Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері


әдіс бойынша: моноклоналды



бет15/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

2 әдіс бойынша: моноклоналды
Эритроциттердегі А мен В антигендерді, цоликлондар құрамындағы стандартты антиденерді анықтау жолымен, анти-А мен анти-В цоликлон қолданады. Сарысуларға қарағанд тез, айқын агглютинация береді.
15-25 градус темпте анықтайды. Фарфорлы пластинаға не маркерленген ыдысқа, цоликлондардан 1 тамшы, жанына 10 есе кіші зерттелетін қанды тамызып, жеке таяқшамен араластырады. Жеңіл шайқап, реакцияны 2,5 мин боиы бақылайды. Реакция әдетте бастапкы 3-5 с болып, ұсақ қызыл аггрегаттар түзілуімен, соңынан түйіршіктермен көрінеді. Агтлютинация реакциясының келесідей нұсқалары болуы мүмкін.
• Анти-А және анти-В цоликлондарымен агглютинация болмайды, кан эритроциттерінде А және В агглютиногендер жоқ - I (О) топтағы зерттелетін қан
• Анти-А цоликлонмен агтлютинация байкалады, зерттелуші қан эритроциттерінде агтлютиноген А бар - (А) топтағы зерттелетін қан.
• Анти-В цоликлонымен агглютинация байқалады, зерттелуші қанның эритроциттерінде агглютиноген В бар - III (В) топтағы зерттелетін кан.
• Анти-А және анти-В цоликлондарымен агглютинация болса, ІV (АВ) топ
Анти-А және анти-В цоликлондармен агтлютинация реакциясының болуында (IV (АB) қан тобы), бейарнамалы агглютинацияны жоққа шығару үшін, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісімен косымша қорытынды зерттеу жүргізеді. Изотониялық ерітіндінін үлкен тамшысын (0,1 мл) зерттелуші қанның кішкентай (0,01 мл) тамшысымен араластырады. Агглютинацияның болмауы, зерттелуші қаннын IV (АB) тобына жататындығын нақтылайды. Агглютинацияның болуында, қан тобын аныктауды жуылған стандартты эритроциттермен жүргізеді.
Анти-А және анти-В поликлондар сұйык күйінде ампулаларда және фла-
кондарда шығарылады, қызылға боялған сұйықтық (анти-А) және көк түсте (анти-В). Тоңазыткышта, 2-8 °С температурада сакталады. Сақтау мерзімі -2 жыл.

3.Rh-факторды анықтау
Қанды резус үйлесімділікке конглютинация әдісімен, арнайы анти-
Rh сарысуларының көмегімен, лабораторлы жағдайда жүргізеді. Топтық
сәйкестігі болжамдап анықтауды (АВО жүйесі бойынша).
Қамтылуы: Анықталушы қанның топтық ерекшелігіне сәйкес келетін
екі әртүрлі анти-Rh стандартты сарысулар, немесе топқа катысты
сәйкестендірілген стандартты жуылған біртоптық резус-оң және резус-теріс эритроциттер, Петри табақшасы, сулы монша, сарысулар үшін пипеткалар,заттың шыны немесе шыны таякшалар.
Петри табакшасына бір сериясының анти-Rh сарысуының үш үлкен тамшысын қатарынан және параллельді басқа серияның сарысуынан үш тамшы тамызады, сарысудың екі горизонтальды катарын түзеді. Содан соң сарысудың екі сериядағы бірінші вертикалды қатарына, зерттелуші қан кіші тамшысын тамызады (канмен сарысудың аракатынасы 10:1 немесе 5:1).Ортаңғы қатарға - стандартты резус-оң эритроциттердің осындай тамшысынан (белсенділікті бақылау), үшінші қатарға резус-теріс стандартты эритроциттер (арнайылығын бақылау). Әрбір тамшыға жеке шыны таяқша немесе заттық шыны бұрышымен, сарысумен эритроцитті мұкият араластырады. Табакшаны қақпақпен жауып, 46-48°С температурадағы моншаға салады.10 мин. өткен соң табақшаны жарық астында қарап, нәтижесін есепке алады. Стандартты резус-оң эритроциттер тамшысында агглютинация болуы мүмкін резус-терісте ол болмайды. Егер сарысудың зерттелуші эритроциттері мен тамшыларында агглютинация анықталса, - кан резус-оң, егер болмаса - кан резус-теріс.
Қанның топтық сәйкестігін АВО жүйесі бойынша стандартты сарысу
көмегімен анықтау кезінде қабылданған натрий хлоридінің изотониялық
ерітіндісін, сарысу тамшысына косуға қатан тыйым салынады, себебі: бұл агглютинация реакциясын бұзуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет