Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері



бет63/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

Аламинол(Ресей)

  • Кеми – сайд (Ресей)

  • Лизафин – специаль (Ресей) осы дәрілік заттар қолданылады.

    Қолданылуы: вертикальді және горизонтальді бағыттағы заттарды жуу және сүрту: бөлме қабырғаларының беттерін,хирургиялық үстелдерді, жихаздарды сүрту, т.б.


    1. Сыздауық. Түсінік. Этиологиясымен патогенезі, клиникасы және емі. Сыздауықтар (фурункулез), этиологиясымен патогенезі, клиникасы және емі

    Сыздауық – бұл түк қапшығының (фолликулдың) және айналасындағы май бездері мен тері асты шелмайының жедел іріңді – өліеттенген қабынуы. Аурудың қоздырғышы – алтынды стафилококк.Оны ынталандыратын факторларға иммунитеттің төмендеуі, авитоминоз,қант диабеті жатады.Инфекция зақымдалған тері арқылы түк қапшығына өтеді.
    Сыздауықтың дамуы 2 кезеңнен өтеді:

    1. Инфильтратты кезең, ол консервативті емді қажет етеді.

    2. Абсцесстену кезеңі, онда іріңдікті тіліп, дренаждар қойылады.

    Клиникасы: Терінің бетінде ауыратын тығыз инфильтрат пайда болады.Содан кейін, инфильтрат қызарып, ауыру сезімі күшейе түседі. Терең жатқан тіндердің қабынуы мен ісінуінің салдарынан жергілікті қан айналымы бұзылады, түк қапшығының айналасындағы тіндердің өліеттенуі мен іріңдеуі дамиды. Ірің терінің бетіне өзек ретінде шығады, оның ортасында өліеттенген түгі болады. Жергілікті ол қызарған инфильтраттың ортасында кішігірім іріңдіктің пайда болуымен сипатталады.Содан кейін, іріңді өзегі ажврап, пустуланың аузы ашылады да, ірің сыртқа шыға бастайды. Қабыну мен өліеттену аймағында терінің капиллярлары мен ұсақ веналарлың тромбозы байқалады. Өзегі ажырағаннан соң, кіші көлемді үңірейген жара пайда болады, қабыну үрдісі әлсірейді, инфильтрат жоғалады,5-6 күннен кейін жара тыртықтанып жазылады.
    Емі. Қабыну үрдісінің даму кезеңдеріне байланысты болады.Инфильтрация кезіңінде консервативті ем қолданылады: жергілікті құрғақ ыстық,УЖЖ-терапия жүргізіледі,сол аймақты антисептиктермен (спирт,бриллиант көмегімен) өңдейді. Кейде инфильтраттың айналасына новокаин ерітіндісіне сұйылтылған антибиотиктерді енгізеді(пенициллин-новокаинді қоршау).УЖЖ – терапия қабыну аймағындағы қан айналымын жақсартады жіне инфекция ошағының айналасына қорғаушы күшті толқынды береді. Аурудың ағымын жеңілдетеді және антибиотиктерді қосып тағайындағанда асқынудың туу мүмкіншілігін ескертеді. Пустула пайда болғанда, өзегінің тез шығуы үшін, жергілікті салицил қышқылын,протеолиттік ферменттерді пайдаланады. Сонымен қатар,пустуланың үстіндегі эпидермистің беткей бөлігін хирургиялық пинцетпен алып тастайды.Өзегі шыққаннан кейін, жараны жергілікті емдеуде әртүрлі антисептиктер (фурацил, бетадин, левомеколь) қолданылады және физиотерапия тағайындалады. Сыздауықтың асқынуларында оперативті ем жүргізіледі(лимфагиит, лимфаленит, абсцесс,флегмона кезінде).
    Бетінің сыздауығы бар науқастар, міндетті түрде ауруханаға жатқызылып емделуі тиіс.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   88




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет