Этиология: стефилококк, іріңді микрофлора әсері
Патогенезі: инфекция зақымдалған шырышты қабықтардан енеді. Іріңді ошақтардан лимфогенді және гематогенді жолдармен тарайды, сүйтіп тіндерде қабыну үрдісін тудырады. Сонымен қатар, флегмонаның даму себептеріне әртүрлі инъекциялар, сыздауық, карбункул, т.б асқынулар жатады. Тарайды: шелмайы, қан тамыр, шандыр футлярларының бойымен.
Клиникасы: жалпы белгілері іріңді интоксикация белгілерімен сипатталады. Дене қызуы 40гр дейін көтеріледі және тұрақты болады.
Жергілікті: ауыру сезімі, ісіну, жергілікті гипертермия, зақымдалған дене бөлігінің қызметінің бұзылуы. Егер флегмона беткей орналасса, гиперемия анықталмауы мүмкін.
Емі: ОПЕРАТИВТІ.Некрозбен флегмонаны кесіп, іріңді шығарып, өлеттенген тіндерді кесіп алады. Іріңді қалталарды қосымша тілік жасап ашады. Жараны сутегі асқын тотығы ерітіндісімен жақсылап тазалайды да натрий хлоридіне 10процент не левомеколь майына малынған дәкелік таңғыштар мен дренажды түтіктерді жара бетіне қояды. Операциядан кейін жараны іріңді жараны емдегендей ем жүргізіледі. Науқастарға антибактериалды, дезиноксикалық, симптоматикалық ем тағайындалады.
Тілме – терінің не шырышты қабықтың жедел серозды-экссудативті қабынуы.
Этиологиясы: қоздырғышы – стрептококк (вета гемолитикалық стрептококк).
Патогенезі: терінің жарылуы мен жаралары инфекция түсуіне жағдай жасап, олардың өсіп-өнулеріне себепші болады. Бұл үрдіс бет пен бас терісінде жиі дамиды. Аяқ-қолда сирек. Инфекция патогенді стрептококкпен ластанған терінің жарақаты арқылы енеді, не кейде лимфогенді жолмен.
Түрлері: қабыну түріне байл: эритематозды, буллезді, флегмонозды өлеттенген тілмелерді ажыратамыз. Клиникалық ерекшелігіне байл: жедел, рецидивті, миграциялық.
Клиникасы мен емі: консервативті. Пенициллин тобының антибиотиктері (жартылай синтетикалық) және сульфаниламид (стрептоцит) тағайындалады. Жергілікті емі –субэритемді мөлшердегі ультракүлгін сәулелер.
Буллезді түрі. Лоқсу, құсу, диурез азаяды. Зәрде – белок, эритроцит, цилиндрлер кездеседі. Айқын гиперемия, ісіну. Көпіршікте көп мөлшерде стрептококктар шоғырланады да жанаспалы инфицирлену қаупін туғызады. Емі: жалпысы – жартылай синтетикалық пенициллинді парентеральды жолмен енгізу. Антибиотик тағайындау бұлшықетке, венаға. Сульфаниламид көп мөлшерін ішкізу. Ем жүргізіледі: инфузионды, дезинтоксикациялық, иммундық, түзеуші симптоматикалық. Жергіліктісі – көпіршікті мшу міндетті, солай ажыраған эпидермисті кесіп алады да, левосинмен, диоксидинмен таңады. Ультракүлгін сәуле қолданады. Флегмонамен асқынуы мүмкін.
Флегмонозды түрі. Науқас жағдайы ауыр. Жергілікті белгілері: тері бетіндегі өзгерістер, әлсіз гиперемия. Тері асты шел майдың серозды-іріңді экссудатпен зақымдалуы, онда іріңнің жиналуы. Ісіну жайылып, кейде тіндер ыдырауы. Емі: хирургиялық – флегмонаны тілу, жараны таңу гипертониялық ерітіндіге не гидрофильді майға малынған дәкемен. Жергілікті физиотерапия жүргізіледі.
Өлеттенген түрі. Сепсис дамуы мүмкін. Жергілікті белгілері: тері және қоршаған тіндер өлеттенуі, әрі қарай таралуы. Емі: қиындық туғызады. Наркозбен некрэктомия, консервативті емнің барлық түрін тағайындайды. Кейде аутодермопластика.
Эризипелоид– тері, сирек жағдайда аяқ-қол буындарының жұқпалы ауруы.
Этиологиясы: шошқа тілмесі таяқшасымен (D.Erysipelotis suis) қоздырылады.Инфекция сүйек кесірінен болатын микрожарақат арқылы енеді.
Клиникалық көрінісі: дене қызуы қалыпты, тек буындары зақымдалғанда ғана темп субфебрильді болады. Зақымдалғаннан бірнеше күннен соң саусақ сыртында шекаралы гиперемия п.б. терісі қатты қышиды, алайда жергілікті гиперемия мен ауырсыну жоқ. Ұзақтығы 10-20 күн және қайталануы мүмкін.
Емі: бұлшықетке пенициллин, арнайы сарысу енгізеді. Жергілікті: рентгенотерапия, майлы таңғыш, футляры новакаинді қоршау жүргізеді. 0,25 процент күміс азотқышқылы еріт-мен жараны таңу оң нәтиже береді.