Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет153/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   200
Asyl-analar

 
 
атты мүшріктің Умму Умараның ұлына ұмтылып бара жатқанын 
байқаған Пайғамбарымыз (с.а.с.) Нусайбаға: «Балаңды қорға!» – 
деп жанұшыра айқайлайды. Нусайба баласын қорғауға 
ұмтылады. Оны көрген дұшпан атының басын Умму Умараға 
қарай бұрады. Нусайба кейіндеп артқа шегініп кетеді де, мүшрік 
артқа шалт қайырылып, оның ұлына қарсы шабады. Сол кезде 
Нусайба жетіп барып, оның атының аяғын шабады да, мүшрік 
атынан ұшып түседі. Мүшріктің құлағанын көрген Нусайба: 
«Маған көмекке келіңдер», – деп айқайлайды. Жүгіріп келген ұлы 
әлгі дұшпанмен қылыштаса кетеді. Осы сәтті пайдаланған 
Нусайба дұшпанның артқы жағынан келіп, оны шауып өлтіреді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) соғыс біткеннен кейін:
«Қай жағыма қарамайын, сол батырлар бас сауғалап 
қашқан уақытта, қасымда Умму Умараның соғысып жүргенін 
көрдім», – деп айтып жүретін. 
Нусайба денесіне тиген найзалардың ұшы мен қылыштардың 
жүзін елемей, он үш жерінен жарақат алып, киімі қанға 
малынғанша қайсарлықпен шайқас жүргізеді. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) шұңқырға түсіп кеткен сәтте, оны өлтірмекке атын 
қамшылап, өршелене ұмтылғандардың бірі Ибн Қамия болатын. 
Ол орға жақындап келіп, Пайғамбарымызға (с.а.с.) найза 
лақтырады. Сол кезде белгілі сахаба Әбу Дужана (Аллаһ оған 
разы болсын) Аллаһтың елшісін (с.а.с.) қорғап найзаның ұшына 
өз кеудесін тосады. Найза үстіндегі сауытты тесіп өте алмай, 
сахаба аман қалады. Аллаһ елшісіне (с.а.с.) қарата Ибн Қамияның 
үсті-үстіне 
лақтырған 
найзаларынан 
сахабалар 
Пайғамбарымызды (с.а.с.) қасық қандары қалғанша қорғайды. 
Осы сәтте бұл қауіптің алдын алмаққа Нусайба үстінде сауыты 
жоқтығына қарамастан, желең көйлегімен Ибн Қамияға қарсы 
шабады. Ибн Қамияның сілтеген қылышы қайсар әйелдің иығына 
тиіп, соққыдан Нусайбаның топшысының жігі айырылып кетеді 
де, жарақатынан қан шапшыған Умму Умара әлсіреп жерге құлап 


200


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет