64
Ұйытқылардың өндірістік 9 түрі алынып, сүтқышқылды сусын алу үшін
таңдалды: MicroMilk YO 60 (Италия), БК-Углич-Б (Ресей), СТБп (Ресей), КТС
(Ресей), Genesis (Болгария - Ресей), VIVO (Ресей), YoFlex®Advance (Дания),
Lactoferm ECO (Италия), Danisco (Франция). Осы алынған ұйытқылармен түйе
сүті үлгілері 42 ºС бірдей температурада ұйытылды. Ферментация үрдісі тәулік
ішінде рН мәнін сағат сайын өлшейтін компьютерленген қондырғыда, яғни 400
мл DASGIP фирмасының биореакторында жүргізілді. Бастапқыда түйе сүті
үлгілеріне ұйытқылар 1%, 3%, 5% және 10% мөлшерде өндірушінің
нұсқаулықтарына сәйкес қосылды. Жүргізілген зерттеулер ферментация
үрдісінің қарқындылығының ұйытқы мөлшеріне тәуелділігін растады. 1% және
3% ұйытқы қосылған сынақтың барлық үлгілерінде ферментация ұзақтығы 16-
18 сағаттан асатынын көрсетті. Кейбір жағдайларда ферментация үрдісі 24
сағатқа созылғандықтан, соған сәйкес зерттеулер тоқтатылды. Сонымен қатар,
өзіне тән емес органолептикалық сипаттамалардың пайда болуы байқалды.
Ұйытқының 5% және 10% мөлшері қосылған үлгілер органолептикалық
көрсеткіштері арқылы бағаланды, соның негізінде
белгілі бір ұйытқыны
қолданудың ұтымдылығы анықталды.
Тағам микробиологиясы саласындағы заманауи зерттеулер сүтқышқылды
өнімдердің органолептикалық қасиеттерінің, сапасының 70% ұйытқымен
байланысты
екенін
көрсетті.
Сүтқышқылды
сусын
үлгілерінің
органолептикалық көрсеткіштері 5 баллдық шкала бойынша келесі
көрсеткіштер арқылы бағаланады: сыртқы түрі мен иісі, ұйындының
созылғыштығы, консистенциясы, ауыздағы дәмі мен қышқылдығы.
Бағалау
шкаласы ретінде біріктірілген 5 баллдық жүйе қолданылды: 5 - жоғары, 3 -
орташа және 1 - қанағаттанарлықсыз. Органолептикалық көрсеткіштері мен
ферментация үрдісінің уақыты бойынша ұйытқы дақылдарын таңдау
нәтижелері 7-суретте көрсетілген.
Сурет 7 – Ұйытқыларды таңдау нәтижелері
65
7-суреттегі алынған мәліметтерден 10% ұйытқымен ашытылғанда жақсы
органолептикалық көрсеткіштерді №1 MicroMilk YO 60, №3 БСӨҒЗИ - ның
өндірістік тәжірибе зауыты дайындаған симбиотикалық ұйытқы және №5
Genesis фирмаларында өндірілген ұйытқымен дайындалған сүтқышқылды
сусындар көрсетсе, ал қалған №2, №4, №6, №7, №8 және №9 ұйытқылармен
дайындалған сүтқышқылды
сусындар орташа, яғни 3 баллды көрсетті. 5%
ұйытқымен
ашытылған
сүтқышқылды
сусындар
орташа
және
қанағаттанарлықсыз органолептикалық көрсеткіш көрсететінін көруге болады.
Қазіргі заманғы сүт өндірісі – бұл нақты белгіленген көрсеткіштер мен
режимдер
бар
автоматтандырылған
технология
желісінен
тұрады.
Технологиялық көрсеткіштерді дұрыс таңдау дайын өнімнің сапасын
анықтайды. Сүтқышқылды өнімдерді, атап айтқанда йогурттарды өндіруде
негізгі технологиялық операция – бұл сүтті ашыту үрдісі.
Ашыту үрдісінің негізгі технологиялық көрсеткіштері температура мен
ферментация үрдісінің уақыты болып табылады. Бұл көрсеткіштер сүт
өнімдерін өндірудің дәстүрлі технологиясы үшін анықталған. Жақсы
органолептикалық көрсеткішті түйе сүті үлгілеріне тек 10%
ұйытқы қосылып
алынған сүтқышқылды сусындар көрсететіндіктен, таңдау үшін олардың ашу
уақыты анықталды.
Сүтқышқылды сусын алу үшін қолданылатын ұйытқылардың өндірістік
түрлері мен ашыту уақытының нәтижелері 7 - кестеде келтірілген.
Кесте 7 – Түйе сүтінен сүтқышқылды сусын алу үшін қолданылатын
ұйытқылардың өндірістік түрлері мен
ашыту уақыты
№ Өндіріс аттары
Өндіруші
Ашыту уақыты, сағ
1
MicroMilk YO 60
Италия
9-10
2
БК-Углич-Б
Ресей
10-11
3
СТБп
Бүкілресейлік Сүт
өнеркәсібі
ғылыми-зерттеу институты
5-6
4
КТС
Бүкілресейлік Сүт өнеркәсібі
ғылыми-зерттеу институты
8-9
5
Genesis
Болгария - Ресей
10-11
6
Lactoferm ECO
Италия
8-9
7
YoFlex®Advance
Дания
9-10
8
VIVO
Ресей
7-8
9
Danisco
Франция
8-9
7 - кестедегі нәтижелерден сүтқышқылды сусындардың әртүрлі уақыт
аралығында дайын болғандығын көруге болады. Бүкілресейлік Сүт өнеркәсібі
ғылыми-зерттеу институтының өндірістік тәжірибе зауыты дайындаған
симбиотикалық
ұйытқымен
дайындалған
сүтқышқылды
сусынның
ферментация үрдісінің ұзақтығы 5-6 сағаттан аспады, ең ұзақ ашыту уақытын
БК-Углич-Б және Genesis фирмаларынан алынған ұйытқылар көрсетті. Олардан
66
дайындалған сүтқышқылды сусындар 10-11 сағат аралығында дайын болды.
MicroMilk YO 60 және Genesis фирмаларында өндірілген ұйытқылардың
көмегімен дайындалған сүтқышқылды сусындардың органолептикалық
көрсеткіштері 5 баллды құрағанымен ферментация ұзақтығы 9-10 және 10-11
сағатты құрады.
Сүтқышқылды өнімдердің белсенді қышқылдығы – бұл сапа көрсеткіші
және технологиялық үрдіс бақыланатын параметр.
Зерттеу нәтижелері
бойынша таңдалған ұйытқымен, яғни БСӨҒЗИ - ның өндірістік тәжірибе
зауыты дайындаған симбиотикалық ұйытқымен әртүрлі мөлшерде 1%, 3%, 5%
және 10% қосылып дайындалған сүтқышқылды сусындардың рН мәні
динамикасы сәйкесінше 8 - суретте келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: