149
–
Бұл – Аллаһ елшісінің көрпесі, ал сен – ыфлас мүшріксің, –
деп жауап береді.
Неше жылдан бері көріспеген қызының бұл ісі мен сөзіне
шамданған Әбу Суфиян:
– Аллаһтың атымен ант етемін! Саған бір кесір келген екен, –
деп бұлқан-талқан күйінде шығып кетеді.
Иә, Рамләның бұл ісі өзі қалтқысыз
ұстанатын дін сенімінің
талабы еді. Бірақ әкесі шығып кете сала, жүрек түкпірінде жатқан
перзенттік сезімі оянып, Жаратқанға әкесін тура жолға салуын
сұрап жалбарынады.
Көп ұзамай Аллаһ елшісі (с.а.с.) құрайыш мүшріктерінің
озбырлығына біржолата нүкте
қою мақсатында он мыңдай
мұсылман әскерімен Меккеге жол тартады. Сол кезде барып Әбу
Суфиян Аллаһ дінінің алдындағы дәрменсіздігін түсініп, Мекке
сыртына ат шалдырып шатыр тіккен Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
алдына келіп, өзінің Исламға кіргенін жариялайды.
Пайғамбар (с.а.с.) әскері шеру тартып қасиетті Мекке
шаһарына кіріп келе жатқанда, мұсылмандар тарабынан «Кім
қасиетті
Қағбада болса, сол аман қалады, кім өз үйінде отырса,
сол аман қалады және кім Әбу Суфиянның үйінде болса, сол аман
қалады» деп жар салынады.
Сол
бір
күні
әкесінің
Исламға
кіргенін
және
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) оған көрсеткен құрметін естіген
Рамләның қуаныштан жүзі бал-бұл жайнап еді.
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қазасынан кейін Рамлә үйінен ұзап
шықпай,
оңаша ғұмыр кешіп, қалған өмірін ғибадатқа арнады.
Уақыт-сағаты жақындағанда Пайғамбардың (с.а.с.) көзі тірі
әйелдерін шақырып, олармен бақұлдасып, өзінен ағаттық кетсе,
кешірулерін сұрайды. Көп ұзамай һижра жыл санауымен 44-
жылы Мәдина халқы мүміндердің
тағы бір анасын Бақиғ
қорымына шығарып салады. Рамлә анамызға Аллаһ разы болып,
оны Өз рақымына алсын!