Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет192/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   200
Asyl-analar

 
 
Жәһилияттағы арабтар Хатиммен мақтанса, мұсылмандар, 
жомарттықта Абдуллаһ ибн Жағфармен мақтанатын. 
Абдуллаһ оны қарсы алып, үйіне түсіреді. Келген мақсатын 
білген соң, оған: «Уа, Қайстың ұлы! Сенің қылмысың өте ауыр. 
Сорың құрғыр! Олардың сені қалай іздеп, қалай қолға түсіруге 
ұмтылып отырғандарын білсең ғой! Сенің өлеңдерің құлақтарды 
елітті, өзінің әдемілігі, әсемдігі, жүректерге әсерлілігімен 
адамдарды жаулады. Саған қорған болу менің қолымнан 
келмейді. Қолымнан келгенде, қашпас едім», – деп ойланып біраз 
отырады. Сосын барып: «Десе де, саған текті, парасатты әйел 
Абдул-Азиз ибн Маруанның қызы Уммул Бәнинге хат жазып 
берейін. Абдул-Мәлик бір жібісе, соған жібиді», – дейді. 
Расында да, Абдул-Мәлик Уммул Бәнинді өте қатты жақсы 
көретін, оның ешқандай тілегін кері қақпайтын. Осыны білетін 
Абдуллаһ ибн Жағфар ақын Ғұбайдуллаһқа араша сұрап, Уммул 
Бәнинге хат жазады. Уммул Бәнин қолына тиген хатты оқиды. 
Сөйтіп, Абдул-Мәликтің алдына кіреді. Абдул-Мәлик одан: 
– Бір өтінішің бар ма еді? – деп сұрайды. 
Уммул Бәнин: 
– Иә, көке! Сізге бір өтінішпен келдім, – дейді. 
Абдул-Мәлик өте сезімтал жан-тұғын. Оның не үшін келгенін 
бірден біліп: 
– Сенің кез келген өтінішіңді орындаймын. Тек Ғұбайдуллаһқа 
қатысты болмаса болғаны, – дейді. 
Уммул Бәнин: 
– Уа, мүміндердің әміршісі! Өтінішімді орындасаң, «тек» 
деген сөзді қоспай орында, – дейді. 
Халифа оны өзі сақтанып отырған нәрсеге ара түсетінін білген 
соң, қатты ашуланып Уммул Бәнинді шапалақпен салып 
жібереді. Қарындасы бетін басып жылап қалады. Оның 
жылағанын көріп, көңілі жібіген Абдул-Мәлик шыдап тұра 
алмай: 


255
 
 
– Бетіңнен қолыңды ал. Сенің кез келген өтінішіңді 
орындайын. Тіпті Ғұбайдуллаһқа ара түсіп келсең де, – дейді. 
Уммул Бәнин: 
– Уа, мүміндердің әміршісі! Сенен осыны сұрауымды өтініп, 
Абдуллаһ ибн Жағфар хат жолдапты. Сенің кешірімділігіңді, 
жүрегіңнің кеңдігін біліп, Ғұбайдуллаһқа амандық беруіңді өтініп 
келдім, – дейді. 
Абдул-Мәлик бұл істе сүйікті қарындасы Уммул Бәнин мен 
Абдуллаһтай әйгілі адам ара түскендіктен, олардың меселдерін 
қайтарғысы келмей: 
– Жарайды. Оның қанын саған тарту етемін, – дейді Уммул 
Бәнинге. 
Ұзамай Ибн Қайс халифаның алдына келіп кешірім сұрап, оны 
мадақтап өлең жолдарын арнайды. Ол Уммул Бәнин мен 
Абдуллаһты мақтап өлеңдер шығарады. 
Міне, осындай халифалар ортасында өмір сүрген, ағасы, 
күйеуі халифа Уммул Бәнин пәни дүниенің қызығына бой ұрмай, 
иман мәселесінде, халық қызметінде, жомарттықта теңдессіз әйел 
үлгісін көрсете білген еді. Аллаһ оған рақым етсін! 


256


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет