Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет3/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   200
Asyl-analar

 
 
– Дініміздің алғашқы қарлығаштары – сахабалардың бірінің 
есімі аталған кезде «ради Аллаһу ъанһу(һа)» (Аллаһ оған разы 
болсын) сөзін айту керек. Жинақта сахабалардың да аттары өте 
көп ұшырасатындықтан, оларға қатысты өрбитін әңгімелерде де 
уақиғаның басында ғана кейіпкерге тілек-дұғалық жазылып, 
олардың мәтінде кездесетін есімдеріне дұға айту оқырманның 
өзіне қалдырылды. 
– Сахабалардан кейінгі буын өкілдерінің есіміне қосылып 
айтылатын «рахимаһу Аллаһ» (Аллаһ оған рақым етсін) деген 
дұғалыққа да сахабаларға қатысты қолданған тәсіліміз 
пайдаланылды. 
Әңгіме арнасында келген Пайғамбардың (с.а.с.) хадистері 
түсінікке жатық болу үшін өз аясында өрбітіліп, кеңейтіліп 
жазылды және хадистердің сенімді-сенімсіздігіне қатысты 
оқырман көңілінде күдік-күмән туындамауы үшін сілтеме 
арқылы олардың түпнұсқасы көрсетілді. 


7
 
 
КІРІСПЕ 
Ең әуелі ғаламдардың Раббысына мадақ! Одан соң Аллаһтың 
ардақты Пайғамбарына, оның отбасы мен барлық сахабаларына 
салауат пен сәлем болсын! 
Адамдар әйелдің құқықтары төңірегінде таласқа түсіп, 
Исламға, оның әйелге берген игіліктеріне қарсы шабуыл жасап 
отырған бүгінгі заманда осы тақырыпты таңдауымыздың себебі, 
шын мәнінде, Ислам дінінің әйелді қандай нығметтерге бөлеп, 
оған деген қоғамдық көзқарасты қалай өзгерткеніне тереңірек 
үңіліп, көз жүгірту. Мұны жалаң баяндама түрінде емес, әңгіме-
қисса, әйелдер жеткен жоғары дәрежелерді анықтап беретін 
тарихи мысалдар арқылы көрсетуді жөн көріп, тарих қойнауына 
бойладық. 
Исламға дейін тарих сахнасындағы әйелдің рөлі қандай еді? 
Мәселен, гректерде әйел баласын басыбайлы саудаға салатын. 
Ал римдіктер үшін әйел заты қалтарыста қалған, барлық 
дүниеден мақрұм еді. Оны ақылының, ой-өрісінің келтелігінен 
деп санайтын. Француздарға келер болсақ, Исламның келуі 
былай тұрсын, тіпті бертінде ғана 1586-жылы бұл елде «Әйел 
адам ба, жоқ әлде басқа бір мақлұқ па?» деген тақырыпта 
конференция өткізіліп, ұзақ әрі қызу тартыстың нәтижесінде 
«Әйел – адам, бірақ ол тек еркектің қызметі үшін ғана жаралған» 
деген байлам жасалды. Француз төңкерісіне дейін ол мемлекетте 
әйел баласы ешкім болып саналмайтын. Революция орнағаннан 
кейін де заң бойынша әйел ешқандай келісімшарт түзуге (сатуға, 
сатып алуға, меншік иесі болуға т.с.с.) құқылы емес-тін. Бұл 
жағдай 1938-жылға дейін өзгеріссіз қалды. Ал ағылшындарда 
1805-жылдарға дейін мемлекеттің заңы бойынша ер адамға өз 
әйелін сатуға рұқсат етілетін. Бүгінгі күні өркениет сатысының 
шыңына шығып отырған америкалықтарда ХХ ғасырдың басына 
дейін әйел және әйел құқығы аяққа тапталып келген. Олар 1920-
жылы ғана әйелге өз құқығын берген. 


8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет