деген жүрек түкпірінде жатқан махаббатын жаңғыртады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әбул-Аси үлесіне тиген сахабаларға:
«Егер қаласаңдар, Зәйнәбтің алқасын, мал-мүлкін және
тұтқынын өзіне қайтарып берсеңдер деген едім»
1
, – деп өтініш
білдіргендей сыңай танытты. Бірақ Аллаһ елшісі (с.а.с.) мұны
бұйырмайды да, талап та етпейді. Ал сахабалар:
«Сен үшін, сенің құрметің үшін, уа, Аллаһтың елшісі!» – деп
Зәйнәбқа оның алқасын, мал-мүлкін және күйеуін ешқандай
төлемсіз қайтарып береді. Осылайша Әбул-Аси тұтқыннан
босаған соң Меккеге қайтады. Бірақ бұл жолы Аллаһтың жаңа
үкімінің
(мұсылман
әйелдің
кәпір
күйеумен
тұруға
болмайтындығы)
келуіне
байланысты
Әбул-Асиға
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Исламды қабылдауын яки Меккеге
барғаннан кейін Зәйнәбті қайтаруын талап етіп шарт қояды.
Тұтқыннан босап қайтқан Әбул-Аси үйіне келгенде, Зәйнәб қатты
қуанады. Алайда көп ұзамай оның қуанышы су сепкендей
басылады. Күйеуі Зәйнәбқа:
– Жол жүру керек, – дейді. Зәйнәб:
– Не қайтадан жолға шығуың керек пе? – деп сұрағанда,
Әбул-Аси:
– Жоқ, сенің жолға шығуың керек, – деп жауап береді.
– Не үшін? – деп таңданған Зәйнәбқа ол:
– Бұл менің қолымдағы нәрсе емес, мен әкеңе сені қайтаруға
уәде беріп келдім, – деп мән-жайды түсіндіреді.
Сөйтіп, Зәйнәб жиналып, Мәдинаға жол тартады. Ерлі-
зайыптылық сүйіспеншіліктің иелеріне осылай ақида талабымен
айырылысуға тура келеді.
Әрине, Ислам ерлі-зайыптылар арасындағы сүйіспеншілікті
құптайды және осы нәрсеге шақырады. Алайда ол ақидаға қайшы
келмеу керек, бұл мәселеде жалаң махаббаттың өзі жеткіліксіз.
Сондықтан да мүмін адамның қанша жақсы көрсе де, кәпірмен
1
Әл-Хаким, Мустадрак: 4/44-45, Ибн Сағд, Табақат: 8/31.
158
Достарыңызбен бөлісу: |