257
иелерін қадір тұтуымен, кедей-кепшікке
көп көңіл бөлуімен
танымал болған игі әйел еді», – деген болатын.
Расында да, атасы патша, күйеуі патша Зубәйда жайлы
адамдар «Зубәйдадай атақ-абыройға, даңқ-құрметке ие болған
әйел жоқ», – деп айтатын.
Оның өмірі аббасилер мемлекетінің тоғыз халифасымен
тікелей байланысты: ұлы –
Мұхаммед Әмин, күйеуі – Һарун
Рашид, өгей ұлы – Абдуллаһ Мамун және оның ұлдары Уафиқ
пен Мутауаккил, немере ағасы – Мәһди, атасы – Мансур, әкесінің
немере ағасы – Әбулаббас әс-Саффах және немере ағасының ұлы
– Һәди. Зубәйда осы аталмыш халифалардың сұлтандықтары
кезінде өмір сүреді. Аббасилер мемлекетінің жетпіс үш адамы
халифалық таққа отырса, сол жетпіс үш адамның үшеуінің ғана
аналары араб әйелдері еді. Олар: Әбулаббас әс-Саффах, Әбу
Жағфар Мансур және Зубәйданың ұлы – Мұхаммед Әмин.
Баласы халифа болған әйел ретінде
оның қадір-қасиеті ылғи да
жоғары қойылатын. Сонымен қатар Зубәйда аббасилердің
арасындағы білімді, ар-ибалы, мәдениетті, тақуа әйелдерден еді.
Құран, хадис ілімдерін оқып меңгерген, сөз шеберлігіне жетік
әдебиетші әрі ақын болатын.
Алғашында Зубәйданың өмірі ысырапқа толы еді. Һарун
Рашид оған үйленген кезде
ұлан-асыр мереке жасағаны
соншалық, бұл той халифалық сараймен шектеліп қана қоймай,
қаланың барлық көшесіндегі жұртқа ас беріледі. Бұл тойдың
жалпы шығыны елу бес миллион дирһамды құраған. Әрине,
мұнда үлкен ысырапқа жол берілген. Мұндай үлкен мол қаражат
халифаның тойына емес, ел игілігіне жұмсалуы тиіс еді.
Бірде Зубәйда қызметкерлеріне жібектен барлық жан-
жануарлар мен аң-құстардың бейнесі түсірілген кілем тоқуды
бұйырады. Кілемді тоқу барысында
бұл бейнелердің барлығы
алтын жіптермен кестеленсе, олардың көздері інжу-жақұт
тастармен безендіріледі. Сөйтіп, бұл кілемнің шығынына бір
миллион динар жұмсалады.