бас қосып, тұрмыс құруына хақысы жоқ. Мұсылман отбасында
ақида қайшылығына жол берілмейді.
Зәйнәб Мәдина сапары барысында жолда қарақшылардың
шабуылына ұшырайды. Бұл керуенде Мұхаммедтің қызы бар деп
естіген қарақшылар онда едәуір мал-дүние бар деп ойласа керек,
керуенді шабады. Қарақшылардың басшысы Зәйнәб отырған
күйменің шымылдығын түріп, одан ешқандай мал-дүние
таппаған соң, Аллаһтың пайғамбарының қызын Хаббар ибн
Әсуәд деген жауыз, сұмпайы азғын найзаның дүмімен ұрады. Дәл
сол кезде Зәйнәбтің аяғы ауыр-тұғын. Кейін іштен тиген
соққының ауырлығынан түсік тастап, жатырынан жиі-жиі қан
кететін науқасқа шалдығады. Болған жайт Пайғамбарға (с.а.с.)
жеткенде, ол азғындықтың шыңына шыққан мұндай масқараға не
дерін білмей, жан дүниесі күйзеліп кетеді. Ол кісі мұсылмандарға
Хаббарды тапқан жағдайда Қағбаның дуалына жабысып тұрса да
өлтіруге бұйрық береді. Ал жауыз Хаббар ізін суытып, ұшты-
күйлі қарасын батырады.
Исламды қабылдаудан бас тартып, сүйікті әйелінен айырылған
Әбул-Аси бұл уақытта меккеліктердің есепсіз мал-дүниесін
аманатқа алып керуен шығарып, Шам шаһарына жол тартып
кетеді. Ұтымды сауда жасап қайтқан Әбул-Асидің керуені жолда
мұсылмандардың шабуылына тап болады. Бұл мұсылмандар мен
құрайыш мүшріктері арасында бейбітшілік келісімі түзілмеген,
екі жақ бірін-бірі қандай жолмен болсын тұқыртып қалуға
тырысып отырған Худайбия келісімінен бұрынғы уақиға еді. Зәйд
ибн Хариса (Аллаһ оған разы болсын) басқарған 170
жауынгерден тұратын жасақ Әбул-Аси керуенінің күзетін тас-
талқан етіп, бүкіл керуеннің мал-мүлкін олжалайды. Керуен
күзетіндегі адамдардың қашқаны қашып, құтыла алмағандары
қолға түседі. Бірақ Әбул-Аси ұстатпай кетеді. Оны қолға
түсірмекке ниеттенген мұсылмандар Меккеге қайтар жолды
торуылдағанмен, ол қарасын көрсете қоймайды. Ал қолға түскен
керуен Мәдинаға әкелінеді.
159
Достарыңызбен бөлісу: |