Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет173/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   200
Asyl-analar

ҒҰМЫР КЕШКЕН ӘЙЕЛДЕР 
Фатима Абдул-Мәлик ибн Маруанқызы 
Уммул-Бәнин Абдул-Азиз ибн Маруанқызы 
Зубәйда Жағфарқызы 


230
 
 
ФАТИМА
АБДУЛ-МӘЛИК ИБН МАРУАНҚЫЗЫ
(АЛЛАҺ ОҒАН РАҚЫМ ЕТСІН) 
Ол өзінің бар мал-мүлкін, бұйымдарын, қымбат бағалы 
киімдерін мұсылмандардың ортақ қазынасына өткізіп, күйеуінің 
талабына сай өмір сүруге көнді. 
Фатиманың әкесі – умәуилер мемлекетінің халифасы Абдул-
Мәлик ибн Маруан. Бұл кісіге белгілі сахаба әйел Умму Дарда:
«Әңгіме айтуда және кісіні тыңдауда сенен асқан жан 
көрмедім», – деген. 
Ал белгілі ғалым Шағби ол жайлы:
«Мен сұхбат құрған адамдардың ішінде құрметке лайық біреу 
болса, ол – Абдул-Мәлик», – деп айтқан. 
Сондай-ақ Ибраһим ибн Ади Абдул-Мәлик ибн Маруанның 
басынан өткен бір оқиғаны баяндай отырып, оның салмақтылығы 
мен ұстамдылығына таңырқап:
«Мен Абдул-Мәликтің басына бір түн ішінде төрт бірдей іс 
түскенін көрдім. Сонда да оның реңі өзгерген жоқ. Сол түні 
Ирактың әмірі Ғұбайдуллаһ ибн Зияд пен Хижазда Хубайш ибн 
Дәләжә өлтіріліп, Рим патшасымен достық келісім бұзылды және 
Дамаскіде Амр ибн Сағид оған қарсы шықты», – деген. 
Абдул-Мәлик ибн Маруан басына бір түнде осыншама іс 
түскенде, міз бақпай, мәселелерді ақыл-парасат таразысына 
салып шешетін. Бұл – нағыз мұсылмандар басшысының бейнесі. 
Халифа Абдул-Мәлик сөзге шешен, әсіресе, әдебиет өнеріне 
өте жетік болатын. «Байсалды сөйлесе де, қалжыңдаса да, тілді 
шұбарлап бұзбайтын төрт адам ғана бар» деп көрсетеді ғалым 
Асмағи. Ол көрсеткен бұл төрттікке: Шағби, Хажжаж ибн Юсуф 
әс-Сақафи және Ибн Қариалармен қатар Абдул-Мәлик ибн 
Маруан да жатады. Фатима осындай өрелі халифаның отбасында 
дүниеге келіп, әке тәрбиесінде бойжетеді. Сондай-ақ Фатиманың 


231


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет