Диссертация Асембаева Э К

 
 
 
 
 
 


43 
2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 
 
2.2 Зерттеу нысандары 
Зерттеу нысаны ретінде Алматы облысы Іле ауданы Қарой ауылында 
орналасқан «Димаш» шаруа қожалығынан алынған түйе (Camelus bactrianus) 
сүті үлгілері, құрамы Streptococcus salivarius subspecies termophilius және 
Lactobacillus delbruki subspecies bulgaricus тұратын MicroMilk YO 60 (Италия), 
БК-Углич-Б (Ресей), Бүкілресейлік сүт өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты 
(БСӨҒЗИ) әзірлеген СТБп және КТС (Ресей), Genesis (Болгария-Ресей), VIVO 
(Ресей), YoFlex®Advance (Дания), Lactoferm ECO (Италия), Danisco (Франция) 
өндірістік симбиотикалық ұйытқылары, фруктоза, изомальтулоза, лактулоза, 
олигофруктза, инулин алынды. Жұмыс барысында қолданылатын барлық 
компоненттер 
қолданыстағы 
нормативтік-техникалық 
құжаттаманың 
талаптарына сәйкес келетін заттар. 
 
2.1 Тәжірибелік зерттеу жүргізу әдістемесі 
Диссертациялық жұмыстың құрылымы теориялық, тәжірибелік
тәжірибелік-өндірістік кезеңдерден және келесі негізгі бөлімдерден тұрады: 
зерттелетін мәселелер шеңбері бойынша ғылыми-техникалық және патенттік 
ақпараттарды талдау, соның ішінде интернет ресурстарын пайдалану; зерттеу 
алгоритмін және талданатын мәндердің бақылау әдістерін анықтау; алынған 
тәжірибелік материалды зерттеу және талдау жиынтығын жүргізу; зерттеу 
нәтижелерін практикалық қолдану бойынша ұсыныстар; техникалық 
құжаттаманы және технологияның сызбасын әзірлеу. 
Диссертациялық жұмыс бойынша зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстар 
Aлмaты 
тexнoлoгиялық 
унивepcитeтiнiң 
«Тaғaмдық 
биoтexнoлoгия» 
кaфeдpacының зepтxaнacындa және «Тағам қауіпсіздігі» ғылыми-зерттеу 
институтында, Бүкілресейлік сыра қайнату, алкогольсіз сусын және шарап 
өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтында (Мәскеу қаласы), зерттеудің бір 
бөлігі, заманауи аналитикалық әдістерді қолдана отырып, кеңестер мен нақты 
талдаулар Бүкілресейлік Сүт өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтында (Мәскеу 
қаласы) орындалды. 
Ғылыми-техникалық әдебиеттерге шолудың қорытындылары негізінде 
зерттеу бағыты анықталып, тұжырымдалды. Зерттеу мақсаттары мен алға 
қойылған міндеттер негізінде тәжірибелік зерттеулер төрт кезеңде жүргізілді. 
Тәжірибенің бірінші кезеңінде түйе сүті шикізатының физика-химиялық 
және функционалдық-технологиялық сипаттамаларына талдаулар жүргізілді. 
Тәжірибенің екінші кезеңінде ұйытқы және пребиотикалық қасиеттері бар 
көмірсулар композициясы және олардың оңтайлы мөлшері таңдалды.
Үшінші кезеңде сүтқышқылды сусындардың тағамдық, биологиялық, 
энергетикалық құндылығы және қауіпсіздікті сипаттайтын көрсеткіштері 
негізінде сақтау мерзімі анықталды. 
Төртінші (соңғы) кезеңде сүтқышқылды сусындар өндірісі бойынша 
нормативтік құжаттама жасалды және түйе сүті негізінде пребиотикалық 


44 
қасиеті бар сүтқышқылды сусын технологиясына өнеркәсіптік сынақ 
жүргізілді. Зерттеу жүргізудің сызбасы 1-суретте келтірілген. 
Сурет 1 – Жалпы зерттеудің сызбасы 
Зерттеу бағытын анықтау, тұжырымдау 
зерттеу мақсаттары мен міндеттері 
Түйе сүті шикізатының физика-химиялық және функционалдық – 
технологиялық сипаттамаларын талдау 
Түйе сүтінің 
физика-химиялық 
көрсеткіштерін 
талдау 
Түйе сүтінің 
буферлік 
сыйымдылығын
зерттеу 
Түйе сүтінің 
бактерицидтік 
фазасын зерттеу 
І к
ез
ең
Ұйытқы дақылдарын таңдау және оңтайлы мөлшерін анықтау 
ІІ
к
езең 
Пребиотикалық қасиеттері бар көмірсулар композициясын таңдау 
және оңтайлы мөлшерін анықтау 
Жаңа сүтқышқылды сусынның тағамдық, биологиялық, 
энергетикалық құндылығын және қауіпсіздікті сипаттайтын көрсеткіштері 
негізінде сақтау мерзімін анықтау 
Зерттеу қорытындыларын тәжірибеде іске асыру 
ІІ
І 
кезең
IV
к
езең
ҚР патенті, 
ҚР пайдалы 
модель патенті 
Жаңа өнімді 
өндірістік 
сынақтан өткізу
Ұйым 
стандарты 
Ғылыми-техникалық әдебиеттерге шолу 


45 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет