Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет115/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   200
Asyl-analar

 
 
«Мен 
ешқашан 
дінде, 
Аллаһқа 
тақуалықта, 
сөзде 
шыншылдықта, 
туыстық 
қарым-қатынасты 
сақтауда, 
садақаны көп беруде және еңбекқорлықта Зәйнәбтан артық 
ешбір әйелді көрген емеспін. Ол өз еңбекақысын садақа етіп, 
Аллаһқа жақындайтын», – деген хабары айтылған. 
Ал Умму Сәләма (Аллаһ оған разы болсын) болса: «Ол өте 
жақсы (әйел) еді, оразаны қатаң түрде бұлжытпай ұстайтын, 
еңбекқор болатын. Ал еңбекақысын кедейлер мен мұқтаждарға 
үлестіретін», – деген. 
Зәйнәб өмірмен қош айтысқанда барлығы:
«Бізден кедейлер мен мұқтаждардың қамқоршысы кетті», – 
деп қайғырған. 
Аллаһ елшісінен (с.а.с.) әйелдері: 
Ақыретте сенімен бірінші жолығатын қайсымыз?
1
– деп 
сұрағанда, ол (с.а.с.): 
Маған Ақыретте бірінші жолығатындарың – ең қолы 
ұзының, – деген
2

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл сөзімен ең жомарттарың, ашық 
қолдыларың деген мағынаны меңзеген-ді. 
Пайғамбардан (с.а.с.) кейін мүміндердің анасы – Зәйнәб 
Жахшқызы ең алғаш дүние салған. 
Айша (Аллаһ оған разы болсын) бір жайтты еске алып: 
«Бірде біз бәріміз жиналып отырып, Зәйнәб шұғылданған 
іспен айналыспақ болдық. Бірақ біздердікі Зәйнәбтікіндей жақсы 
шықпады. Ол, шын мәнінде, он саусағынан өнер тамған шебер 
еді. Тіпті оның өмірінің соңғы сәттері таяғанда ол:
«Мүміндердің әміршісі Омар ибн әл-Хаттаб шекпен тоқып 
беруімді өтінген еді. Үлгере алмаймын-ау деп қорқамын. 
Қолдарыңнан келсе, біреулерің менің орныма істеп, бітіріп 
1
Сенен кейін бірінші дүние салатын қайсымыз деген мағынада. 
2
Әл-Бұхари, Зекет: 11; Муслим, Фадаил әс-сахаба: 101. 


145


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет