Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет195/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200
Asyl-analar

 
 
Салих Даудқа: «Абақтыдағы есепшінің қарызын мен төлейін, оны 
босатыңдар», – деп сұранып хат жазады. Бұл хатты да Дауд 
Зубәйда Жағфарқызына жібереді. Зубәйда қолына тиген хатты 
оқыған соң, бас есепшіге: «Мұндай кеңпейілділікке Файд ибн 
Әбу Салихқа қарағанда, мен лайықтырақпын. Файд ибн Әбу 
Салихқа мал-дүниесін хатымен қосып қайтарып беріңдер, ал 
есепшіні абақтыдан босатып, мұндай нәрсені қайталамауын 
тапсырыңдар», – деп сәлем жолдайды. 
Зубәйда Жағфарқызының бойынан атақ-абыройы мен беделіне 
шаң жұқтырмайтын осындай сақилық пен мәрттік те бой 
көрсететін. 
Зубәйда Жағфарқызы күйеуі Һарун Рашидпен һижраның 186-
жылы қажылық сапарға шығады. Жол барысында Зубәйда 
қажылардың бұл ғибадатты орындауларында көп қиындыққа тап 
болатындығын байқайды. Қажылыққа келген мұсылмандар 
әсіресе Минаға барғанда су тапшылығынан қиналатын, қажетті 
суларын ондаған дирһамға сатып алуға мәжбүр болатын, кейде 
судың құны бір динарға дейін көтерілетін. Өйткені Зәмзәм суы 
Харам мешітінің аумағында ғана еді. Зубәйда осы жайтты 
көзімен көреді. 
Ол қажылық рәсімдерін орындап болған соң, арнайы 
мамандарға үздіксіз таусылмай шығып тұратын жерасты су 
қорларын іздеуді тапсырады. Нәтижесінде, мамандар судың ең 
жақын қайнар көзі он мильдей қашықтықта екенін анықтайды. Ол 
жерден суды канал арқылы әкелейін десе, оларға тау бөгет етеді. 
Сонда Зубәйда оларға: «Тауды бұзыңдар!» – деп бұйырады. 
Қасиетті мекенге сырттан су алып келу үшін жартастарды бұзу
тауларды үңгу жұмыстары басталып та кетеді. Бұл жұмыстың 
жауапкершілігін бас-аяғына дейін Зубәйда өз мойнына алып, бар 
шығынын өзі көтермек болады. Есептеп келгенде, мұндай алып 
жобаның шығыны екі миллион алтын динарды құрайды. Бұл 
соманы бүгінгі күннің ақшасына шақсақ, жүздеген миллион 
долларға тең келмек. 


260


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет