Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет7/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   200
Asyl-analar

 
 
Сәләма бұл істі жеңілге санап, Пайғамбарымызға (с.а.с.) өзі 
бастап сахабалардың алдында құрбан шалып, шашын алдыруға 
кеңес береді. Оның кеңесімен Пайғамбар (с.а.с.) солай 
жасағаннан кейін ғана сахабалар келіссөздің қайтарылмас 
шешімге айналғанына көзі жетіп, жапа-тармағай құрбан шалып
шаш алдырып, ихрамнан шығуға кіріседі.
Кейіннен Аллаһтың елшісі (с.а.с.): «Олардың маған 
бойсұнбағандықтары үшін құрып кетулерінен қорықтым»
1
, – 
деп айтып жүрген. Осы қауіптің алдын алған парасатты әйел, 
анамыз Умму Сәләма еді. 
Біз – әйелдердің әр ғылым саласында да табысқа жеткенінің 
куәсіміз. Ислам әйелді барлық салада өнеге етті. Олардың 
арасынан хадис, фиқһ және басқа ғылым салаларынан көптеген 
ғалым аналар шыққан. 
Бізге әйелдердің дін жолындағы күреске қалай атсалысқаны да 
мәлім. Мұсылмандарды қорғау, дін тарату, қайырымдылық 
шаралары, жақсылыққа үндеу секілді істердің барлығы да 
әйелдердің қажырлы еңбегі арқылы жүзеге асқаны және осы 
өнегелі дәстүрдің күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқандығы 
ақиқат. 
Бүгінгі мұсылман әйелдер Батыстың рухы азып-тозған
адасқан әйелдеріне еліктеп, солардың соңынан ергеннен гөрі 
Шығыстың мәңгілік үлгіге ие қайраткер әйелдерінің өмір жолын 
түсініп, соларға ілессе, әлбетте, тура жол табары анық. Біз бұл 
әңгімемізде салиқалы, арттарына өшпес із қалдырған нәзік 
жандардың өнегесі, үлгілі істері «әйел тек үй істеріне міндетті» 
деген түсініктен үстем екенін көрсетуді мақсат еттік. Өкінішке 
қарай, бүгінгі мұсылмандардың көпшілігінің санасында «әйел тек 
үй тірлігі, бала тәрбиесімен айналысуы тиіс» деген түсініктің 
бекіп қалғандығын мойындау керек. Әрине, үй жауапкершілігі – 
1
Әл-Бұхари, Шурут: 15. 


12


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет