Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет158/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   200
Asyl-analar

 
 
«Сағд ибн Муғаздың өлімі себепті Рахманның аршы 
шайқатылды», – деген
1
.
Руфайда тек Сағд қана емес, жарақат алған барша мұсылман 
жауынгерлерге бәйек болып, олар үшін аяғынан тік тұратын. 
Шатырының бар шығыны, азық-ауқаты мен қажеттіліктері 
Руфайданың өз мойнында болатын. Ол Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
арқа сүйеген әйелдердің бірі еді. Міне, бұл – нағыз мұсылман 
әйелдің өнегесі. Аллаһ оған разы болсын! 
1
Әл-Бұхари, Манақиб әл-ансар: 12; Муслим, Фадаил әс-сахаба: 123-125. 


208
 
 
ХАНСА (АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) 
«Егер таңертең, Аллаһ қаласа, аман-есен тұрсаңдар, 
жауларыңа қарсы жігерлене шабыңдар! Соғыстың қызғанын 
көрсең-дер, оның ортасына кіріңдер. Құрмет-абыроймен 
жеңіске жетіп, мәңгілік бақи мекенге қол жеткізіңдер»
Ислам тарихында тіпті Исламнан да бұрын танымал атақты 
ақын әйел. Хансаның есімі – Тумадир. Хансаны Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) тіпті араб халқының даңқты ақыны Имрулқайстан жоғары 
қоятын. Бір риуаятта хабар етілуінше, Ади ибн Хатим:
«Имрулқайс – біздің бірінші ақынымыз», – дегенде, Аллаһ 
елшісі (с.а.с.): «Керісінше, Ханса оның алдында тұрады», – 
деген. 
Ханса поэзиясының шоқтығы оның жәһилият кезінде ағасы 
Сахрды жоқтап шығарған жыр шумақтарында көрінеді. Әлі күнге 
дейін араб поэзиясында осы жоқтаулардың алар орны ерекше. 
Оның жоқтауларында «Төңірегімнің бәрі жылап-сықтаған 
адамдар болмағанда, өз-өзімді өлтірер едім» деген мағынадағы 
өлең жолдары кездеседі. Ханса бұл жыр шумақтарына жүрегінің 
мұң-шерін, көңіл зарын арқау еткен. 
Ал Ислам дәуірінде Сағд ибн Әбу Уаққастың (Аллаһ оған 
разы болсын) парсыларға қарсы жүргізген Қадисия шайқасында 
Ханса төрт бірдей ұлын ұрысқа шығарып салып тұрып: 
«Балаларым менің, шын мәнінде, сендер өз еріктеріңмен дінге 
кіріп, өз ықтиярларыңмен қоныс аудардыңдар. Одан өзге құдай 
болмаған Аллаһпен ант етейін! Сендер – бір әйелдің 
ұлдарысыңдар. Ешқашан әкелеріңе қиянат жасаған емеспін, 
нағашыларыңды да ұятқа қалдырған жоқпын. Тектеріңді 
былғамадым, нәсілдеріңді өзгертпедім. Сендер кәпірлерге қарсы 
соғыста Аллаһ мұсылмандар үшін әзірлеген сыйды білесіңдер ме? 
Біліп қойыңдар, бақи мекен фәни мекеннен қайырлы.
Аллаһ тағала:


209


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет