Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері


Қан кетудің жалпы және жергілікті симптомдары, диагностикасы, жоғалтқан қан көлемін бағалау( Алговер индексі және т.б.)



бет33/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

44.Қан кетудің жалпы және жергілікті симптомдары, диагностикасы, жоғалтқан қан көлемін бағалау( Алговер индексі және т.б.)
Жалпы симптомдар: әлсіздік,бас айналу,ауыздың құрғауы,көздің қарауытуы,құлақтағы шу,лоқсу.
Жергілікті симптомдар:терінің бозаруы мен ылғалдануы,тыныстың жиілеуі,тамыр соғуының жиілеуі мен әлсізденуі,орталық көктамырлық қысым мен АҚ төмендеуі,диурездің төмендеуі,веналардың босауы- «бос тамырлар» белгісі.
Ауыздан қан бөліну-өкпеден,кеңірдектен,жұтқыншақ,өңеш және асқазаннан қан кеткендегі көрініс.Диагностика үшін қанның түсіне,жағдайына мән беру керек.Көпіршікті алқызыл қан-өкпелік,құсықтың құрамында алқызыл қан болса-өңештік, «кофе қойыртпағы» тәрізді құсық-асқазандық немесе он екі елі ішектік қан кетудің белгісі.Қара май тәріздес нәжіс-асқазан ішек жолдарының жоғарғы бөлігінен қан кетудің,тік ішектен алқызыл қанның бөлінуі-сигма тәрізді немесе тік ішектен қан кетудің белгісі.Бұл жағдайда диагностикалау үшін қан кету орнын болжамдап,оның көзін анықтау үшін арнайы зерттеу әдістерін таңдайды:асқазанды зондтау немесе тік ішекті саусақпен зерттеу,эндоскопиялық әдістер,мысаы,бронхоскопи-өкпе аурулары кезінде,эзофагогастродуодено,ректоромано және колоноскопия-асқазан ішектік қан кетулерде,цистоскопия-несеп шығару жүйесіндегі зақымданулар кезінде қолданылады.Жасырын қан кетулерде рентгенологиялық және радиоизотоптық зерттеу әдістерінің үлкен маңызы бар.
ЖОҒАЛТҚАН ҚАН КӨЛЕМІН БАҒАЛАУ:Қансырау мөлшерін анықтауға бірнеше әдістер мен шкалалар ұсынылған.Аса құнды ақпарат беретін-ЦҚК-ң жеткіліксіздігі мен оның компоненттерін(циркуляциялық плазма көлемі,қан түйіршіктерінің көлемі) анықтау.Альговер Бурридің шокты анықтау үшін ұсынған шокты индексі(ШИ)-1 минуттағы тамыр соғысының жиілігінің систолалық қысымның мәніне қатынасы.Қалыпты ШИ мәні 60/120=0,5
<1-қалыпты,қан кету жоқ
0,9-1,2- 20% ЦҚК-ң жоғауының белгісі
1,3-1,4-30% ЦҚК-ң жоғалғандығының белгісі
>1,5- 40% ЦҚК-ң жоғалғандығының белгісі
45.Қан кетудің асқынулары- геморрагиялық шок, геморрагиялық шоктың кезеңдері. ҚШҰ синдромы.
Организмнің жедел қан жоғалтуға реакциясы-геморрагиялық шок түрінде көрініс береді.Геморрагиялық шоктың негізінде жатқан-айналымдағы қан көлемінің азаюы,оның соңынан-қан айналым бұзылысы дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет