КЕЗЕҢДЕРІ:
І стадия-компенсацияланған-тері жамылғысы бозғылт,суық тер,әлсіз және жиілеген тамыр соғысы,АҚ қалыптыға жақын немес шамалы төмендеген,несеп бөлінуі азаяды.Жоғалған қан көлемі-15-25% құрайды.
ІІ стадия-субкомпенсацияланған-науқаста тежелу байқалады,айқын бозару.Пульс 120-ға дейін,АҚ 80-ге дейін.Жоғалған қан көлемі-25-35%.
ІІІ стадия-декомпенсацияанған, қайтымды-шокта тері және шырышты қабаттар цианозды,науқас тежелген,тамыр соғысы әлсіз,жиілеген,АҚ және ОВҚ төмен,олигурия,Алговер индесі жоғары.Жоғалған қан көлемі-35-50%.
IV стадия- декомпенсацияланған қайтымсыз-науқастың есі болмайды,АҚ анықталмайды,тері жамылғысы мрамор түстес,анурия,Алговер индексі жоғары.Жоғалған қан көлемі 50% дан жоғары.
ҚШҰ синдромы-қанның қантамыр арнасында шашыраңқы ұюынан ұсақ тамырлардың микробпен бітелуіне,кейін гиперкоагуляция мен тромбоцитопенияға әкеліп соқтыратын гемостаздың бейспецификалық патологиясы.ҚШҰ шеткері қанда әрі тромбиннің,әрі плазминнің шамадан тыс артып кетуінен жүре пайда болатын ауыр тромбоздық қанағыштық бұзылыстарға жатады.Бұл процесстің тромбоздан айырмашылығы-ұйыған қан тромбқа айналмай,өздігінен ыдырап жоқ болып кетуі мүмкін.ҚШҰ коптеген себептерден дамиды:сепсис,вирусемия,қатерлі өспелер,шоктардың түрлерінде,үлкен күйіктерде және үсіктерде,сүйек сынықтарында,бұлшықет жаншылуында,геморрагиялық васкулитте,тез дамитын тамыр ішіндегі гемолиз.Патогенезі 4 сатыда өтеді: гиперкоагуляция,гипокоагуляция немесе тұтынулық коагулопатия,фибриноген жоғалуы,қайта қалпына келу.
46.Қан тоқтатудың уақытша және түпкілікті әдістері.
Уақытша тоқтату әдістері:
1.Жгут салу-жгут резиналы таспа түрінде болып,ұзындығы 1,5 м,бір шеті металл шынжырмен,бір шеті ілмекпен аяқталады.Анықталған артериалды қан кетуде жгут зақымдалған жерден проксимальді салынады.Жгутты шешу емшарасы-қыста 30 минуттан кейін,жазда 50-60 минуттан кейін.
2.Артерияны саусақпен басу-дұрыс орындағанда,қан тоқтауына әкеледі,бірақ ол қысқа уақытқа,қан-тамырды 15-20 минут басып тұру қиын.Артерияны басу беткей және сүйекке жақын орналасқан аймақтан жүргізіледі:ұйқы артериясы-IV мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне,бұғана асты артерияны-І қабырғаға,иық артериясын-тоқпан жіліктің ішкі бетіне,сан артериясын-қасаға сүйегіне.
Достарыңызбен бөлісу: |