Аббасилер халифалығының кезеңінде мұсылман әйелдердің
киім үлгісін түрлендіріп, өзгерткен де Зубәйда болатын деген
әңгімелер де айтылады. Ол белбеулері мен кебісіне дейін
әсемдеп, әшекейлеген. Сән-салтанатқа мұншалықты құмар бұл
әйелдің бір киімі елу мың динардан асып кететін.
Сол тұстағы аббасилер сән-салтанаттан еш нәрсе аямайтын
және сонымен қатар білім мен мәдениетке де аса көп көңіл
бөлетін.
Халифа сарайында Зубәйданың кіріс-шығысын есептейтін бір
кісі болатын. Ол есеп беру кезінде қазынадан ажыратылған екі
жүз мың ақшаның орнын шығара алмай қалған соң,
жемқорлықпен айыпталып абақтыға жабылады. Басына іс түскен
есепші орны шықпаған қаражатты өтей алмаған соң, ел ішінде
құрмет, абыройға ие достары – Иса ибн Фулән мен Сәһл ибн
Саууахты араға салады. Бұл кісілер достарын арашалау үшін
әуелі Зубәйданың кіріс-шығыс бөлімін басқаратын бас есепші
Дауд деген кісіге келе жатқанда, оларға мемлекеттің белді
тұлғаларының бірі, Мәһдидің уәзірі Файд ибн Әбу Салих
жолығып қалады. Файд ибн Әбу Салих бұл екеуінен:
– Жол болсын! Қайда бара жатырсыңдар? – деп жөн сұрайды.
Олар:
– Жолдасымызға ара түсіп, оны абақтыдан шығарып алу
жайлы сарайдың бас есепшісіне келеміз, – дейді. Ол:
– Менің сендермен бірге баруымды қалайсыңдар ма? –
дегенде, екеуі қуана мақұл көріп, оны өздерімен ертіп алады.
Иса ибн Фулән, Сәһл ибн Саууах және Файд ибн Әбу Салих
үшеуі Даудқа келеді. Олар Даудтан бұл мәселенің шешімін
сұрағанда, ол: «Бұл менің қолымдағы нәрсе емес, мұны Зубәйда
шешеді. Мен Зубәйда Жағфарқызымен ақылдасып көрейін», –
деп оған хат жазып жібереді. Зубәйда Даудтың бұл хатына:
«Қазынадағы
қаржының
орны
толтырылмайынша,
босатылмасын», – деп жауап жазады. Иса мен Сәһл Зубәйданың
жауабын оқып, үміттерін біржола үзеді. Бірақ Файд ибн Әбу
259
Достарыңызбен бөлісу: |