Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет171/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   200
Asyl-analar

 
 
шарттарына көніп, екеуі бас қосады. Зубәйр ибн Аууам өте 
кеңпейіл, ашыққол, дәулетті кісі еді. Атика үшін Омармен 
кешкен тәркідүниелік, жұпыны өмірден кейін молшылық пен кең 
тұрмыстың есігі ашылады. Зубәйр да Атиканың аталмыш үшінші 
шартына қынжылыс білдіретін. Өйткені ол өте қызғаншақ адам-
тұғын. Сұлу да сымбатты Атиканың қайсарлығымен бұл шартқа, 
амал жоқ, көнсе де, әр кез сұлу әйелі мешітке шығарда оның 
қызғаныш сезімі оянатын. Атиканың мешітке шығуын тоқтату 
үшін бірде Зубәйр бір қулық ойлап табады. Мешіт маңында 
«Сақифат бәну сағида» деп аталатын бір бастырма болатын. Бір 
күні Зубәйр сол бастырманың артына барып жасырынып
Атиканың мешітке қарай өтуін тосып тұрады. Атика өте 
бергенде, жылдамдата келіп, оның ту сыртынан құшақтап, сосын 
жібере салып, жүзін көрсетпей қашып кетеді. Ызаланған Атика:
«Бері кел, ей, Аллаһтың дұшпаны! Қолың кесілгір!» – деп 
айқайлап қалады. Зубәйр түк болмағансып үйіне келіп отырады. 
Әдеттегісінен ертерек оралған Атикаға дәнеңе білмегенсіп:
«Неге ерте қайттың? Намазға бардың ба өзі?» – деп 
сұрайды. Ашуланып, ызаға булыққан Атика:
«Аллаһтың атымен ант етейін! Адамдар бүгінде бұзылыпты. 
Мұнан кейін мешітке шықпаймын», – деп, осы жайттан кейін 
үйінің ең түпкі бөлмесіне кіріп намаз оқитын болған. 
Қай уақытта, қай кезде болсын мәселе ар-ождан, абыройға 
келіп тірелгенде, мұсылман әйелдері сол үшін бар нәрседен бас 
тартатын. Нағыз мұсылман әйел ар-абыройына дақ түсуінен 
осылай сақтанатын. 
Атика мен Зубәйрдің бір-біріне деген сүйіспеншілігі шексіз 
еді. Екеуінің бақытты өмір кешуі мұсылмандар арасында үлкен 
бүлік тудырған «Жәмәл» шайқасы бас көтергенге дейін 
жалғасады. Осы «Жәмәл» шайқасында Зубәйр ибн Аууам Әли 
ибн Әбу Талибқа (Аллаһ оған разы болсын) қарсы шыққан Айша 
Әбу Бәкірқызының басшылығындағы әскердің ішінде болады. 
Бірақ шайқасқа қатыспай, кері қайтып кетеді. Зубәйр қайтып келе 


228


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет