152
рұқсат еттік. (Бірақ бұл барлық)
иман келтіргендерге емес,
саған ғана қатысты»
1
, – деген аят түседі.
Осылайша Мәймуна ең ұлы
Адам баласымен отау құрған
мүміндердің соңғы анасы атанады. Келісімді үш күн аяқталған
соң,
«Расында, Аллаһ Өз елшісінің (көрген)
түсін ақиқатпен
растады. (Ей, мүміндер!)
Таяуда сендер, Аллаһ қаласа,
(шаштарыңды)
алдырып тастаған немесе қысқартқан
күйлеріңде әл-Харам мешітіне (ешкімнен)
қорықпастан емін-
еркін кіресіңдер. Аллаһ сендердің білмегендеріңді біліп, одан
(Меккенің ашылуынан)
бұрын жақын бір жеңісті (Хайбар
жеңісін нәсіп)
етті»
2
, – деген Аллаһ
тағаланың уәдесіне сай
бейбіт түрде сахабаларымен бірге былтырғы умраларын өтеген
Пайғамбар (с.а.с.)
Меккені тастап шығып, Сариф деген жерге
келгенде, Мәймуна анамызбен үйлену рәсімін жасайды.
Сөйтіп, Бәрра Пайғамбар (с.а.с.) отбасы мүшелері
қатарына
кіреді және Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен оның арасында ешқашан
келіспеушілік болған емес. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәймуна мен
оның әпкелері жайлы:
Достарыңызбен бөлісу: