Этиологиясы: тудырады көбіне алтын түсті стафилококк.
Патогенезі: тер бездері зақымдалады, алғашында қабыну инфильтраты пайда болады. Содан кейін инфильтрат іріңді ырырауға ұшырап, тер бездері зақымдалады да, ірің сыртқа шығады.
Клиникасы:
Жергілікті белгілері: алғашында ауыратын тығыз түйін пайда болады. Олар бір-бірімен жүзімнің шоғыры секілді жиналып, қатты ауыратын үлкен инфильтрат түзеді. Бастапқы кезде гиперемия байқалмайды. Содан кейін терісі қызарып, көкшіл түсті болады. Одан кейін 1-2 аптадан кейін түйіннің ортасы босап, флюктуация анықталады. Сонан соң іріңдіктің аузы өздігінен ашылып, одан қою қаймақ тәрізді ірің шығады.
Жалпы белгілері: ауру сезімі, қызметінің бұзылуы, әлсіздік, тершеңдік, дене қызуының жоғарылауы.
Емі: Серозды инфильтрат кезеңінде консервативті ем жүргізіледі. Зақымдалған аймақтағы түктерді қырып тастау керек. Терісін антисептиктермен өңдейді. Пенициллин новокаинді қоршау жүргізіледі. Құрғақ ыстық басу керек. Физиотерапия, рентгенотерапия, антибактериалды ем жүргізіледі. Гидроденит абсцесстенсе, яғни флюктуация пайда болса операция орындалады – іріңдікті тіліп, дренажды қою.
Күбіртке. Түсінік. Жіктемесі. Этиологиясымен патогенезі, клиникасы және емі.
Анықтамасы: күбіртке – білінбейтін кішігірім жарақаттардың нәтижесінде инфекцияның енуінен дамиды.
Жіктелуі:
терілік күбіртке
тырнақтық: паронихия, тырнақ айналасындағы, тырнақ астылық күбірткелер
тері астылық күбіртке
сіңірлік: а)2,3,4 саусақтардың іріңді тендовагиниті, ә)1,5 саусақтардың іріңді тентовагиниті, кәрі жіліктік және шынтақтық тентобурсит түрлері.
Сүйектік
Буындық
Пандактилит
Этиологиясы: негізгі қоздырғыштары – стафилококктар мен стрептококктар. Сондай-ақ анаэробтар да болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |