Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет125/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   200
Asyl-analar

 
 
Сол күні түн ортасында Зәйнәбтің есігі қағылады. Ашып 
қараса, күйеуі Әбул-Аси. Оны мұсылман боп келді деп ойлаған 
Зәйнәбтің қуанышында шек жоқ еді. Мән-жайды біле келе, оның 
мұсылман емес, өлімнен бас сауғалап келгендігін ұғады. Соған 
қарамай өжеттілік танытып оны тыныштандырып, үйінен пана 
береді. Таң қылаң бере таң намазына иқамат айтылып, 
мұсылмандар сапқа тұрып жатты. Кенет арт жақтан:
«Мен Әбул-Асиді қорғаныма алдым», – деген әйел даусы 
естіледі. Бұл Зәйнәб еді. Мұсылмандар аң-таң қалады. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) намаз оқып болған соң, сахабалардан:
«Менің құлағым шалған нәрсені сендер де естідіңдер ме?» – 
деп сұрайды. Олар:
«Иә, естідік», – деп жауап берді. Пайғамбар (с.а.с.) сонда:
«Аллаһтың атымен ант етемін! Менің мұнан хабарым 
жоқ еді», – дейді. Осылайша Әбул-Аси әйел кісінің қорғанының 
астында бірде-бір адамның түрткісіне ұшырамай, бүкіл Ислам 
әскерінің алдында Мәдинада жүреді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бұл 
жолы да сахабаларына өтініш ретінде:
«Егер қаласаңдар, керуенін қайтарып берсеңдер», – деген 
лебіз танытады. Сахабалар:
«Сен үшін, сенің құрметің үшін, уа, Аллаһтың елшісі!» – деп, 
Әбул-Асиға бүкіл керуенін мал-мүлкімен қоса қайтарып береді
1
.
Осы күнге дейін мұндай адамгершілік қасиеттері қалыптасқан 
қоғамның куәсі болмаған Әбул-Аси мұсылмандардың бұл 
әрекетінен қатты әсер алады. Мұсылмандар тарабынан 
осыншалықты ізеттілік пен адалдық көрген ол иман келтірмей
мал-дүниесін жиып-теріп, Меккеге аттанып кетеді. Меккеге 
жетісімен керуендегі аманат мүліктерді бір-бірлеп иелеріне 
таратып, үстіндегі пайдаларын қоса беріп болған соң: «Енді 
менде ештеңелерің қалмады ма?» – деп сұрайды. Олар: «Біз саған 
1
Ибн Һишам, Сира: 1/157-158; Ибн Сағд, Табақат: 8/32; Әл-Хаким, 
Мустадрак: 4/45. 


160


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет