Асыл аналар


«Аллаһ тағала періштелерден: «Құлдарым Менен не



Pdf көрінісі
бет161/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   200
Asyl-analar

«Аллаһ тағала періштелерден: «Құлдарым Менен не 
тілейді?» – деп сұрайды. Періштелер: «Олар Сенен 
жаннатты сұрайды», – дейді. Аллаһ тағала: «Олар оны 
көрген бе?» – деп сұрағанда, періштелердің әрқайсысы: 
1
Ахмад, Муснад: 2/431. 


213
 
 
«Аллаһтың атымен ант етемін! Уа, Тәңірім! Олар оны 
көрмеген», – деп айтады. Аллаһ тағала: «Егер олар оны көрген 
болса, не істер еді?» – деп сұрайды. Періштелер айтады: 
«Егер олар оны көрген болса, оған жетуге барынша күш салар 
еді және оған бұрынғыдан да үлкен табандылықпен ұмтылар 
еді. Сондай-ақ оны әуелгіден де көбірек қалар еді», – дейді»
1
, – 
делінген. 
Міне, Умму Зуфар періштелер осылай деп сипаттаған 
пенделерден еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған жаннатты уәде 
еткенде, сұрай келген өтініші болмашы нәрсеге айналып: 
– Сабыр етем, шыдаймын, уа, Аллаһтың елшісі! Аллаһқа мені 
бұдан айықтырмауын сұрап дұға қыл, – деп өтінеді. 
Бірде белгілі ғұлама сахаба Абдуллаһ ибн Аббас (Аллаһ әкесі 
екеуіне разы болсын) шәкірті Ата ибн Әбу Рабахқа:
«Саған жаннаттық бір әйелді көрсетейін бе?» – деп Умму 
Зуфарды көрсетіп, Ибн Әбу Рабахқа оны мен Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) арасында болған әңгімені айтып берген-ді. Міне, 
Абдуллаһ ибн Аббастай ғұлама сахабалар өз шәкірттеріне Умму 
Зуфар сияқты әйелдерді өнеге етіп айтатын. Шынында да, 
түсінген адамға бұл әйелдің әңгімесі өнеге қылуға, үлгі етуге 
тұрарлық емес пе?! 
Ол жаннатты аңсап, оған жетудің жолында жанын жегідей 
жеген науқасқа да сабыр қылуға бел шешкен. Уақытша 
ауыртпалықты көтеріп, Аллаһтың мәңгілік сыйына ұмтылған. 
Бүгінгі күні болмашы қиыншылыққа шыдамай, жаннат жолынан 
тайқып кететін мұсылмандарға осындай мәңгілікке ұмытылмас 
нәзік жандар үлгі болмақ. Әсіресе әйел-қыздарымыз үшін олар 
аса қастерлі өнеге болмақ. Мұсылман ұрпаққа осындай өшпес із 
қалдырған Умму Зуфарға Аллаһ разы болсын! 
1
Әт-Тирмизи, Дағуат: 129. 


214


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет