Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет116/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   200
Asyl-analar

 
 
беріңдерші, өтінемін», – деді бізге. Бұл оның соңғы сөздері 
болды», – дейтін. 
Зәйнәб Жахшқызы елу үш жасында Омар ибн әл-Хаттабтың 
кезінде һижра жыл санауымен 20-жылы дүние салды. Зәйнәбтің 
жаназасын мүміндердің әміршісі Омардың өзі оқыған соң
Мәдина халқы оның денесін мүміндердің аналарының қорымы 
Бақиғқа шығарып салады. Мүміндердің анасы Зәйнәб 
Жахшқызына Аллаһ разы болсын! 


146
 
 
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – РАМЛӘ ӘБУ СУФИЯНҚЫЗЫ
(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) 
Пайғамбарымызбен (с.а.с.) үйленгенде, Эфиопия патшасы 
Нажаши той жасаған мүміндердің анасы 
Рамлә, Әбу Суфиян ибн Харб ибн Умәйя ибн Абдушамсқызы. 
Ол сондай-ақ Хабиба деген қызы болғандықтан, Умму Хабиба 
деп те аталған. Меккенің қолға алынуына дейінгі құрайыш 
кәпірлері мен мүшріктерінің бетке тұтар көсемінің иманы күшті, 
сұлу да ақыл-парасаты мол қызы еді. 
Умму Хабиба тілін кәлимаға келтіріп дінге кірген соң, 
тайпаластарының пұттарға бас ұрып табынуына қарамастан, ата-
бабасының дінінен бас тартқан. Сонымен қатар сабырлылық пен 
ерік-жігер көрсете отырып, өзі ерген ақиқат жолын қорғаған. 
Рамлә Әбу Суфиянқызы және оның басынан өткізген жайттары 
Ислам тарихында маңызды орын алады. 
Ол алғашында мүміндердің анасы Зәйнәб Жахшқызының 
ағасы Убайдуллаһ ибн Жахш әл-Әсәдиге тұрмысқа шыққан. 
Күйеуі екеуі бірге Исламды қабылдап, құрайыш кәпірлері мен 
мүшріктерінің зұлымдығына тап болып, қабылдаған жас сенімді 
құтқару үшін, әсіресе, әкесінің әділетсіздігінен қашып, 
Эфиопияға қоныс аударады. Күйеуі Убайдуллаһ бөтен жерде 
діннен шығып христиандықты қабылдап, әйелін де осыған 
итермелейді. Рамлә Аллаһ пен Оның елшісіне (с.а.с.) қатты 
сенетін, сондықтан да күйеуінің оны Исламнан қайтармақ болған 
бұл әрекетінен түк шықпайды. 
Рамлә анамыз өз сенімінде берік тұрады, ал күйеуі болса 
ішкілікке тойып келіп, оған қол көтеретін. Рамлә жұрт алдында 
күйеуінің жиренішті қылықтарынан қатты ұялумен болады. Кейін 
оны есіне алып: 
«Мен түсімде Убайдуллаһты өте жаман кейіпте көрдім. 
Екеуміз әңгімелескенде ол маған: 


147


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет