Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет154/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   200
Asyl-analar

 
 
түседі. 
Мұсылмандар 
осылайша 
қан 
кешіп 
жүріп 
Пайғамбарымызды (с.а.с.) мүшріктерден қорғап қалады. 
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) Мәдинаға келіп, алдымен сұрағаны 
Нусайбаның жағдайы еді. Бұл кезде Умму Умара жарақатынан 
қан тоқтамай қиналып жатқан-ды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған 
ерекше көңіл аударып, жарақатын емдеудің барлық шараларын 
қарастыруды адамдарға мықтап жүктейді. 
Ухуд шайқасынан үш күннен кейін Аллаһтың елшісі (с.а.с.) 
осы шайқасқа қатысқан мұсылмандардың бірі қалмай, тегіс қайта 
атқа қонуына бұйрық береді. Ислам тарихында бұл жорық 
«Хамра-ул-әсәд» деп аталған. Ауыр жарақатына қарамастан 
Нусайба да әскер сапынан орын алады. Бірақ әскер көп ұзап 
шықпай жатып, Нусайба жарақатының аузы қайта ашылып, 
әлсіреп жерге құлап түседі. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған 
Мәдинада қалуға кеңес беріп, адамдарға оны емдетуді 
тапсырады. Мұсылмандар қосыны қала сыртына шығып, Мекке 
мен Мәдина арасындағы Хамра-ул-әсәд деген жерге келіп, 
мүшріктердің әскерін күтеді. Бірақ қарсы тараптан жаудың 
қарасы көрінбеген соң, мұсылмандар жасағы соғыссыз кері 
қайтады. Бұл әрекеттерімен мұсылман әскері сақтарының 
сынбағанын, жасымағанын, жасқанбай қашанда болсын соғысқа 
әзір екендіктерін дәлелдеген. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға келе сала, тағы ең алдымен, 
Нусайбаның жағдайын сұрастырады. 
Қайсар әйел Нусайба Ислам тарихындағы Байғатур-Ридуан 
деген атпен қалған ризашылық антын қабылдағандардың ішінде 
болған, Пайғамбарымызбен (с.а.с.) қоштасу қажылығына 
қатысқан. 
Кейінірек Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ғұмырының аяқ шенінде 
Йеменнен Мусәйләмә деген бір алаяқ жалған пайғамбарлық 
дағуасымен бүлік шығарады. Бір күні Аллаһ елшісіне (с.а.с.) ол 
былай деп хат жолдайды: 
«Аллаһ елшісі Мусәйләмәден Аллаһ елшісі Мұхаммедке! 


201


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет