Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет97/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   200
Asyl-analar

 
 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) мусталиқ тайпасының қамалына олардан 
бұрын күтпеген жерден тарпа бас салу үшін әскер әзірлеп, атқа 
қонуға жедел бұйрық береді. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) әскері 
оларға тұтқиылдан шабуыл жасайды. Мұсылмандардың 
қолдарындағы ақиқаттың жеңісі үшін биік көтерілген 
қылыштары жарқылдап, жүректеріндегі иман от жалынындай 
маздайды. Олар пұттарды талқандап, жалғандық пен ширктің 
рәмізін біржолата жоюды мақсат тұтып, дұшпанға ойсырата 
соққы береді. Нәтижесінде, мұсылмандар еш қиындықсыз бір 
ғана кісінің шығынымен қамалды алады. Олжаға қой, түйелерді 
айдап, бас сауғалап қашқан жаудың әйелдерін тұтқындап, 
Мәдинаға оралады. Хабаршылар қуанышты хабарды жеткізгенде, 
қала тұрғындары жеңіс тойын тойлап жатқан болатын. Бұл 
жорық Ислам тарихында «Мурайсиғ шайқасы» деген атпен 
сақталған. 
Тұтқындағы әйелдер арасында мусталиқ руының көсемі Харис 
ибн Әбу Дирардың қызы Бәрра болған еді. Ол Сәбит ибн Қайсқа 
(Аллаһ оған разы болсын) тұтқынға түседі. Бәрра құлдық өмірге 
түскісі келмей, одан өзін босатуды сұрайды. Сәбит ибн Қайс 
оның бостандығы үшін тоғыз кесек алтын талап етеді. 
Осы кезеңдерде Ислам қоғамды құл иеленуден біржолата 
тазарту үшін жаңа үкім енгізген-ді. Бұл үкім бойынша кез келген 
құл өз қожайынынан сұраған құнын төлеу арқылы бостандық 
алуға құқылы еді. Ал құл иесі сұраған құнын құлы төлесе, 
онымен келісімге келіп, оған еркіндік беруге мәжбүр болатын. 
Бәрра мұндай құнды тұтқындағы жағдайында төлеуге қалтасы 
көтермейтіндігін жақсы түсінеді. Десе де, көнбістікке салынбай, 
бостандық талап етеді, өзіне көмек қолын соза алатын адам 
табуды ойлайды. Ол үміт артқан жалғыз адам пайғамбарымыз 
Мұхаммед (с.а.с.) еді, өйткені оны адамдар «осы үмбетке келген 
рақымшылық» деп айтатын. Бәрра өзінің жағдайын айтып
құлдық өмірден азат етуін сұрағысы келіп, үлкен үмітпен Аллаһ 
елшісіне (с.а.с.) келеді. 


123


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет