Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері


Патогенезі: жарақат нәтижесінде инфекция еніп, сүйел, тырнақастылық гематома және т.б. болу нәтижесінде қабыну туындайды. Клиникасы



бет67/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

Патогенезі: жарақат нәтижесінде инфекция еніп, сүйел, тырнақастылық гематома және т.б. болу нәтижесінде қабыну туындайды.
Клиникасы: әдетте науқас жағдайы нашарламайды. Бірақ лимфаангит дамыса, дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Емі: хирургиялық – ажыраған эпидермисті кесіп алады. Жансыздандырусыз. Кейде эпидермисті алып тастаған соң кішігірім тесікті көруге болады. Ол тері асты қабатына дейін созылған өзек болып табылады және ол тереңде жатқан қабыну ошағымен байланысады. Бұл «түйме тәрізді» тері астылық күбіртке болып табылады. Эпидермис алынған соң жараны өте терең зақымдалудан қоршау үшін антисептикалық ерітіндімен немесе майлы таңғышпен таңады. Тек лимфаангит дамыса ғана антибактериалды ем жүргізіледі. Түйме тәрізді күбірткеде іріңді эпидермисті алып тастаған соң 10пайыз натрий хлоридінің ерітіндісімен таңып тастайды.


  1. Абсцесс. Флегмона. Түсінік. Этиологиясымен патогенезі, клиникасы және емі.

Анықтамасы: Абсцесс - бұл пиогенді қапшықпен қапталған әртүрлі тіндерде немесе ағзаларда дамитын шектелген іріңдік болып табылады.
Этиологиясы: стафилококк, сонымен қатар басқа іріңді микрофлора әсерінен дамуы мүмкін.
Патогенезі: инфекция тіндерге түскенде олардың өлі еттенуі мен іріңді ыдырауы дамиды. Ірің мен өлеттенген тіндердің қалдықтары бір қуыс түзеді. Іріңді қуыстың аналасында айқын қабыну инфильтраты пайда болады. Одан пиогенді қапшық құрылады. Оның сыртқы қабаты дәнекер тінді бөгет болса, ал, ішкі қабаты фибринді тұтықпен қапталған грануляциялар болып табылады. Мерзімі ұзақ болған сайын, пиогенді қапшық қалыңдығы жуандай береді. Пиогенді қапшық іріңнің таралуына мүмкіндік бермейді. Бірақ, ол кейбір жағдайларда жарылып, іріңнің шығуына себеп болады.
Клиникасы: жалпы белгілері іріңді интоксикация белгілеріне сәйкес болады, бірақ өзіне тән дене қызуы болады. Темп сызық тәулік бойынша 2,5 немесе одан көп градусқа ауытқып отырады. Созылмалы емес абсцесстерде айқын емес интоксикация және субфибрильді температура болады.
Жергілікті белгілері: беткей орналасқан абсцесстерде айқын ісіну, флюктуация (өте маңызды белгі), ауыру сезімі, гипертермия, тері гиперемиясы болуы да, болмауы да мүмкін. Терең абсцесстерде байқалмауы мүмкін жергілікті белгілер.
Емі: хирургиялық. Іріңдікті тіліп, тазартады да, қуысына дренаждар орнатылады. Кейде, іріңдікті жармай, пиогенді қапшығымен бірге сау тіндердің деңгейінде кесіп алады. Абсцесс орналасқан ағзаның резекциясы да жасалады. Қазіргі кезде пункционды әдіспен де емдейді. Ол рентгенологиялық немесе ультрадыбыстық бақылау көмегімен жүзеге асырылады. Абсцесстерді тіліп ашып, өлеттенген тіндерді кесіп алғаннан кейін іріңдікті жабық тәсілмен емдейді. Ол үшін іріңдік қуысына дренажды түтіктер орнатылып, белсенді аспирация жүргізіледі. Сонымен қатар науқастарға операциядан кейін кешенді консервативті ем жүргізіледі. Міндетті түрде антибиотиктер мен детоксикация тағайындалады. Сепсис кезінде дамитын метастазды абсцесстерді консервативті әдістермен емдейді.
Флегмона – шел майының және шелді кеңістіктердің шектелмейтін, жайылған жедел іріңді қабынуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет