Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет172/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   200
Asyl-analar

 
 
жатқанда, соңынан Амр ибн Журмуз деген кісі аңдып, оны 
қапыда қастандықпен өлтіреді. Әлиге жағыну үшін Амр ибн 
Журмуз оған Зубәйрдің басын алып келеді. Оның бұл ісіне 
күйініп кеткен Әли адамдарға:
«Оның тозақта болатынын ескертіңдер!» – дейді. Сахабалар 
арасындағы ерек тұлға, жарық жұлдыз Зубәйр ибн Аууам осылай 
өлтіріледі. 
Зубәйр өлтірілген соң адамдар: «Кім шәһид болғысы келсе, 
Атикаға үйленсін», – деп айтатын болды. Ал Атика үшін үш 
бірдей арыстан айырылу оңайға соқпайды. Зубәйрдің өлімінен 
кейін оңашаланып қалады. Десе де, оны айттырып келушілердің 
аяғы толастамайды. Бір күндері оны халифа Әлидің өзі айттырып 
келеді. Атика оған:
«Сен сияқты ердің беті қайтарылмас, бірақ бір аласапыранда 
шәһид болсаң, тағы бір арыстан айырылып қан жылап қалам ба 
деп қорқамын», – дейді. Атика ыңғай бермеген соң, Әли оны 
қыстамайды. 
Тағы бір күндері оны Пайғамбар (с.а.с.) отбасының мүшесі, 
ұлы тұлғалардың бірі Хусейн ибн Әли (Аллаһ әкесі екеуіне разы 
болсын) айттырып келеді. Атика оған да Әлиге айтқан жауабын 
бергенде, Хусейн:
«Мен саған шәһидтік іздеп келіп тұрмын», – дейді.
Атика оған келісімін беріп, тұрмысқа шыққан соң, екеуі біраз 
уақыт тату-тәтті жұбайлық өмірді бастарынан өткереді. Алайда 
көп ұзамай Карбала деген жерде мұсылмандарды ақиқатқа 
қайтару үшін өзін осы күреске арнаған Хусейн шәһид болады. 
Осы жорықта Атика да бар еді. Оның көзінше қаскөйлер 
тарабынан Хусейннің басы шабылып, өлтіріледі. Осылайша 
Атика тағы бір арысты жоқтап қан жұтып қалады. Ол 
осыншалықты ауыр қайғыны көтере алмастан, көп ұзамай 
дүниеден қайтады. Аллаһ оған разы болсын! 


229
 
 
V. БӨЛІМ 
 
ХАЛИФА САРАЙЫНДА ӨНЕГЕЛІ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет