212
УММУ ЗУФАР
(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН)
«Сабыр етем, шыдаймын, уа, Аллаһ-тың елшісі! Аллаһқа мені
бұдан айықтырмауын сұрап дұға қыл».
Умму Зуфар Хадиша анамыздың күтушісі болатын.
Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлық міндет жүктеліп, адамдарды
Исламға үндей бастағанда өз ханымының күйеуі
жалған
сөйлемейтін, ақиқатқа ғана шақыратын адал кісі екенін білетін
Умму Зуфар Аллаһқа
иман келтіріп, жаңа сенімді қабылдайды.
Умму Зуфардың көп жылдардан бері мазалайтын ұстамалы
жүйке ауруы бар еді. Осы ауруы
ұстағанда Умму Зуфар есінен
танып жығылып, қалтырап-дірілдеп қатты қиналатын. Науқасы
жанына батқан ол бірде Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп,
Аллаһтан өзін бұл дерттен айықтыруын сұрауды өтінеді.
–
Менің ұстамалы жүйке ауруым бар. Мені бұдан
айықтыруын сұрап Аллаһқа дұға қыл, уа, Аллаһтың елшісі! –
дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған:
–
Қаласаң, (науқасыңа)
сабыр қыл, саған жаннат бұйырады.
Егер қаласаң, сені айықтыруын сұрап Аллаһқа дұға етейін, –
дейді
1
.
«Жаннат» деген сөзді естігенде, Умму Зуфарға жанын жегідей
жеп, қор қылып жүрген сырқаты дәнеңеге тұрмай қалады. Ол
жаннатты аңсап, оған жету жолында барлық қиыншылыққа төтеп
беретін Исламның алдыңғы буын өкілдерінен болатын. Бір
хадисте:
Достарыңызбен бөлісу: