қарсы көтеріліс бастайды. Мамунның бұйрығымен оның уәзірі
Таһир ибн Хусейн өз басшылығында үлкен қол жинақтайды.
Көтерілісті басу мақсатымен Әминнің уәзірі Әли ибн Иса ибн
Маһан да әскер дайындап жатады. Бұл һижраның 195-жылы
болатын. Мұхаммед Әмин әскерінің қолбасшысы Әли ибн Иса
Абдуллаһ Мамунның көтерілісін басу үшін аттанып бара
жатқанда, бұл уәзірді Зубәйда шақырып алып, егер Мамунды
жеңе қалған жағдайда былай етерсің деп кеңес береді:
«Мүміндердің әміршісі менің ұлым болса да, оған көңілім
барынша бұрып тұрса да, шын мәнінде, мен Мамунге, оның
басына төнген зұлымдық үшін жүрегім бұрып тұр. Менің ұлым
патша, өз билігінде бауырымен таласқа түсті. Адамдар оны
қолындағы билікпен алдады. Жомарт оның етін жейді, ал басқа
басын жалмайды. Сен Абдуллаһтың тақта құқығы бар екенін
білесің. Қандай болған күнде де Абдуллаһ – біздің туысымыз, ол
– менің баламның бауыры. Оның тақтағы және туыстық құқығын
құрметте! Оны кемсітетін сөздер айтпа! Сен – оның теңі емессің.
Оған құлдарша мәміле жасама! Оған ешқандай бұғау, кісен,
шынжыр сияқтыларды салма. Оны қызметкерлерінен айырма!
Оны жол азабына душар етпе! Онымен қатар жүріп не алдына
түспе, кейін жүр! Одан бұрын атқа отырма! Атының тізгінін
қолыңа ал! Егер сені балағаттаса, қарсы жауап қатпа!» – деп
Зубәйда мықтап тапсырып тұрып, уәзірдің қолына күміс арқан
ұстатып: «Егер ол қолға түсе қалса, мына арқанмен байла», –
дейді.
Көтерілістің нәтижесінде Әминнің әскері жеңіліс тауып,
мұның ақыры Әминнің Бағдатта өз қамалында қоршауға алынып,
өлтірілуіне алып келеді.
Һижраның 198-жылы Әмин өлтіріледі. Ұлынан айырылған
байғұс ана оның өліміне қайғырып, баласын жоқтап, көз жасымен
қатар жүрегінен жыр шумақтарын төгеді.
Мұхаммед Әминнің қазасынан кейін Зубәйданың алдына
кешірім сұрап, оны жұбатып, өгей ұлы Мамун келіп: «Сіз көп
265
Достарыңызбен бөлісу: |